Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

ЖЕТІСУДА 105 ЭТНОСТЫҢ ӨКІЛІ БАР

10.01.2019
ЕКІ ТІЗГІН
ЖЕТІСУДА 105 ЭТНОСТЫҢ ӨКІЛІ БАР
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлы Даланы мекендеген жүзі басқа, жүрегі бір, тілі басқа, тілегі бір ұлт өкілдері еліміздегі бірліктің бекемдігін бұзбай, бейбіт өмір сүруде. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкілі бірге тұрып, араласа қызмет етуі, ынтымақ пен ырысты жарастырып отырғаны – үлкен жетістік. Бұл жерде қоғамдық келісім мен этносаралық ынтымақты нығайту мақсатында жұмыс атқаратын облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» алар орны ерекше.

Бүгінгі күні Жетісу жерінде ынтымағы жарасқан 105 этностың өкілі өзара тату-тәтті өмір сүруде. Сонымен қатар, 71 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Оның 26-сы облыстық деңгейде әртүрлі шаралар өткізумен айналысса, 35-і аудандарда және 10-ы өңірдегі Талдықорған, Қапшағай, Текелі сынды қалаларда тіркелген. Осыған қарап, елімізде өмір сүріп жатқан өзге этностардың мәдениетінің дамып, салт-дәстүрінің сақталуына лайықты жағдай жасалғанын байқау қиын емес. Облыстық этномәдени бірлестіктер мен олардың аудан, қалалардағы филиалдары Достық үйінде республикалық, облыстық, қалалық, аудан деңгейінде өтетін әртүрлі форматтағы әлеуметтік-мәдени шараларға белсенді түрде қатысады.
Былтыр облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы халықтың береке-бірлігін нығайту, мәдени-рухани байланысын жандандыру, ұлтаралық қарым-қатынасты дамыту мақсатында бірнеше ауқымды жоба ұйымдастырды. Атап айтқанда, «Бейбітшілік пен келісім жол картасы», «Ұлы Жібек жолы бойындағы сұхбат», «Рухы бекем, киелі мекен – Жетісу» ғылыми-танымдық экспедициясы, «Қазақтану» жобасының «Ұлы Дала елінің қонақжай қасиеті» мәдени-көпшілік шарасы аясында «Қымызмұрындық» фестивалі, «Туған жер», «Бірлік» халықаралық жастар лагері және «100 жаңа есім: табысты болу жолы» жазғы мектебінің жұмысы жоғары деңгейде өткізіліп, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Енді биылдан бастап «Қымызмұрындық» фестивалі республикалық бағдарлама ретінде енгізілмекші. Одан бөлек, Достық үйлері арасында тәжірибе алмасу мақсатында Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында «Ынтымақ шеруі» фестивалі, шекара аймағындағы ынтымақтастық бойынша Татарстан республикасының астанасы Қазан қаласында «Достықта жоқ шекара» атты халықаралық фестиваль ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қоғамдық келісім кеңестерінің қызметіне арналған «Ауылым – алтын қазынам» V облыстық форумы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының облыстық штабы «Өзіңді көрсет» стартапы мен «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасын іске асыруда жалпықазақстандық «Астана бейбітшілік бесігі» атты ашық диктант жазу шарасы өткізілді.
Жетісулық этномәдени бірлестіктер Астананың 20 жылдық мерекесі аясында ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайтуға арналған шаралар ұйымдастырды. Мысалы, Достық үйінде «Күміс тамыр» облыстық Қытай этномәдени бірлестігі «Абыройы асқақ Астана!» атты форум, облыстық Әзірбайжан этномәдени бірлестігі «Астана – мемлекеттік тілдің тірегі» атты «дөңгелек үстел», Талдықорған аумақтық «Видергебурт» неміс қоғамы Таубұлақ экокемпингінде «Мақтанышым – Астана» атты жазғы маусым лагерін, облыстық «Ахыска» Түрік этномәдени бірлестігі «Аналар күні» атты қайырымдылық акциясын, «Сафар» тәжік қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата Заңым – елдігімнің айғағы!» атты облыстық форумын өткізіп, көрерменнің көңілінен шыққан қадамдар жасады.
Жетісу жерінде өмір сүретін ұлттар мен ұлыстар мемлекеттік тілдің дамуына да өзіндік үлес қосып келеді. Мысалы, облыстық этнос өкілдері арасында «Көркем ой. Көркем тіл. Көркемсөз» атты байқауы өтіп, қазақ тілінің мәртебесінің артуына қажетті қадам жасалды. Сондай-ақ, өңірдегі жетекші журналистер мен сарапшылар клубының «Шаңырақ» шығармашылық байқауы бойынша облыста үздік деп танылған «Қазақстан» телеарнасының меншікті тілшісі Қуаныш Серікқанов, «Хабар–24» телеарнасының тілшісі Ардақ Қисаев,  облыстық «Огни Алатау» газетінің бөлім редакторы, Bnews.kz агенттіктің меншікті тілшісі Хасан Еспанов республикалық деңгейдегі этносаралық «Шаңырақ» байқауына қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Былтыр Алматы облыстық Достық үйіне – 10 жыл толды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашқан бірлік шаңырағы ұлтаралық қатынастарды сақтау мен нығайтуға, өңірде ғана емес, күллі республика бойынша ұлттық мәдениет пен дәстүрді дамытуға үлес қосып келеді. Осындай тынымсыз әрі жемісті жұмыстың арқасында ҚР Президенті – Елбасы құрған Қазақстан халқы Ассамблеясы әлемде баламасы жоқ қоғамдық институтқа айналып отыр. Соған байланысты Достық үйінің жұмыс ауқымы да, маңыздылығы да жыл өткен сайын ұлғая түсуде.
Достық пен ынтымақ – бұзылмайтын қорған, жол көрсетер бағдар десек, өңірдегі әр этномәдени орталық өз мәдениеті мен тілін, салт-дәстүрін сақтауға мүмкіндік ала отырып, ел игілігі жолында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға белсенді қатысу арқылы Тәуелсіз Қазақстанның Көк байрағының аясына топтасуда. Осыған орай Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, Достық үйінің қызметкерлері мен белсенділеріне, этномәдени бірлестіктердің мүшелеріне, облыстағы барлық этнос өкілдеріне халықтың достығы мен бірлігін нығайтуға, ұлтаралық келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Т. Қасымберкебаев,
«Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ-нің директоры

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.