Талдықорған: +43°C
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

СҮЙЕГІ АСЫЛ, ЖҮРЕГІ ЖҰМСАҚ

01.10.2021
КҮЛТӨБЕ
СҮЙЕГІ АСЫЛ, ЖҮРЕГІ ЖҰМСАҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Елеулі де мерейлі сексен жасына толған Нағима Таласбаеваны Жетісу өлкесінің тұрғындары жақсы таниды. Көксу ауданындағы Ерікті ауылында дүниеге келген. Жұмыс бабымен Кеген өңірінде тұрақтап қалғанына жарты ғасырдан асып барады. Бар мәнді ғұмырын өнерге арнап келе жатқан сүйегі асыл, жүрегі жұмсақ, тілегі алтын ананың өмірдегі, өнердегі соқпағы бір-бір кітапқа жүк боларлық әңгіме.


– Ол кезде Талдықорған өз алдына облыс орталығы еді. Жергілікті баспасөзге облыстық драма театрына жұмысқа шақырған хабарландыру шықты. Ішінде өзім бар, бір топ қыз жүрегіміз лүпілдеп, қобалжып театрға бардық. Мектепті жаңа бітірген кезім. Ештеңеден хабарым жоқ. Не керек, сынақтарынан өтіп кеттім. Қазақстан Халық әртістерінің, еңбек сіңірген әртістерінің ортасына түстім. Театр директоры Сағымбек Рақышев ҚР еңбек сіңірген әртісі Райса Тәшбаеваға мына қызды тәрбиелейсің деп тапсырды. Сөйтіп, облыстық драма театрына жұмысқа тұрдым. Сол кездегі халық әртістері Шолпан Бакированы, Әбдіғұмар Тәметовті қалай ұмытайын? Ағаларымыз бен әпкелеріміз қыздарындай көріп аялады. Мен де өзімнің жолымды, жөнімді біліп, үлкендерге көмегімді тигізіп жүрдім. Алғаш эпизодтық көріністерге шыға бастадым. Кейін шағын рөлдерді бере бастады. Осылайша облыстық драма театрындағы еңбек жолым басталып кетті, – дейді Нағима ана. 

Жарқын өмірде екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновті әрдайым құрметпен есіне алып отырады. 1959 жылы Талдықорғандағы драма театры Қызылордаға қоныс аударды. Сол тұста Нұрмолда ағаның шақыртуымен Мұқыры ауылының өнерін өрлетуге, театр құруға атсалысты. Бұл да болса жетелі басшының облыстық драма театрында тәжірибе жинақтаған, сергек те сезімтал, іскер де еңбекқор жас қыздың бойындағы дарынын, қабілет-қарымын лайықты бағалағандығы еді. Нұрмолдадай басшы Нағимаға ауылдағы кітапханашының штатымен еңбекақы төлетіп, театр құруы үшін барлық қолайлы жағдайды жасады. Еңбекқор қыз да уақытын текке өткізген жоқ. Ауылдың көркемөнерпаздар үйірмесіне  шаруашылықтағы механизатор, сауыншы, жұмысшыларының, мамандарының арасынан лайықты адамдарды тартты. Ауылдың өз театрын құрды. Нағима бастаған өнерлі топтың жұмысын, аяқ алысын сол кездегі республикалық Мәдениет министрлігіне қарасты халық шығармашылығы орталығының адамдары көріп, бағалап жүрді. Мұқыры ауылдық театры халықтық атағын алу үшін көп еңбектенді. Қызылордадан бірлі-жарым белгілі әртістер қайта оралып, көмектерін тигізді. Сөйтіп Нағима бастаған театр ұжымы М. Әуезовтің «Айман-Шолпан» және Б. Тәжібаевтың «Ана жүрегі» атты қойылымын сахнаға шығарды. Спектакльден кейін берілетін кең бағдарламалы концерттерін әзірледі. Көп ұзамай Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында театрдың халықтық атағын қорғады. 

