Талдықорған: +15°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Дарындылар анықталды

11 қыркүйек 2017
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың қолдауымен 18 бен 22 жас аралығындағы үш тілді жетік меңгерген азаматтар арасында «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өтті.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген тәмсілді ұран еткен бұл жоба дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді. Шараны тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев ашты. Өз сөзінде ол бұл шараны өткізудегі мақсат Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы мақсат-міндеттерді іске асыру болып табылатындығын айтты. 
– Көп тілді білу – заман талабы. Біздің меже үздік отыздыққа ену десек, «Тілдарын» секілді олимпиада сол мақсатқа жетуді жеңілдете түспек, – деген басқарма басшысы додаға қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі. 
Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, жастар арасында тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу міндеттерін алға қойған аталмыш сайысқа 15 жас қатысып, бақ сынады. 
Қатысушылар тақырыпқа сай эссе жазу, берілген тапсырма бойынша жарнама және ілеспе аударма жасау сынды тапсырмаларды орындады. Үш кезең бойынша үш тілде тапсырмаларды орындауда үміткерлердің тілдерді меңгеру деңгейі, жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбысталуы, жауаптың оралымдылығы мен сапасы, мазмұндылығы мен ерекшелігі ескеріліп, жоғары деңгейде білім көрсеткен жеңімпаздар анықталды. 
«Тілдарынның» бас жүлдесі Панфилов ауданынан қатысқан Айжан Тұрғанбаеваға табысталса, бірінші орынға талдықорғандық Әйгерім Байбекова лайық деп табылды. Жүлделі екінші орынды қараталдық Диана Аипова иеленсе, үшінші орын айдынды Алакөлден келген Қымбат Әубәкіроваға берілді. Ал қарасайлық Шолпан Райымбек пен Еңбекшіқазақ ауданынан қатысқан Гүлдана Елекенова ынталандыру сыйлығын алды. 
Жеті жұрттың тілін, жеті түрлі білім білуге талпынған олимпиадаға қатысушы жастарға басқарманың Алғыс хаты берілсе, жеңімпаздар арнайы диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болды. 
Үш кезеңдегі үш айналымнан сүрінбей өтіп, бас жүлдені иеленген Айжан Тұрғанбаева республикалық сайыста Алматы облысының намысын қорғайтын болады.

Мұхтар КҮМІСБЕК.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:31
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Бүгін, 12:26
Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Бүгін, 12:20
Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Бүгін, 12:15
«Жетісу» алғашқы ойында жеңді

«Жетісу» алғашқы ойында жеңді

Бүгін, 12:15

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.