Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«СҰҢҚАРДЫҢ» САМҒАУЫ

25 сәуір 2020
КҮЛТӨБЕ
"СҰҢҚАРДЫҢ" САМҒАУЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жаркент қаласының іргесіндегі «Сұңқар» атты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің темірбетоннан жергілікті құрылыс материалдарын шығара бастағанына он жылға жуық уақыт болыпты.


Бетоннан іргеблоктар, су жолдарына, құбырларға қажет қуыс бетон бұйымдар, олардың қақпақтары, су жолдарына салатын дайын арықтар, сплинтер кірпіш, іргетас блоктарын жасаумен және дайын цемент бетон сұйығын дайындап берумен жұмыс бастаған кәсіпорын алдымен өндірген өнімінің сапасына ден қою арқылы өндірісін өрге домалатып келеді. Соның нәтижесінде бүгінгі күні Панфилов ауданындағы ірі құрылыстар осы кәсіпорынның тұрақты тұтынушысына айналды.   

– Көбіне шағыл мен цемент араластырып қолдан  әзірленген бетон сапа сертификатына жауап бере алмайды және кез келген ірі құрылыстың қарқынына кедергі келтіреді, – дейді «Сұңқар» ЖШС құрылтайшысы Закир Исмазов. – Мемлекеттік стандартқа сәйкес бетон арнаулы араластырғышта қоспалардың төзімділігі, сапасы компьютермен белгіленген жағдайда әзірленуі тиіс. Сондықтан біз талапқа сай сапалы шағылдан, арнаулы орындарда әзірленген тас  қиыршықтардан, шайылған құмнан, жоғары маркалы цементтен және өнімнің төзімділігін жоғарылататын «Криопласт» химиялық қоспасын араластыру арқылы бетон дайындаймыз.

Серіктестік өндірісін кеңітіп, бүгінгі таңда жергілікті тұрғындар  арасында үлкен сұранысқа ие бетоннан жасалатын қуыс кірпіштер,  үй ауласына және жүргіншілер соқпағына қалайтын өрнекті төсеу,  әртүрлі көлемді үй төбесін, көпірлер мен қораларды жабатын  плиталар, электр бағаналарын, тағы басқа темірбетон бұйымдар  шығаруды қолға алыпты. Оларды құюға қажет жабдықтарды  қытайлық кәсіпкерлермен келісімшарт жасау арқылы алдырып, іске қосқан. Болашақта жоғары кернеулі электр желілеріне арналған  бағандар жасау ойда бар.

Закир Шабазұлының айтуынша, алдағы уақытта бетон  бұйымдарды булайтын жаңа цех ғимараты жасалады. Технологиялық стандартқа сәйкес зауыттан шығарылған барлық  темірбетон бұйымдар осы цехта талапқа сай дәрежеге жеткізіледі. Өндіріс қуатын арттыра отырып, алға басуға қажет жұмысшы күші  мен техникалары жеткілікті. Серіктестікте жалпы 30-дан астам арнаулы техника бар. Олардың арасында дайындалған бетон  сұйығын құрылыс объектісіне жеткізіп беретін 10 арнаулы  көліктер тоқтаусыз қызмет атқарады. Қазір зауытта мамандығына  байланысты арнаулы орта оқу орындарын тамамдаған жас жігіттер  еңбек етіп жүр. 

Жаздың шыжыған ыстығында, қыстың аязды күндерінде темірбетон бұйымдарын дайындау оңай емес. Алайда кәсіпорын жұмысшылары қай сәтте де өндіріс технологиясын сақтауды басты  назарда ұстайды. Сонысымен «Сұңқардың» бизнес көгіндегі орны сәтімен биіктеп барады.

Мырзағали Нұрсейіт
Жаркент қаласы

Қатысты жаңалықтар

Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.