– Біз іргетасын қалаған Мұқыры халық театры әлі жұмыс істейді. Менің бір айтайын дегенім, есімде ерекше қалғаны Нұрмолда ағамыздың өнерге деген көзқарасы болды. Көзі тірісінде өнерді жоғары қоя білді. Ауылдардың мәдениеті мен өнерін өркендетуге мол үлесін қосты. Мұқыры ауылының өзінде екіқабатты Мәдениет үйін, мектеп ғимаратын салдырды. Ауруханада жатса да арасында келіп, театрдың халықтық атағын алуға арналған қойылымын көрді. Министрліктен Әбіш Кекілбаев арнайы келіп өнерімізді тамашалады. Жоғары бағасын берді. Бұл менің өмірімде ерекше есімде қалған жемісті жылдарым болды, – дейді Нағима анамыз өткен күндерін тебірене есіне алып.

Білікті режиссер, айтулы әртіс, бірегей ана Нағима Бейсекқызы Таласбаеваның мағыналы ғұмырының басым бөлігі Кеген халық театрымен біте-қайнасып келеді. 1970 жылы өмірлік серігі, өнердің өз адамы Жұмаш Әлдибеков екеуі республикалық халық шығармашылығы орталығының жолдамасымен Кеген ауылына келді. Мұнда да театрдың шаруасымен айналысты да кетті. 1967 жылдары құрылып, бір жылдан кейін халықтық атағын алып, содан соң тарап кеткен, бір адамы жоқ театрды қайта қалпына келтіру оңайлыққа соққан жоқ. Жұмаш аға жетекші, Нағима тәтеміз режиссер болып жүріп, Кеген халық театрын аяғынан тұрғызды. Көптеген қиындықтарды бастарынан өткізді. Кішкентай балапандарын сенімді үйлерге табыстап, айлап өнер сапарына шыққан кездері, баспаналары жоқ өнер иелерін үйлеріне жатқызған кездері де аз болмапты. Жалпы, Нағима Бейсекқызы режиссер болып еңбек еткен Кеген халық театры Бүкілодақтық І, ІІ және ІІІ фестивалінің лауреаты атанды. Ш. Айтматовтың «Алғашқы мұғалім», М. Әуезовтің «Қаракөз», «Еңлік-Кебек», Қ. Аманжоловтың «Досымның үйленуі», «Қаракөз қарындасым» секілді қойылымдарын сахнаға шығарды. Осы еңбектері үшін театр 1971 жылы республикалық халық театрларының байқауында І дәрежелі дипломға ие болды. 1975 жылы аталған театр «Таллин – 75» атты Эстонияда өткен халықаралық «А» копелла хор конкурсына қатысып, тағы да І дәрежелі дипломмен марапатталды. 1977 жылы Бүкілодақтық ІІ театр фестивалінде драматург Оралхан Бөкеевтің «Құлыным менің» атты драмасын көрсетіп, «Кіші алтын» медалін олжалап қайтты. Театрдың өнердегі үлкен жеңісі 1987 жылы орын алды. Театр ұжымы Алматы қаласындағы М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында Тәкен Әліпбаевтың «Даладағы дүбір» атты спектаклін қойып,  Бүкілодақтық ІІІ театр фестивалінің лауреаты атанып, «Үлкен алтын» медаліне ие болды. Республикалық Мәдениет министрлігі «Кубань» автобусын сыйға тартты. Театрдың бірлі-жарым мүшелері баспаналы болды. Жағдайлары жақсара түсті. Театр ұжымы республикалық халық шығармашылығы орталығының жолдамасы арқылы Жамбыл, Қызылорда, қазіргі Түркістан облыстарында, Өзбекстанның қазақ тұрғындары қоныстанған аудандарында, Қырғызстанда өнер сапарымен болды. 

