Талдықорған: +25°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӨМІР ПЕРЗЕНТПЕН ТӘТТІ

14.04.2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Бала – Жаратқан берген үлкен сый. Ол өмірдің жалғасы. Танысып, табысқан ерлі-зайыптының артында түтінін түтететін тұяқ қалмаса жанған отының сөнгені. Атам қазақ «Артымда қарайып ұрпақ қалсын, шаңырағымда шырақ жансын» деп ұрпақ жалғастығына қатты мән берген. Барлық нәзік жан СӘБИ сүйіп, АНА атанып, ҰРПАҚ жалғастырғысы келеді. Бірақ қазір бұл бақытты иеленудің жүгі тым ауырлап бара жатқандай.


Шаңырақты оң аяғымен аттаған жас келіннің тез арада ана келін атануын көп-шілік тағатсыздана тосады. Бұл Алланың қа-лауымен біреудің басына ерте, екіншісіне кеш, ал үшіншісіне мүлде қонбай жатады. Нәтиже болмай, біраз уақыт өтсе үлкендер жағы: «Жаңалық бар ма?» деп сұрауға көшеді. Жаны қиналып жүрген келін үшін бұдан ауыр сөз болмас, сірә?! Балалы болу адамның емес, Алланың қалауы екенін көп жағдайда ұмытып кететініміз жаман. 

Біз Талдықорған қаласы бойынша білікті де білімді әйел дәрігерін анықтау мақсатында қыз-келіншектер арасында сауалнама жүргізген болатынбыз. Қанша адам бар, сонша пікір болатыны ақиқат. Біз сұрақ қойған 100 адамның 65-і «Женский доктор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қызмет ететін акушер-гинеколог Светлана Бабанинаны мықты дәрігер деп атады. Көпшіліктің айтуына құлақ асып, дәрігерден кеңес алуға бардық. Алайда кездесу үшін алдын ала жазылу қажет екен. Сөйтіп, күткен кезегімізге бір айдан кейін ғана қол жеткіздік. Осыдан-ақ дәл осы дәрігерге деген сұраныстың көптігін аңғардық. Дәрігерлік біліктілігін арттыру мақсатында Мәскеуге оқуға барып тұратын білімді маман күніне 5-6 нәзік жанды қабылдап, кеңес беріп, ем жүргізеді. Дәрігермен кездескенімізде, бала сүю – бүгінгі күннің басты тақырыбы екенін айтты. 

Тақырыпқа  тұздық 

Өткен жылғы статистикалық мәліметке сүйенсек, еліміздегі отбасы-лардың 16%-ы бала сүйе алмай отыр. Мәселен, бір жылда шамамен 150 мың неке тіркелсе, оның 16%-ы, яғни 20-21 мың жұп – баласыз. Сонда орта есеппен жылына 6500 жұп ЭКҰ жасатады. 
 

«Ана мен қыз бала арасындағы байланыс үзіліп бара жатыр. Ана бойжеткен қызының әр қадамын қадағалауы тиіс. Маған 15 жастан жоғары қыз-келін-шектер  келіп  қаралады.  Жұмыс барысында небәрі 15-16 жастағы кәмелетке толмаған қыздардың жұқпалы ауруға тап болғанын немесе жүкті екендігін біліп жататын сәт те кездеседі. Олардың анасын шақырып, жеке сөйлесіп, дұрыс шешім қабылдау керектігін айтып түсіндіремін. Сол үшін аналарға қыз балаға қатаң тәрбие беруден бас тартып, құрбы болып сырласуға кеңес беремін. Әрбір әйел міндетті түрде жылына бір рет дәрігерге қаралуы тиіс», – дейді Светлана Бабанина.
Иә, дәрігер кеңе-сіне құлақ асуға келгенде біз көбіне салғырттық танытамыз. Кейін болар іс болып, бояуы сіңгенде өкініш өз-гемізді өртейді. Бірақ уақытты кері қайтара алмаймыз. Сол үшін ақ халатты абзал жандардың кеңесін көкейіңізге түре жүріңіз. 

