Талдықорған: +9°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

БІЗГЕ ОТАНДЫҚ САПАЛЫ КӨШЕТ МАТЕРИАЛЫ ҚАЖЕТ

09.10.2020
ОН САУСАҚ
БІЗГЕ ОТАНДЫҚ САПАЛЫ КӨШЕТ МАТЕРИАЛЫ ҚАЖЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Отандық агроөнеркәсіп кешенінде сапалы көшет материалына қатысты мәселе түйткілді күйінде қалып отыр. Негізгі салалардың бірі болғандықтан жергілікті тұқым  және көшет шаруашылығында кездесетін түрлі проблемалар ауылшаруашылығының белсенді түрде дамуына кедергі келтіруде. Бұл проблеманы шешу жолдары қандай? Осы мәселе төңірегіндегі түрлі сауалдарға фермер әрі ауылшаруашылығы инвесторы Бекет Әбішев жауап берді.

– Кез келген жер иесінен отандық тұқымдар мен көшеттерге қатысты ойын сұрасаңыз, көпшілігі ашық түрде сенімсіздік танытатынын айтады немесе пікір білдіруден қалыс қалады. Олар қазақстандық көшеттік өнімдерге сеніңкіремей көшет материалын шетелден алғанды жөн көреді. Осыған қатысты не айтасыз?
Б. Әбішев: – Бұл жерде фермерді түсінуге болады. Ол өзінің табан ет, маңдай терімен жасаған еңбегінің ақталғанын, кеткен қаражаттың мейлінше жоғары табыс әкелгенін қалайды. Сондықтан,  импорт тауарына жүгінеді. Бірақ, мұндай шешімнің үнемі сәтті бола бермейтінін ұмытпау керек. Мәселен, көшетті өсіру бойынша көрсетілетін ғылыми көмек сапасыз болуы мүмкін немесе оның шеттен сатып алған көшет материалдары біздегі климаттық жағдайларға бейімделмеуі мүмкін. Ал бұл дегеніңіз арзан нәрсе емес қой?! Оның үстіне, кей кездері көшет алу үшін кезекке тұру керек болады. Биоқауіптердің барын да ұмытпау қажет. Әрбір фермердің өз-өзіне қожайын екені түсінікті жайт. Алайда, біз бәрімізге бірдей табиғи ортада тұрып жатырмыз. Егер қандай да бір індет келсе, осы аймақтағы фермерлердің бәрі де зардап шегеді. 
Отандық көшеттіктердегі өнімдердің импорттан әлдеқайда арзан болғанына қарамастан елдегі тұтынушы нарықтың 80 пайызын шеттен әкелінетін көшет материалдары құрайды. Жыл сайын қазақстандық ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер импорттық көшеттер алу үшін 50 миллион доллардан артық ақша жұмсайды. 
Б. Әбішев: Ұзақ мерзімге бағытталған бұл жағдайдағы ең қауіпті нәрсе – біздің импортқа тәуелділігіміз бен отандық тұқым және көшет шаруашылығының алдағы түсініксіз тағдыры екені анық.  Кеңестік селекциядағы он жылдаған жұмыстың нәтижесін біз Одақтан өзімізге мұра ретінде алып қалдық. Бірақ аталған қорды пайдаланып, тиімді түрде дамытуды біз сол күйі үйрене алмадық. 
Отандық көшеттік өнімдерін қатаң сертификаттауды енгізуге қатысты заңнамалық базаның жоқтығы да маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Бекет Әбішев шетелдік тәжірибені қолдана отырып, мұндай қызметтің баламасын бізде де құру керек деп есептейді. 
