Талдықорған: +11°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПАНДЕМИЯ САЛДАРЫНАН 68 КОМПАНИЯ КІРІСІН ЖОҒАЛТҚАН

01.02.2021
ОН САУСАҚ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ПАНДЕМИЯ САЛДАРЫНАН 68 КОМПАНИЯ КІРІСІН ЖОҒАЛТҚАН
WhatsAppTelegramFacebook

«Жетісу медиа» ақпараттық алаңында өткен брифингте Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов өткен жылғы атқарған жұмыстарын баяндап, карантин кезеңінде аймақ кәсіпкерлеріне қандай қолдау көрсетілгені туралы айтып берді. Оның айтуынша, пандемия салдарынан 68 компания кірісін жоғалтып, толығымен жабылған. Бұл туралы «Жетісу» газеті мәлімдеді.

Оның айтуынша, облыстық палата өткен жылы экономиканың ең көп зардап шеккен салаларын анықтау үшін облыс кәсіпкерлерінің 48.1 пайызын құрайтын 7348 бизнес субъектісінің қызметіне талдау жүргізілген. Нәтижесінде, аталған кәсіпорындарда 5,6 мыңнан астам қызметкер немесе жұмысшылардың жалпы санының 6,6 пайызға жуығы қысқартылғаны анықталған. 9 мыңға жуық қызметкер немесе қызметкерлердің жалпы санының 10,5 пайыз жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберіліпті.

Былтыр облыстық палата жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңір кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларын  көрсетті. Осыған орай, шағын және орта кәсіпкерліктің 690 субъектісі коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беру төлемін төлеуден босатылса, 119 мыңға жуық бизнес субъектісі салықтық ынталандыру алып, 641 шағын және орта бизнес субъектісіне несие бойынша жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ, 77 сауда үйі, базар және ойын-сауық орталығының басшыларымен жалға беру шарттарын қайта қарап, 6,5 мың жалға алушының жалдау ақысы 30-дан 90 пайызға дейін төмендетілген. Мұнымен қоса, 20 мыңнан астам кәсіпкер infokazakhstan.kz порталы арқылы өз қызметін қайта бастаған.

Кәсіпкерлердің құқығы мен мүддесін қорғау бағыты бойынша да ауқымды жұмыс атқарылыпты. Былтыр облыстық палатаға заңды тұлғалардан 233 өтініш түсіп, оның 88-і оң шешім тапқан.

– Өтініштердің басым бөлігі мемлекеттік сатып алу және жер қатынастары мәселесіне қатысты, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне, салық, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мәселеге қатысты шағымдарда кездесті. Біздің қолдауымыздың арқасында 1,2 млрд.теңге мөлшерінде бизнестің мүліктік құқықтары қорғалды, бұл 2019 жылға қарағанда екі есе артық, – деп атап өтті Әсет Шаяхметов.

Бүгінде кәсіпкерлердің түйткілді мәселесін шешіп, құқығын қорғауға облыстық палатының жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес айтарлықтай ықпал етіп келеді.

Былтыр кеңес отырыстарында 16 мәселе қаралып, оның 10-ы оң нәтижемен шешілген. Кәсіпкерлердің құқығын бұзған уәкілетті органдардың 5 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, «Атамекен» «Бизнестің жол картасы – 2025» және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы өңірдегі 16 мыңнан астам бизнес өкіліне кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы 17,5 мың сервистік және консультациялық қызмет көрсетілсе, 1,3 мың жоба мемлекеттік қолдау аясында 5,8 млрд.теңге мөлшерінде, ал «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негізіне оқыту жобасын тамамдаған қатысушылардың 2039 жобасы 1,8 млрд.теңге көлемінде қаржыландырылған. Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен несиелендіру белсенді жүргізілуде. Бағдарлама аясында бәсекеге қабілетті өндірістер құру, халықтың мұқтаждығын қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының импортын көбейтуге бағытталған  құны 74,8 млрд.теңге болатын 252 жоба жүзеге асырылуда.

– Осы бағдарлама бойынша қазіргі таңда екінші деңгейлі банктер мен Аграрлық-кредиттік корпорация тарапынан жалпы сомасы 45,7 млрд.теңге болатын 181 жоба мақұлданды, – дейді облыстық палата директоры.

«Атамекен» қызметінің маңызды бағыттарының бірі – адами капиталды дамыту. Әсет Шаяхметов кәсіп иелері кәсіпорындар жанынан оқу орталығын құру көмегімен және Дуальді оқытудың жол картасына қатысу арқылы маман жетіспеушілігі мәселесін шешіп жүргеніне де тоқталды:

– Өңірлік палатаның қолдауымен облыста 80 оқу орталығы ашылды. Олар жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие 46 кәсіп пен мамандық бойынша даярлауды жүзеге асырады. 2020 жылы оқу орталықтары базасында 2536 адам қысқа мерзімді оқытудан өтті, оның ішінде 2272 адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, кәсіпорындардың дуальді оқыту аясында «тапсырыс бойынша» кадрларды дайындауға мүмкіндігі бар. Жалпы, Дуальді оқытудың жол картасына облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің 3225 оқушысы, 23 колледж бен 344 кәсіпорын 28 мамандық, 47 біліктілік және 9 сала бойынша енгізілді, – деп атап өтті ол.

Қай қырынан келсек те өткен жылғы қиын-қыстау жағдайда жұмыс бағытын дұрыс әрі жүйелі жүргізе білген облыстық кәсіпкерлер палатасы көп жетістікпен жылды қорытындылады. Алдағы жоспары да ауқымды. Ол жайлы баспасөз мәслихатының соңында журналистер сұрағына жауап берген Әсет Шаяхметов толыққанды айтып берді.

Қажет АНДАС

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

27.03.2026
Діннің қоғамдық маңызы және орны

Діннің қоғамдық маңызы және орны

27.03.2026
ТМРК: тарифтік саясат теңдестірілген және әлеуметтік бағдарланған болады

ТМРК: тарифтік саясат теңдестірілген және әлеуметтік бағдарланған болады

27.03.2026
Отан алдындағы борышын өтеген жастарға құрмет көрсетілді

Отан алдындағы борышын өтеген жастарға құрмет көрсетілді

27.03.2026
Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

27.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.