– Кеген халық театрының жұмысын жақсы жолға қойып, арасында Көксу ауданындағы азаматтардың арнайы шақыруымен туған ауданыма да шапағатымды тигізіп қайттым. «Көксу» атты этнографиялық-фольклорлық ансамбль құрдық. 25 адамнан құралған ансамбль 1979 жылғы қаңтар айында Бүкілодақтық фольклорлық ансамбльдер конкурсына қатысып, лауреат атанды. ГДР-дың құрылғанының 30 жылдығына орай Германияның бірнеше аудандары мен қалаларында ұлтымыздың өнерін ұлағаттадық. Салт-дәстүрімізге қатысты дүниелерді көрсете жүрдік. Осынау еңбегіміз үшін республикадан Мырзатай Жолдасбеков алғысын айтты. Алғаш ансамбльдің жұпыны аспаптармен концерт дайындап жүргенін көрген Өзбекәлі Жәнібеков Дәркембай Шоқпаров басқаратын «Мирас» орталығы арқылы ұлттық аспап түрлерімен қамтамасыз етіп берді. Бұл да болса өмірімде ерекше есте қалған мәдени, рухани әсеріне, шапағатына толы ұмытылмас шақтарым болып қала берді, – дейді Нағима анамыз өткен күндеріне көз жүгіртіп. 

Кеген өңірінің көнекөз тұрғындары «Тоғызбұлақ толқындары» атты фольклорлық-этнографиялық ансамблін ұмыта қойған жоқ. Оның да құрылуына негіз қалаған Нағима анамыз. Тоғызбұлақ атты колхоз дүрілдеп тұрған кезінде ауылдың өнері өрге жүзді. Мәдениеті де кезең келбетіне сай дамыды. Аталған ансамбльді құрған кезде сырттан арнайы мамандар шақырылған жоқ. Өңірден шыққан Қызай Бейсенов, Тілеу Бошықов секілді білікті музыка мамандары ансамбль үшін аянбай еңбек етті. Терлерін төкті. Білімдері мен тәжірибелерін жұмсады. Халық театрының жанынан құрылған «Тоғызбұлақ толқындары» фольклорлық-этнографиялық ансамблі 1988 жылы Польшадағы Зеленогор қаласында өткен халықаралық  фольклорлық ансамбльдер конкурсына қатысып, І дәрежелі дипломмен және «Үлкен алтын» медалімен марапатталды. 

Кеген халық театры тәуелсіздігіміздің қиындықтары, өтпелі кезеңдері артта қалған 2000 жылдардан кейін кең тыныс алып, өрелі өнерін Жетісу жеріне паш ете бастады. Нағима анамыз режиссер болып еңбек ететін халық театры 2002 жылы Талдықорған қаласында өткен аудан күнінде М. Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектаклін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сол тұстағы облыс әкімі Шалбай Құлмахановтың өзі қойылымға жоғары бағасын беріп, «ПАЗ» маркалы автобусты сыйға тартты. Театрдың бұл қойылымы туралы республикалық «Егемен Қазақстан», облыстық «Жетісу», «Алатау»  газеттері жылы лебіздерін білдірді. Көп ұзамай 2004 жылы М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында Мәдениет министрлігі ұйымдастырған халық театрларының байқауында М. Шамқаловтың «Қайын ене мен келін» атты комедиясын қойып, көптің ризашылығына бөленді. 

– Өнердің жолында, соған берілген, соған арнаған ғұмырымда көптеген қиындықтарды да бастан өткердік. Ашты-тоқты жүрген кездеріміз болды. Кейде клубқа түнеген сәттеріміз де кездесті. Сөйтіп жүріп халық театры атағын қорғадық. Бастан өткен қызықты жайттар да жетерлік. Өнер сапарымен Шымкент жақта жүргенімізде бір ауылға келдік. Алдын ала хабарланып қойылған. Спектакль басталатын кезде ешкім жоқ. Түнгі сағат 22-ге қарай адамдар тұс-тұстан қаптап келді. Отыратын орын қалмады. Сөйтіп, көңіліміз орнына түсті, – дейді режиссер анамыз өзіне тән ашық мінезімен күліп қойып. 