Б. Әбішев: Фермерлердің отандық көшет өнімдеріне сенімсіздік танытуының басты себептерінің бірі – сапаның тұрақсыздығы. Бұл әртүрлі сұрыпқа да, ауруға да қатысты. Еуропада мұны қатаң түрде сертификаттау тәртібімен жолға қойған. Ол жақтағылар сапалы көшет материалының тұтастай ауылшаруашылығының іргетасы екенін, ал сапалы іргетас қалау үшін бәріне мұқият әрі ұқыпты болу керектігін жақсы түсінеді. Мәселен, Нидерландта NAK сертификаттық қызметінің инспекторы үлкен абыройға ие. Ол көшеттік қызметінен қандай бір нормалар мен стандарттарға сай келмейтін жайттарды байқаса, сол бойда аталған ұйымның жұмысын тоқтата алады. Бізге осы тәжірибені өз елімізде енгізу керек. Стандарт пен сертификат дегеніміз – бірінші кезекте тәртіптің, сапаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Демек, сенім мен сұраныс та артады. 
Бекет Әбішев отандық көшеттіктер проблемасын бірден шешуді және тұтас салаға ғана емес, жалпы облыс тұрғындарына ғылыми-өндірістік орталықтардың құрылысы арқылы көмектесуді ұсынады. 
Б. Әбішев: Ғылыми-өндірістік орталықтар төмендегі маңызды міндеттерді орындауы тиіс. Атап айтар болсақ, сапалы көшет материалын өндіріп, өз өнімін бейіндік институттардың білімімен жетілдіруі қажет және жергілікті тар шеңберде мамандандырылған кадрларды құруы керек. Өндіріс in-vitro технологиясына негізделеді, яғни өсімдік зертхана жағдайында микроклональді түрде көбейтіліп, әрі қарай топыраққа отырғызылады. Бұл донор өсімдіктің миллиондаған клонын өндіруге арналған ең заманауи және технологиялық әдіс. Аталған әдіс материалдың жоғары деңгейдегі біркелкілігін көрсетеді. Түзілу ұлпасы дақылдарын пайдаланғандықтан бұдан алынатын көшеттер мүлде вируссыз болады. Нәтижесінде, біз батыс өнімдерінен кем түспейтін, жергілікті бағаға сай, толығымен вируссыз отандық көшет материалына ие боламыз. 
Аталған ғылыми- өндірістік орталық құрылысына Түркия, Италия және Германиядағы ірі көшет материалын өндірушілерді шақыру көзделіп отыр. 
Б. Әбішев: Құрылыс жұмыстары аяқталып, орталық іске қосылған соң шетелдіктер үйлеріне бірден кетіп қалмайды. Келісім бойынша, олардың мамандары жергілікті кадрларды оқытады. Орталық толығымен автономды болған кезде ғана олар жобадан шығады. Осылайша, біз экстернді түрде, жұмыс режимінде аталған салаға қажетті мамандарды дайындап шығарамыз. 
– Орталықта өндірілетін өнімдерді кімдер тұтынады?
Б. Әбішев: – Ғылыми-өндірістік орталық құрылған соң, елде бар көшеттіктерден бөлек, орталықпен тікелей жұмыс істейтін жаңа 40-50 көшеттіктің іргетасын қалау жоспарлануда. Осылардың жалпы өнімі елдегі ішкі сұранысты толығымен қанағаттандырып қоймай, өнімді   60 пайызға дейін экспорттауға мүмкіндік береді. 
Осының нәтижесінде аталған сала ауылшаруашылығы өндірісіне қатысты маңызды нәрселердің бәріне ие болады. Салалық кадр резерві жаңа мамандармен толықса, облыс жұмыс орындарымен қамтылған жоғары технологиялы, ғылымды қажетсінетін кәсіпорынға иелік етеді.

Ақырыс БӨКЕНБАЙҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

27.03.2026
Діннің қоғамдық маңызы және орны

Діннің қоғамдық маңызы және орны

27.03.2026
ТМРК: тарифтік саясат теңдестірілген және әлеуметтік бағдарланған болады

ТМРК: тарифтік саясат теңдестірілген және әлеуметтік бағдарланған болады

27.03.2026
Отан алдындағы борышын өтеген жастарға құрмет көрсетілді

Отан алдындағы борышын өтеген жастарға құрмет көрсетілді

27.03.2026
Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

27.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.