Талдықорған: +15°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЗЫЛИХА ТАМШЫБАЙ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

5 қыркүйек 2017
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Көксу ауданына қарасты Амангелді ауылындағы орта мектепке Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбайдың есімі берілді. Салтанатты шараға Көксу ауданының әкімі Әділ Алмас қатысып, тақтаны өзі ашты.

Өз сөзін аудан әкімі: «Бүгін ауыл тұрғындары үшін есте қалатын күн. Ақын Ілияс Жансүгіров  «Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алар кемеңгерді?» дегендей, біз өз ұлыларымыз­бен мақтанамыз, марқаямыз, есте сақтаймыз. Осыдан жеті жыл бұрын Зылиха апамызды келмеске шығарып салғанда, осы жерде қаралы, азалы үн естіліп еді. 74 жыл ғұмыр кешкен апамыз талайға үлгі болды, бастау бұлақтардың көзін ашты. Бүгін ауылдың негізгі білім ұясына апамыз­дың есімін беріп отырмыз. Мен қуаныштымын. Жақында Амангелді ауылына Зылиха апамыздың есімін беру туралы ұсыныс жасадық, бүгінде қаралып жатыр. Нәтижесі жақсы болады деген ойдамын», – деп түйіндеді.       

Одан кейін көз көргендер сөз алып, Зылиха апамыздың ерлігін, ерекшелігін, ізденімпаздығын, шеберлігі мен іскерлігін айтып, әдемі естеліктерімен бөлісті. Арнайы келген Зылиха апамыздың күйеу баласы Серік Әбдірахманов ауыл тұрғындарына рахметін айтып, мектеп ұжымына жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы №389 қаулысы бойынша «Амангелді атындағы мектеп «Көксу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Зылиха Тамшыбай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталды. Бұл қаулыға Қазақстан Респуб­ликасының Премьер-Минис­трі Бақытжан  Сағынтаев қол қойды.

Бұл мектеп 1920 жылы сол кездегі Қаратал ауданы бойынша Нүрке атындағы жалғыз бастауыш мектеп болып ашылды. Ал мектепке Амангелді есімі 1960 жылы сегізжылдық мектептен орта мектепке көшкенде берілді. Мектеп 1999 жылы күрделі жөндеуден өтті. Биыл Зылиха Тамшыбай атындағы орта мектептің табалдырығын аттаған 1-сынып бүлдіршіндерінің саны – 37. Ал мектепті бітіретін түлектер саны – 24. Жалпы Көксу ауданында биыл 1-сыныпқа  810, 11-сыныпқа 474 оқушы барды. Былтыр аудан бойынша «Алтын белгіге» бітірген түлектер саны 22 болса, соның біреуін баптаған дәл осы Амангелдіде орналасқан орта мектеп.

Жаңа оқу жылында Зылиха Тамшыбай атындағы орта мектептің ұстаздары мен білімгерлеріне тек қана сәттілік тілейміз!

Серік ҚАНТАЙ.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:31
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Бүгін, 12:26
Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Бүгін, 12:20
Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Бүгін, 12:15
«Жетісу» алғашқы ойында жеңді

«Жетісу» алғашқы ойында жеңді

Бүгін, 12:15

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.