Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРДЫҢ ІСІ

«ОН АРМАННЫҢ» ЖАЛҒАСЫ

17.04.2020
АРДЫҢ ІСІ
«ОН АРМАННЫҢ» ЖАЛҒАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«…Жөргегі кеппей, жел тарамай  тұлымын,
Жер болып кетті он арман – Он құлыным…», –
деп бастап сөзді отырушы еді анашым,
Қилы кезді еске ап, қинала сипап  бұрымын.
 
Он арманның жүрілмей кетті жолы да,
Тәй-тәй баспай,
Ілікті ажал торына.
Анары иіп,
Аңырап анам қалыпты,
Сап-сары жолақ жаялықты ұстап  қолына.
 
Осылай күндер бейнетін басқа салған көп,
«Күл шашарсыз» жүргенде дүние жалған боп,–
Мен туыппын,
Іңгәлап мынау өмірге,
Әкем мен шешем асыға күткен арман боп.

Қыран да болмай туғызар дауыл екпіні,
Жүрген бір жанмын,
Елеусіз өткен көп күні.
Қиналам кейде
Жонымнан таспа тілетін,
Солардың неге қалмаған екен деп бірі. 

Он перзентін жер қойнына берген ата-анасының үмітін жандырып, он баласының орнын Жаратқан өтеп бергендей болып өмірге келген Өтепберген Ақыпбековтың өлеңі ғой бұл. Ұлдан жалғыз болғанмен атадан жалғыз емес еді. Жалғыз бауырлары үшін жанын пида етуге бар Мариям мен Төлеуғайша апалары болды. Мариям апайы бақилық болғанда аға қатты қайғырып жүрді. Есіне түсіп кетсе көзі мөлтілдеп, терең бір күрсінетін. Оған қарап бәріміз де күрсінуші едік.
Мен «Өтепберген тірі болғанда жетпіске толар еді» деген сөзді естігенде өзімнің журналистикадағы бүкіл өмірім көз алдыма келді. «Егер сіз болмағанда…» деген ойдың жетегімен санам сергелдеңі көп сонау сексенінші жылдарды шарлап кетті. 
Орта мектепті бітіріп, аудандық газеттің ауылшаруашылығы бөліміне әдеби қызметкер болып орналасқанмын. Шаруашылыққа әу баста қыры жоқ қыздың қолынан білдей бір газеттің ауылшаруашылық бөлімінің жұмысын шырқ үйіру қайдан келсін? Алғаш келгенде сол бөлімнің меңгерушісі болған Кенжехан ағаның басын «100 қойдан қалай 150 қозы туады?» деген «қисынсыз» сұрақтармен қатыратынымды да еске алдым. 
Арада бір жыл өткенде жазуыма көңілі толмаған сол кездегі редактор мені декреттік демалыстан соң жұмысқа қайта қабылдамай қойды. Содан «керемет журналист боламын» деген арманымның күлі көкке ұшып, балабақшаға тәрбиеші болып орналастым. 
Ол кезде Өтепберген аға біздің газетке анда-санда келіп кеткені болмаса, қызметте емес еді. Партшколда оқып жүрді ғой деймін. Бір күні балаларымды серуендетіп, далада отыр едім, балабақшаның шарбағын бойлай Өтепберген аға өтіп барады екен. Мен жақын туысымды көргендей жүгіре басып барып жылы амандастым. 
– Өй, сен қыз неғып бала бағып жүрсің?», – деді. 
Мен редактордың қайтадан жұмысқа қабылдамай қойғанын айтып едім, «Ертең редакцияға кел, қазір редактордың орнында менмін, ол кісі еңбек демалысында, сенің орның балабақша емес, газет», – дегенде Алатау асып кеткен арманым қайта оралғандай қуандым. Сөйтіп мені Өтепберген ағам жетектегендей болып журналистикаға қайта әкелді де аптасына үш рет шығатын аудандық «Қапал еңбеккері» газетінің қара қазанына тастап жіберді. Кешегі «қызық-қызық» сұрақтар қоятын мен осы қара қазанда қайнап-қайнап, ауылшаруашылығының майын ішпесем де, майын тамыза жазатын журналист атандым. 
Менің ойымша, журналист болу айналаңдағы әр құбылысқа қызығып өлең жазу, көктем мен күз туралы «әңгіме» жазу болатын. Ал шын журналист болудың шыжығын мен Өтепберген Ақыпбеков, Кенжехан Рақышев, Арасанбай Естенов сияқты журналистерден үйренгенімді қазір мақтан етемін. Кейіннен газетке Секен Иманасов редактор болып келгенде де жұлдызым оңынан туды. Қыс болса сақпан аралап, жаз болса жайлау асып, күзде егіс даласынан шықпайтын мені Секен аға ауылшаруашылығы бөліміне бастық етіп тағайындады. Менің аудандық газеттен бастап бірқанша республикалық басылымдарда қызмет атқарғаным, Қазақстан полициясының дамуына өзіндік үлесімді қосқан ардагер журналист атанғаным осындай ағаларымның арқасы деп білемін. Егер сол жолы Өтағаң жанашырлық танытпаса менің журналистикаға қайта оралмауым да мүмкін еді. 
Өтепберген аға мен Жұмаш тәте қатар отырса бүтін бір ансамбльге татитын өнер иелері. Жұмаш тәте Қапалдағы радиоторабын басқарды. Күнде кешке өзінің сүйкімді дауысымен қапалдықтарды аудан жаңалықтарымен таныстыратын. Айтыс ақыны, әнші, журналист тәтемнен үйренгенім де аз емес. 
