Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Жүргізушілер мәдениеті неге төмен?

25.09.2017
ҰЛТ ҰЯТЫ
Жүргізушілер мәдениеті неге төмен?
WhatsAppTelegramFacebook

Ала жаздай жартылай бос қатынаған қоғамдық көліктер сабақ басталғалы бері оқушыларға толы жүретіндіктен жүргізушілер мен кондукторлардан маза қашқан. Оған себеп – қала оқушылары мен студенттерінің автобустарда тегін жүретіні. Әлбетте, ол үшін мектептен берілетін жол жүру билетін көрсетуі тиіс. Талдықорған қаласы әкімдігінің жыл сайын бюджеттен айтарлықтай қаржы бөліп, жас ұрпақтың тегін жүруіне жол ашуы құптарлық жағдай, әрине. Мәселе онда емес, сол бөлініп жатқан қаржыны есепке алмастан балаларды тегін тасимыз деген желеумен оқушыны көрсе алакөздеп қарап, жол жүру билетін тіміскілеп тексеріп, болмаған жағдайда ақша төле деп, төлемесе түсіріп кетіп жататын жүргізушілер жайында болып тұр.

Өзіміз қоғамдық көлікпен жиі қатынайтындықтан мұндай жағдаймен күнде бетпе-бет келеміз. Кейбір автобустар оқушылар көп шоғырланып тұрған аялдамаға тоқтамай, тоқтаса да аулақтау барып жолаушыларды түсіріп тұра қашатын, оқушылар мініп жатқан тұста есікті тарс жауып жүріп кететін жайттар орын алып тұрады. Автобусқа кіріп келе жатқан бала қысылып қалып, жазатайым жағдай болады-ау деген ой жүргізушілерді қалайша мазаламайды дейсің мұндайда. Тегін жүремін деп теперіш көріп жүрген оқушыларды күнде кездестіруге болады.  Ол, ол ма? Тегін жүретін зейнеткерлерге де жауша тиетін кондукторлар болады. 
– Жасыңыз нешеде?
– Жетпіс бесте.
– Көрсетіңіз құжатыңызды.
– Түрімнен-ақ көрініп тұр ғой кәрі екенім. 
– Жоқ, сіз жас көрінесіз. Тек жетпістен асқандар ғана тегін жүреді.
– Сіз сияқтылар көп, күнде арпалысамыз мұндайлармен. 
Бұл қоғамдық көлікте орын алған диалог. Зейнеткерлік құжатын ұмытып кетіп, өзінің жетпістен асқанын дәлелдеуге тырысып баққан апа жан-жағына жаутаңдай қарап: «Айтыңдаршы мен жас көрінем бе? Шашымның бәрі, міне, ағарып кеткен, бетімді білеудей әжім басқан», – деп балаша абыржыды. Ең болмаса жолаушының бірі сөзін сөйлей ме деген үміттенген.
Енді бірде жаңадан зейнетке шыққан қария көлікке мінді.  Қызына сенімді үнмен: «Маған жолақасын төлемей-ақ қой, зейнеткерлік құжатым бар», – деді де орындыққа жайғасты. Іле-шала жетіп келген кондуктор құжатын сұрады. Ол маңғаздана ұсынды. 
– Жоқ, сіз жолақы төлейсіз, – деді кондуктор. Тек жетпіс жастан асқандар төлемейді.
– Бүйткен зейнеткерлігің құрсын. Онда мына құжаттың не қажеті бар? Зейнетке шығып, тегін жол жүріп қызығын көрмеген соң, – деп шала бүлінді жолаушы қария. Зейнет жасына жеткенде соның бір жеңілдігін, игілігін көрсем деген ата арманының аяқ асты болғаны өкінішті-ақ, әрине. 
Бұл жерде кондукторды кінәлап тұрғанымыз жоқ. Заң солай. Құжатты тексеруге қақысы бар. Десе де, зейнеткерлерге құрметпен қарап, үлкен адамға ізеттілік танытуды ұмытып жататындары жанға бататыны рас. Сексенге келіп селкілдеп тұрған кейуанаға түсіністікпен қарауға болатын еді. Жоқ, ақша үшін, ақша болғанда да азғантай тиын-тебен үшін адамгершілікті аяқасты етіп, қарияға да, бала-шағаға да қырғидай тиетін жүргізушілер кездеседі. Әрине, олардың да айтар өз уәждері бар.
