Талдықорған: +15°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ МИТИНГІЛЕР ӨТУІ МҮМКІН. БАС ПОЛИЦЕЙ ЕСКЕРТЕДІ

18 қаңтар 2022
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ МИТИНГІЛЕР ӨТУІ МҮМКІН. БАС ПОЛИЦЕЙ ЕСКЕРТЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев халыққа үндеу жолдады. Бұл туралы «Жетісу» газетінің сайты хабарлады.

— Өздеріңізге белгілі, біздің облыс аумағында террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі сақталуда. Сонымен қатар, 19 қаңтардан бастап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында облыстың барлық аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілетін болады. Әлеуметтік желілерде кейбір жеке тұлғалар ертең, яғни, 19 қаңтарда заңсыз митингілер мен шерулерге қатысуға шақыруда. Осыған байланысты сіздерге митингілерді ұйымдастыру және өткізу талабы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңымен реттелетінін жеткіземін, — деді Серік Күдебаев.

Департамент басшысы митингіні ұйымдастырушылардан жергілікті атқарушы органдарға бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы тиісті хабарламалар мен өтініштер түспегенін атап өтті.

— Тиісінше, заңды бұза отырып жүргізілетін бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оған қатысу құқыққа қайшы болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүретін болса, қылмыстық жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша көзделеді, — деп толықтырды Алматы облысының бас полицейі.

Полиция департаментінің бастығы халықты қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырды.

— Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ, оларға жол бермеу жөнінде заңда көзделген шараларды қабылдайды. Осы жағдайларға байланысты Крещение христиан мерекесін тойлау кезіндегі жаппай шомылудан бас тартуды ұсынамыз, — деді Серік Күдебаев.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:31
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Бүгін, 12:26
Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Бүгін, 12:20
Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Бүгін, 12:15
«Жетісу» алғашқы ойында жеңді

«Жетісу» алғашқы ойында жеңді

Бүгін, 12:15

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.