Дәрігер кезегіне тұрған қаракөздердің қатары көп екенін көргенде жүрегіміз ауырды. Олармен тілдескенімізде, осы дәрігерге қайта айналып келіп жатқандардың барын білдік. Аты-жөнін айтудан бас тартқан келіншек бала сүю үшін балшы-балгерлерге барудың еш қажеті жоқ деп кеңес айтты. Өйткені, өзі балгерлердің болмашы сөзіне еріп, қаншама жылын текке өткізіп алған. Бір бақсының айтуымен жаңа сойылған қойдың қанына жуыну арқылы Жаратқаннан бала сұрағанына қазір қатты өкінеді. Ауыр сынаққа асқан сабырлық сақтап, төзіммен көнген келіншек жақын арада қазақ еліне бір батыр сыйламақшы. Қуаныштан көзі бал-бұл жанып, бар мейірімімен болашақ перзентін аялы алақанымен сипаған жан аман-есен қол-аяғын бауырына алып, АНА БАҚЫТЫН сезінсін деген тілегімізді арнадық. 

Иә, БАЛАСЫЗ өмір жазылмаған кітап секілді. Кішкентай ғана ПЕРЗЕНТ отбасының ең үлкен бақыты. Өміріңді түбегейлі өзгертетін СӘБИ алтыннан да қымбат қазына. Олай болса барша нәзік жанға АЛЛАНЫҢ берері таусылмасын деп тілейміз. 

ДӘРІГЕР КЕҢЕСІ 

Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА, биология ғылымдарының докторы, репродуктолог-эмбриолог:

– Бақыттың төресі – сәби сүю. Одан асқан өмірде бақыт жоқ. Егер ерлі-зайыпты 1,5 жыл ішінде балалы бола алмаса,  бұл бедеулік болып саналады. Дереу дәрігердің көмегіне жүгіну қажет. Дәрігер айтқан емді уақытылы әрі дер кезінде жасаса нәтиже шығады. Көп жастар осыған немқұрайдылық танытады. Мұндай жағдайда жақсы нәтижеге қол жеткізу қиын.  Бедеулікке шалдыққан әйелдердің 80 пайызға жуығы кезінде ЖАСАНДЫ ТҮСІК ЖАСАҒАНДАР екенін қыз-келіншектердің есіне салғым келеді. Тіпті, қатарынан 4-5 рет іштегі шаранасын алдырып тастап, ұялмай бізден көмек сұрап келеді. Себебін сұрай қалсақ, бәрі де әлеуметтік және отбасылық жағдайға әкеп тірейді. Бір кезде Алланың берген сыйын кері қайтарып, енді қайтадан ала алмай жүргендер көп. Кейде адамдардың өзін Жаратқаннан артық көретіндеріне таңғаламын. Пенденің өмір жолы ақ жолақтан тұрмайтынын, уақытты ақшамен кері қайтара алмайтынымызды ұмытпауымыз керек. Денсаулық – ең қымбат байлық. Ер адам да, әйел  де денсаулыққа қатты мән беру керек. Қыз бала бойжете салысымен бүгінін емес, ертеңін ойлауы тиіс. Оның міндеті – өмірге ұрпақ алып келу. Сол үшін қыз балаға артылатын жауапкершіліктің жүгі ауыр. Әйел бала тууды негізінен 35 жасқа дейін жоспарлағаны дұрыс. Әр отбасында кем дегенде 3 не 4 бала болса, қазақтың саны тез-ақ өсер еді.
Кембридж университетінің бір профессоры: «Кейінгі кезде әйелдердің бедеулігі жиіледі. Себебі, қан айналымы – жатырға емес, миға кетіп жатыр» деген болатын. Сол үшін қыз-келіншектеріміз ана болу миссиясын бірінші орынға қойса екен деген тілегім бар. Әр ана қызының ең бірінші міндеті – ана болу екендігін жете түсіндіріп, осы бағытта мол тәлім-тәрбие бергені дұрыс. Ұл-қызымыздың бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп, қазақы салт-дәстүрден аттамау керектігін құлағына құя білсек, онда болашағымыз да жарқын болмақ. Айналайын қыз-келіншектер,
АНА болуды ұмытпаңыздар!

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Аптапта сая болған су мерекесі

Аптапта сая болған су мерекесі

17.07.2026
Ауызсумен толық қамтылады

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

17.07.2026
Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

17.07.2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.