Талдықорған: +11°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ВИЦЕ-МИНИСТР ҚАЙТА ЖӨНДЕЛГЕН ҚЫЗЫЛАҒАШ СУ ҚОЙМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

23.12.2021
ЭКОНОМИКА
ВИЦЕ-МИНИСТР ҚАЙТА ЖӨНДЕЛГЕН ҚЫЗЫЛАҒАШ СУ ҚОЙМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Он бір жылдан кейін Қызылағаш су қоймасы қайтадан іске қосылды. Тоспаны «ҚазСуШар» кәсіпорны  жөндеуден өткізді. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Бөгетке 42 миллион текше метр су сияды. Тоспаның биіктігі – 55 метр. Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылы наурыздың 12-де  толассыз жауған қар мен жаңбыр салдарынан су қоймасы жарылып, Қызылағаш ауылын сел алып кеткен еді. Қайғылы оқиға салдарынан 45 адам қаза тапты. Бес жүзге жуық баспана жарамсыз болып қалған. Сол су бөгеті қайтадан жөндеуден өткізіліп, пайдалануға ұсынылды.

Су қоймасын ашуға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов арнайы келді. Аталмыш бөгет апатты жағдайдан кейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің келісімімен облыс әкімдігінің қаулысы бойынша «ҚазСуШар» РМК балансына берілген.

2016 жылы іргетасы қаланған қойма заман талабына сай салынған. Өткен жазда мұнда 30 миллион текше метр су жиналған.  Астық егу маусымында оның біразы шаруашылыққа пайдаланылды. Серік Салауатұлы су қоймасының талапқа сай жасалғанын айта келіп, тоспада бүгінде 8 мың текше метр су барын жеткізді. Ол қауіпсіздік шараларының барлығы қарастырылғанын, су көбейе бастағанда қосымша каналдар іске қосылатынын жеткізді. Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру жұмыстары 2016-2019 жылдары аралығында жүргізілді. Жоба құны – 5,6 млрд. теңге. Бас мердігер – «ҚазСуШар» РМК Алматы филиалы.

«ҚазСуШар» мемлекеттік мекемесі Алматы филиалының ақпараты бойынша, Қызылағаш су бөгетіне баратын 12 шақырым жол толық жөнделіп, 16 шақырымдық электр желісі тартылған. Су қоймасын қалпына келтіруге 4 жыл уақыт кеткен. Жобаның құны – 5,6 миллиард теңге. Төрт жылда «Бөгеттің қазаншұңқырын дайындау»,  «Тоннельдік сушығарғыштың құрылысы», «Апаттық сушығарғыштың құрылысы», «Бөгетті сумен жабдықтау және кәріз пайдалану учаскесі», «Су іркуіш су торабы» сынды он шақты жоба бойынша жұмыстар істелді. Өткен жылы қойманың суы шаруашылықтарға сынақ негізінде беріле бастады. Биыл жаздан бастап егіншілікпен айналысатын шаруаларға су қайта жіберіледі. Қойма автоматтандырылған жүйемен іске асырылды. Бүгінде қойманың суы 1,4 мың гектар алқапты суаруға пайдаланылуда. Бар мүмкіншілікті пайдаланып, су арықтарын жан-жаққа тартқанда 7 мың гектар астық алқабы өмір нәрімен қамтамасыз етіледі. Биыл  бірнеше шаруа  қожалығы аталмыш бөгеттің суын пайдаланып, тоспаны іске қосу сынамасынан өткізілді.  Алдағы жылы жиналған су астық, қант қызылшасы, бақшалық өнім, картоп өсіруге пайдаланылмақшы.

Ақсу ауданындағы іссапардан кейін  ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов Ескелді ауданына барып, суару жүйелерінің жұмысымен танысты. Үш жыл бұрын аудан шаруашылықтары «Асатай» ЖШС мердігер ұйымымен келісімшарт жүргізіп, нәтижесінде 4262 гектар ағын су арығы қалпына келтірілді. Жоба бойынша барлығы 292 шақырымдық 88 каналды қайта жаңарту жоспарланған.

Серік Салауатұлы «Нам» шаруа қожалығының суару жүйелерінің жұмысымен танысты. Мердігерлер Ислам Даму Банкі арқылы Ақсу, Алакөл, Көксу аудандарында да сурау жүйелерін қайта жөндеуден өткізбекші.

Гүлжан ТҰРСЫН

Ақсу, Ескелді аудандары

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

04.05.2026
PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

04.05.2026
Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

04.05.2026
Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

04.05.2026
Конституция күні қазақстандықтар қалай демалады?

Мамыр айындағы демалыс күнтізбесі

04.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.