Олар Қапалдан Алматыға көшіп келген соң Қапал деген көшеде тұрды. Ауданға бір келгенде: «Гүлнашка, енді Алматыға сессияға келгенде біздің үйде тұратын боласың» деп қуантып, адресін түсіндіргенде: «Қапалдан келіп, өзіме Қапал деген көше ашып алдым» деген. Менің де аздаған аңқаулығым бар еді, расымен де солай екен деп таныстарыма: «Өтепберген аға мен Жұмаш тәте Алматыға барған соң өздері тұратын көшеге Қапал деген ат қойып алыпты» деп жүрдім. Соны естіген ағам: «Осы сен қыз түк қалжың түсінбейсің» деп ұрсып алды да Алматыдағы Қапал көшесінің тарихымен таныстырды. Сөйтсем, Ресей қазақ жерін отарлау мақсатында салған Қапал бекінісінің атын Алматыдағы көшеге де берген екен ғой.
Журналистика факультетінің 4-курсында оқып жүргенде өзім де отбасыммен Алматыға көшіп келдім. Жұмыс іздеп жүргенде тағы да Өтепберген ағама жолықтым. Үнемі мені еркелетіп «Гүлнашка» дейтін жақсы ағам менің сол кездегі «Социалистік Қазақстан» газетіне корректор болып орналасуыма көмектесті. Осы қызметте жүргенімде аяқастынан жаңадан ашылып жатқан «Денсаулық» журналына ұсыныс түсіп, айлығы төмендеу болса да баяғы өзім үйренген жазу-сызуға қуана-қуана келдім. Келсем… редакцияда жарқырап Өтағам отыр. Дәл баяғы шарбақтың сыртында тұрғандай қамқор көңілмен: «Өй, Гүлнашка, сен қайдан жүрсің?» дегенін қалай ұмытармын?! Сөйтіп мен бір құдайдың қалауымен өзімнің қамқоршыммен тағы да бір басылымда қызмет атқардым. Республикада алғаш рет шыққан «Денсаулық» журналының алғашқы кірпішін осылайша мен әрі жерлесім, әрі ұстазым Ө. Ақыпбековпен бірге қаластым.
Өтепберген аға өте еңбекқор еді. Сол кездегі жазушы-журналистер сияқты қанша жерден «сал-серілерше серуендеп» жүрсе де жұмысына қатал болатын. Бүгін жазатын жұмысын ертеңге қалдырмайтын. Айына бір рет шығатын журнал болған соң мен «Баяғы аптасына үш рет шығатын газет сияқты емес қой, әлі үлгереміз» деп босаңсысам: «Ертең қандай күн боларына сенбеймін, сондықтан бүгінгі жұмысты бүгін бітіру керек» дейтін. 
Газет-журналдың қаншама уақытты алатын жұмысымен алысып жүріп, соңына қаншама құнды шығармалар қалдырды. Өлең туралы әңгімелесе қалсақ: «Балаларға арнап өлең жазудан қиын жұмыс жоқ. Өлең баланың тіліне жеңіл, санасына оңай сіңетін, жүрегіне қасиет болып тұна қалатындай болуы керек», – дейтін. Сол айтқандай, кішкентай оқырмандарының тіліне жеңіл, тез жатталатын өлеңдерімен олардың санасына тарихты, салт-дәстүрді сіңіре білетін шеберлігінде шек жоқ еді. 
«Жігітке жеті өнер де аз» дегендей Өтағаң керемет әнші болатын. Бұрындары туған күндерімізді, мерекелерді редакцияда дастарқан жайып атап өтуші едік қой. Ағам ән айтып, домбыра тартып, өлең оқып сондай кештердің шырайын кіргізетін. Оның орындауындағы «Дариға, сол қыз» әні әлі құлағымызда.
Өтепберген аға біздің «Сақшы» газетіне де атсалысып тұрды. Ілияс Жансүгіровтің 100 жылдығына арналған бетке «Ерлікті елдік деп ұққан…» деген мақала жазып берді. Онда да бір кездескенде: «Сен білесің бе, Ілияс жырларының ішкі істер қызметкерлерінің де жүрегіне жақын, жанына жылы тиетін тұстары бар. Олай дейтінім, ел тыныштығын күзетіп жүрген сақшыларға ерлік пен азаматтық тән болса, оны Жансүгіровтің жырларынан да табасың» деген еді. Соны пайдаланып мен де: «Аға, сол жайлы өзіңіз жазып беріңізші» деп қиыла кеттім. Менің көңілімді қалдырмай ертеңіне-ақ мақала жазып әкелді. 
Бүгінде полиция қызметкерлерінің қызметтік тапаншаның құрылысынан арнайы сынақ тапсыратынын жақсы білеміз. Өйткені қызметтік қарудың бөлшектерін бес саусақтай білу қажет. Соны жақсы аңғарған Өтаға мақаласында «Тапанша» деген өлеңін келтіріпті. «Ақынның  1922 жылы жазылған «Тапанша» деген әке мен бала арасындағы сұхбатқа құрылған әдемі өлеңі бар. Сапардан оралған баласын көріп қуанған әкесінің ақжарма көңілі оның «мықынындағы мықшиғанға» түседі де: «Мынауың не беліңдегі?» деп сауал тастайды. Сонда баласы: «Әке-ау, қайттым қаладан, асынғаным тапанша», – деп бастай жөнеледі. 
Ақынның тапаншаның әр бөлшегін, атқарар қызмет-міндетін өте дәлдікпен суреттеуіне қайран қаласыз.
«Оқ жатары алтын ұя,
Тапанша – мылтық тапалша.
Сүмбесі мынау сойылша,
Басары мынау бақанша.
Құндағы мынау құс мойын,
Оғы мынау бақалшақ.
Қарауылы мынасы,
Мынасы кейін қақайса,
Бас бармақты баса ұстап,
Сұқ саусақты тақаса,
Тартып қалса тарс етед,
Өлтіреді оталса.
Милиция болдым мен-дағы,
Жарқынбай мен Жақанша…».