Нағимадай өнер иесі бар ғұмырын арнаған Кеген халық театрының құрылғанына 53 жыл болды. Содан бері қарай театр елуге тарта қойылымды сахна төріне шығарды. Соған орай атақ-дәрежеден, сый-құрмет, марапат-шарапаттан да кенде болған жоқ. Осыдан аз уақыт бұрын Кеген ауданы өз алдына қайтадан қалпына келген тұста ауданның мерейлі 90 жылдығында театр ұжымы, оның режиссері Нағима Таласбаева сахна төрінде  облыс әкімі Амандық Баталовтың қолынан жаңа шағын автобустың кілтін алды. Үлкенге ізетті, кішілерге қамқор, ақпейіл, қамкөңіл, жаратылысының өзі тұла бойына мол дарын, ерекше қабілет сыйлаған айтулы өнер иесі, әйгілі ананың да еңбегі өтелді. Нағима ананың өткен ғасырдағы 1959 жылы облыстық драма театрында еңбек ете бастағаннан бергі осы күнгі уақытты қоссақ, алпыс жылдан астам өмірін театрға арнапты. Әлі де қатардан қалған жоқ. Қазіргі Кеген халық театрындағы жастардың ақылшы анасы, тәрбиелеуші данасындай. Нағима Таласбаева Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, одан кейін Райымбек, Көксу аудандарының Құрметті азаматы атанды. «Ерен еңбегі үшін» және «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. Бірнеше мерекелік медальдің иесі болды. Қазақ КСР-нің 60 жылдық мерекесіне арналған Қазақ энциклопедиясында «Халық творчествосын өркендетуге қомақты үлесін қосқан және алғашқы халық театрының режиссері Таласбаева Нағима Бейсекқызы», – деп орынды жазылған. Нағима ана  2015 жылы аудан әкімінің «Жыл адамы» аталымына ие болды. Толағай өнер иесі режиссерлік еткен халық театры 2014 жылы облыс әкімінің Алғыс хатына және «Үздік театр» аталымының кубогына ие болды. 

– Ауданымыздағы халық театрына әр жылдары мол үлестерін қосқан Жаңыл Сабаншиева, Тоқтарбай Бірімжанов, Жақсылық Әбдіраманов, Сержант Жетпісбай, Сәрсехан Қонақбаева, Берік Салқынбаев, Бақыт Сәлімбаева, Гүлфия Сәлімбаева, Ұлан Нұрақынов, Аманкелді Ысқақ, Бақыткелді Әкімбеков, Бақытжан Құсайынов секілді көптеген өнер иелерінің аттарын орнымен айтамын. Жүрекжарды алғысымды білдіремін. Сексен жас деген оңай деймісің, кейбірінің аттарын ұмытып қалдым, – дейді ана ешкімді бөліп-жармайтын жақсы қасиетімен. 

Театрда режиссер болып еңбек еткен айтулы нәзік жан – отбасында екі ұлы мен бір қызын, олардан тараған немере-шөберелерін аялаған, аймалаған жүрегі жұмсақ, мейірімді ана. Өнерден қолы босаған сәттерінде сүйікті ісі – қолөнермен айналысады. Шебер, ісмер он саусағынан шыққан құрақ көрпелер, қыз жасаулары, тоқыма бұйымдары көрген жанды тамсандырмай қоймайды. Әз ана, айтулы ананың ұлтымыздың қолөнерімен айналысатыны туралы республикалық, облыстық телеарналардан арнайы хабарлар беріліп келеді. Нағима ана құрылған шағынан бастап еңбек еткен театр ұйымшыл, кілең жастардан құралған. Нағимадай айтулы өнер иесінен тәлім алған, тәрбиесін көрген, ақыл-кеңесіне қанығып келе жатқан жастардың да алар асуы, шығар биіктері алда. Біз соған қуанамыз әрі сенеміз! Сексеніңіз шалдықтырмай, тоқсан мен жүздің төріне аяңдай беріңіз, асыл ана!

Қанат БІРЖАНСАЛ 
 

Қатысты жаңалықтар

Скрининг арқылы 114 мыңнан астам ауру ерте анықталды

Скрининг арқылы 114 мыңнан астам ауру ерте анықталды

17.07.2026
Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» атты фестиваль өтеді

Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» атты фестиваль өтеді

17.07.2026
Қаратал ауданындағы экологиялық рейд

Қаратал ауданындағы экологиялық рейд

17.07.2026
«Семей орманындағы» өрт: қазіргі уақытта не белгілі?

«Семей орманындағы» өрт: қазіргі уақытта не белгілі?

17.07.2026
Елімізде 42 градусқа дейін ыстық болады

47 градусқа дейін ыстық: «Қазгидромет» 15 өңірге ескерту жариялады

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.