– Тиыннан теңге құралады. Бәрін тегін тасысақ біздің неміз қалады?! Бала-шағамызға «өлең айтып» бармаймыз ғой. Таң азаннан кеш батқанға дейін тынбай еңбек етеміз. Халықпен жұмыс істеу оңай емес. Біздің де жүйкеміз тозады. Жоспарды орындау үшін жанталасамыз. Сол үшін әрбір жолаушыға шұқшия қарап, кірген шыққан адам басын санап, жолақысын төлегісі келмейтіндермен айқасып, қалтасынан суырғандай болып, тиынын аламыз. Өйтпеске амалымыз жоқ, бізге де күн көру керек қой, – дейді біз сөзге тартқан кондуктордың бірі.
Адамгершіліктен бұрын қара бастың қамын алға тартқан бүгінгі заманда оларды да түсінуге болатын шығар. Дегенмен де, жағдайды сылтау етіп, әсіресе, өскелең ұрпаққа қысастық көрсетуге болмайды ғой. «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген тұжырымға сүйенсек те, ел ертеңі – балаларымыздың жағдайы бірінші орында тұруы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда қоғамдық көлікпен қатынауда, басқа да жағдайларда балалардың құқығы мен мүддесі тапталмауы қажет. Алайда оның аяқасты болып жататынына ата-аналар да наразы.
Гүлбақыт Алымхан:
– Балаларымыз орталыққа «Үйтас» саяжайынан қатынап оқиды. Ол жаққа 16-ншы автобус жүреді. Балалар ғана емес, үлкендер де, студенттер де бір шағын автобусқа қарайлаймыз. Оған сыймай қалатын кездеріміз болады. Әсіресе, мектеп оқушыларына қиын тиеді. Сыймай қалып, сабаққа кешігіп барады.
Айсұлу Байбохова:
– Жаңартылған бағдарлама бойынша 5 күндік оқу аптасына көшкен оқушылардың сабағы кешкі сағат 7.30-да аяқталады. Бұл саяжайдан қатынап оқитын балалар үшін үлкен мәселеге айналып отыр. Қазір күн ұзақтау, қыста күн қысқарады. Ал 16-ншы автобус саяжайдың бергі жағына ғана келеді. Ары қарай бармайды. Өйткені, жол ойдым-ойдым. Оның үстіне ерте тоқтап қалады. Күн суықта, қараңғыда балаларымыз қалай үйге жетеді? Осы жағы қатты алаңдатады.
Омар Сәулімхан:
– «Үйтастан» қатынап оқитын балалардың жол қатынасы шындығында қиын. Сондықтан да оқушылар үшін арнайы автобус бөлінсе дейміз. Қоғамдық көлікпен қатынайтын балаларымыз автобусқа сыймай қалады, жүргізушілердің де топырлатып оқушы тасуға құлқы жоқ. Балалар кіріп келе жатқанда есігін тарс жауып жүріп кетеді. Осындай жайттарды алға тартып, балаларымыз талай үйге жылап келді.  

 

Иә, ата-аналардың алаңдауы негізсіз емес. Соңғы автобусқа үлгермей қалған бала далада қалғандай әрі-сәрі күй кешеді. Баласына жете алмаған ананың да дегбірі қашады. Осы орайда «Үйтастан» қатынайтын жолаушылардың халықты тасымалдау үшін шағын емес, үлкен автобус берілсе, жүргізушілер де балаларға жанашырлықпен қараса деген үлкен тілек-өтініші бар. 
БЕТ ҚАТТАЛЫП ЖАТҚАНДА: Үйтастық ата-аналардың тілек-өтініші ескерілгендей, қала әкімі Бағдат Қарасаевтың бұйрығымен Талдықорғандағы барлық көліктер кешкі сағат 21.00-ге дейін жүруге міндеттелді. Бұл да болса аталған мәселенің шешімін табуына септігін тигізер деп сенеміз. Ал, жүргізушілердің мәдениеті мен адамгершілік мәселесін уақыт еншісіне қалдырамыз.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.