Әке мен бала сұхбатында небір өнеге үлгісінің, сақшылық антқа адалдықтың астары бар. 
Иә, Өтепберген ағаның білімі терең, біліктілігі мол еді ғой. Әйтпесе Ілиястың осындай өлеңі бары, оның біздің сақшылар туралы екені ойыма орала қоймапты. Ағаның осы мақаласы газеттің толық бір санының ажарын ашқан жарияланым болып еді. 
Өтепберген аға мен Жұмаш тәтенің отбасы Астанаға көшіп кеткен соң көп жыл хабарсыз қалдым. Арасында бір рет телефон арқылы сөйлескенім есімде. Қазір қарап отырсам, Өтепберген аға қазақтың жаңа астанасы – Астананың әр көрінісін, Сарыарқаның әр күнгі самалы мен боранын да, есіліп жатқан Есілдің жылдың төрт мезгіліндегі мінезін де көңіл терезесінен таса етпепті. Оған ағаның өлеңдері куә. 
– Мұз көрпенi –
Қыс түсе,
Бүркендi де үстiне:
Қалғып кеттi қарт Есiл,
Сезбейдi ол түктi де…
Жүрсе де жұрт дуылдап,
Елемейдi бiр уақ:
Ұйықтап жатыр қарт Есiл,
Кеудесi сәл сырылдап…
– деп қысқы Есілмен сырласыпты,
– Күндiз ерiп қар қатқан,
Су жиналар жан-жақтан.
Құм себiлген тастақ жол,
Шарайнадай шаң басқан.
Күн нұрына балбырап,
Тер сорғалап,
Қалжырап:
Шатырға өрлеп шыға алмай,
Сүңгi мұз тұр салбырап…–
деп Астананың, бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласының «Шарайнадай шаң басқан»  көктайғақ көшесіне де жыр арнапты қайран ағам. 
Астанаға көшіп барған жұрттың көбі Арқаның қысқы боранына күйініп жүргенде менің ағам, қазақтың жаңа астанасының қарлы боранына қаншама өлең арнап, «жауған қарды жынды көбелектей шыр айналдырған» ақтүтек боранына сүйініпті. Өзіңіз осылай сүйген ақшұнақ аязды қаладан асығыс аттанып, жап-жасыл Алматының топырағын ерте жамылдыңыз-ау, жақсы аға!  Сіз сияқты ақжүрек, ешкімнен қамқорлығын аямайтын адамның жаны жаннатта екеніне сенем мен. Рухыңыз пейіштің төрінде шалқысын!

Гүлнәр Жапарғалиқызы,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

29.01.2026
Жетісуда сынақ емтиханы: Жүргізуші куәлігін алу жеңілдей ме?

Жетісуда сынақ емтиханы: Жүргізуші куәлігін алу жеңілдей ме?

29.01.2026
Төмен пайызды несие: Парламент бизнеске арналған жаңа келісімді мақұлдады

Төмен пайызды несие: Парламент бизнеске арналған жаңа келісімді мақұлдады

29.01.2026
Алакөл ауданы әкімінің орынбасары 5 жылға сотталды

Алакөл ауданы әкімінің орынбасары 5 жылға сотталды

29.01.2026
Ербол Мәндібек. Қалтамызға қарамай өмір сүреміз

Ербол Мәндібек. Қалтамызға қарамай өмір сүреміз

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.