Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ СЕРІКТЕСТІК

20 маусым 2020
КҮЛТӨБЕ
ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ СЕРІКТЕСТІК
WhatsAppTelegramFacebook

Кеген ауданында картоп отырғызу жұмыстары сәтімен аяқталып келеді. Аудан бойынша 2500 гектар жерге таулы өлкенің өнімділігі мол дақылы отырғызылды. Бұл ретте аудандағы картоп өсіру бағытындағы бірден-бір серіктестік – «Қарқара өңімдері» ЖШС-нің атына жылы лебіз білдіруге болады. Олар  былтыр  Оңтүстік Кореялық компаниямен бірлесіп, 40 гектар жерге голландиялық «Санте»  атты сортты тұқым өсіріп, 800 тонна өнім алған еді.


Серік Нұрлыбаев басқаратын серіктестік биыл көктем маусымында ұйымшылдықпен жұмыс жүргізіп, 60 гектар жерге картоптың супер-элиталық «Санте», «Силиване» атты тұқымын отырғызды. Оның сыртында 400 гектар жерге арпа себілді. Серіктестіктің 180 гектар көпжылдық шөп алқабы да жақсы көтеріліп келеді. Күзде 400 гектар алқапқа күздік бидай себуді жоспарлауда. 

–  Мамыр айының 20-жұлдызына дейін көктемгі науқандық жұмыстарымыз толық аяқталатын болады. Механизаторлар мен жұмысшыларға  қолайлы жағдай жасалған. Олар Қарқара ауылындағы трактор, техника алаңы мен картоп қоймасы орналасқан орталық жанындағы асханадан уақытылы тамақтанады. Картоптың әр гектарынан  300 центнерге дейін өнім айналады деген үмітіміз бар, – дейді «Қарқара өнімдері» ЖШС директорының орынбасары Ерқанат Жұмахан. 

Рас, Қарқара өңірінің  картобын қайта түлетіп жүрген серіктестіктің әлеуеті жоғары. Шетелден алынған заманауи қуатты трактормен, техникамен қамтылған. Егіс жұмысы жаңа технология бойынша жүргізіледі. Германиядан әкелінген «ARION 640» маркалы қуатты тракторға тіркелген картопты отырғызатын агрегат бір мезгілде із салып, картоп тұқымын дәрілеп, отырғызып шығады. Картопты тасымалдап, отырғызып, шаруаларына елеулі үлестерін қосып жүрген Ермек Қоңырқұлжаев, Қырықбай Шажабаев, Әли Ракишев, Әлім Тойлыбаев секілді бесаспап механизаторлардың аттарына жылы лебіз білдірген артық емес. Олар Қарқара жерінің шырайын кіргізіп, жыл сайын жайнатып картобын, толқытып бидайы мен арпасын өсіріп жүр.

Қанат БІРЖАНСАЛ 

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
Алакөлде «АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Алакөлде «АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.