Талдықорған: +15°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қызылжарда қызған еңбек

31 шілде 2017
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook
Бір тонна тұқымның өзі бір шаруашылықтың шаруасын  шалқытып, табысын тасытады десе, сіз сенерсіз, сенбессіз, егер өз басыңыздан өтпесе. Ал біз әңгімеге арқау еткелі отырған Кербұлақ ауданына қарасты «Қызылжар» өндірістік кооперативі сол тәжірибенің тәтті жемісін бір кісідей-ақ жеген ұжым. Бүгінде егістік алқабына себілген үш сұрыпты тұқымның көп мөлшерін «Багарни – 56» сорты құрайды. Қып-қызыл бидайдың Қызылжар топырағына сүңги барып тамыр жайғанына да үш жыл болған. Салмағы мен түсімінің ерекшелігі өз алдына,  құнарлығы татқанның таңдайындағы алғыс.

Алғаш 1963 жылы «Қызылжар» қой кеңшары болып құрылған шаруашылық 2000 жылдары өндірістік кооператив негізінде қайта жаңғырады. Қазір иелігіндегі 4000 гектар жер танабының   2800 гектары ырысқа толы. Бұл былтырдың еншісіндегі 1700 гектар. Егістік алқабынан екі есеге таяу өскен аумақ. Осылайша, бидай мен арпаның дән теңізі жыл сайын ұлғайып дала көркіне, дихан байлығына айналуда.    
Биыл науқан алды ауа райының күрт ысыуы да шаруалар үшін тиімді болған. Нәтижесінде, «танаптағы егін жылдағы орақ мерзімінен он күнге ерте басталды, түсімі де тәуір. Гектарына 28 – 30 центнерден айналуда», – дейді аталмыш кооператив басшысы Ержан Күлшембаев.  Таңғы сағат алтыдан тоқтаусыз екі апта еңбектенген ұжым еңбеккерлері қазір 1100 гектардан аса аумақтың астығын қамбаға жөнелтіп үлгерген. Осы барыста 100-ден аса жұмысшы жұмылып, бес комбайн мен 20-дан аса техниканы еңбек даласында тоқтаусыз ағылтқан. 
Осыншама еңбекпен келген қыруар астықтың қыр басында рәсуә қалған тұсы да жоқ. Ауыл арасы, аймақ, облыс іші сұранысын айтпағанда, таза өнім «Дон Агро», «Азия Фуд» компанияларының еншісіне бұйыруда. Асып-артылғаны Тәжікстан, Өзбекстан асып, өзге елдердің де қызығушылығын оятып отыр. Оған себеп те жоқ емес. Ержан Әшімұлының айтуынша, Қызылжар топырағында өскен астықтың барлық азықтық қасиеті, сұрып сыйпаты аталған көрші ел зауыттарының қажеттілігін қанағаттандырады. 
Осы ретте тағы бір жайтты айта кеткеніміз артық болмас. Өнімнің таза орылуы да еңбекшінің ептілігі мен техниканың тегеурініне байланысты екені анық. Алғашқы адам күшінің қуатын айтпағанда, соңғы үлгіде жабдықталған «ЕСІЛ», «VECTOR» комбайндарының алқаптағы адымы ширақ. Жүріп кетсе жүк көлігін әп-сәтте толтыратын мұндай озық технологияның өзіндік артықшылықтары да жетерлік. Комбайыншы Берік Асанов алғыстан басқа айтары жоқ. Басқасы басқа, ішінің салқындатқыш құрылғымен жабдықталғаны да техника тізгінінде жүргендердің әңгімелерінің тұздығына айналған. Ол жайлы ыстықтың бетін байқап, еңбекшілерге абай болуды ескертіп отыратын бас агроном Сағындық Қоңыров та, жүк көлігін құйғытқан Бекжан Мұсаев та, тракторшы Әнуар Құдайбергенов те майын тамызып айтады.
Десек те, бір түйткілдің  түйіні шешілсе дейді шаруалар. Егер көктемгі егіс десе сіздің есіңізге тұқым мен қатар, жанар-жағармайдың түсетіні рас болса, шаруашылық үшін оның қажеттілігінің қандай екені де байқалса керек. Бүгінде техника атаулы тәуелді жағар отын бағасының қарыштап кетуі – диқан терімен келген нәсіптің көп бөлігін үптеп алуда. Нақтырақ айтқанда, нарықтағы 1 литр жанар-жағармайдың өзі шаруаның 4 килограмм бидайын жұтып тынуда. Ал науқандағы әрбір техниканың күндік пайдаланатыны 150 – 300 литр жағар отынға тәуелді екенін ескерсеңіз, шаруаның шығыны шаш етектен дейді еңбекшілер. Бұл енді біз көрген егістіктен, сіз, түйер түйіткілдің түйіні ғана. Диқан аманатының ескерілмегі де алдағы уақыттың еншісінде.
 
Қозыбай ҚҰРМАН

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:31
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Бүгін, 12:26
Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Бүгін, 12:20
Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Бүгін, 12:15
«Жетісу» алғашқы ойында жеңді

«Жетісу» алғашқы ойында жеңді

Бүгін, 12:15

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.