Талдықорған: +14°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Жолдар жатыр керіліп

31 шілде 2017
ЭКОНОМИКА
Жолдар жатыр керіліп
WhatsAppTelegramFacebook

«Нұрлы жол»  бағдарламасымен салынған төрт жолақты «Алматы – Көкпек – Шонжы – Көктал – Қорғас», «Алматы – Қорғас»  жолының игілігін ел көруде.  Ұзындығы 304,4 шақырым  жолдың  сапасы мен сенімділігі жайлы айта кетуді жөн көрдім. Төселген бетон төсеніштің қалыңдығы 25 сантиметр, ені 9,25 метр, ұзындығы  – 304 шақырым. Осы темірбетонды төсеніштерді жасауға  жоғары маркалы цемент, ең берік темір-арматура пайдаланылды. Төселетін темірбетондардың жерден биіктігі 20 метр, кеңдігі 23,5 метр. 

Темірбетонның астына су мен ылғалды өткізбейтін, күнге күймейтін, шірімейтін, төзімділігі өте берік плащ-төсеніш төселген.  Бұл жолмен  жүк  тиеген  миллиондаған жүк автомашинасы мен жеңіл көліктер тоқтаусыз ағылады. Төрт  бағыттағы жолмен күндіз-түні жүйткіген көліктердің қауіпсіздігі осы салынып жатқан жолдың беріктігі мен сапасына тікелей байланысты. «Сақтансаң – сақтаймын»  дегендей,  жолдың сапалы әрі берік болуы жол мамандары, инженер-техник қызметкерлері және жұмысшылардың назарында. Олар өздеріне жүктелген жауапкершілікті толық сезінеді. 
Жоғарыда аталған 304,4 шақырым жолды салуға 120,3 миллиард теңге бөлінген.  Мұнда  3000 адам еңбек етсе, соның 2800-і жергілікті тұрғындар. Төрт жолақты жол салуда  білікті мамандар  Павел Грасмик,  Рамиз Гагиевтердің еңбегі зор. 
Өткен жылы олар табысты жұмыс атқарды. Өздеріне тапсырылған міндетті абыроймен аяқтап, өткізді. Атап айтқанда, төрт жолақты кесіп өтетін жолдарға көпірлер мен мал өтетін өткелдер  жасады. Осы жұмыстың бәрі де талап деңгейіне сай салынып, көпіршілер басшылықтың алғысына ие болды. «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» халықаралық жол бағытындағы «Алматы – Қорғас» учаскесінде Республикалық мемлекеттік басқарманың «Алматыжол зертханасы» басқаратын Сахи Сыдықұлының табандылығы мен жауапкершілігі көпке үлгі.  «Мерседес» автомашинасына жол сапасын жан-жақты зерттейтін  заманауи аспаптар орналастырылған. Мысалы, жолға төселген алып бетондардың сапасын тексеру үшін сол бетон блоктың бір үзім сынығын алып, оның құрамындағы цемент, арматура, тағы басқа да қоспалардың мөлшерін  анықтай алады. Талапшылдық – жұмыстың сапалы болуына сөзсіз ықпал етуде.
Жол пайдалануға берілгенде миллиондаған тонна жүк төрт жолақты жолмен және шойынжолмен де арлы-берлі тоқтаусыз тасылады. Ол жүктердің әрбір тоннасы үшін белгіленген тәртіппен елімізге салық төленеді. Арлы-берлі жүрген жолаушылар  көлігіне де ақы төлейді.  Осының бәрі мемлекетіміздің қорына пайда түсіреді. Қаржы  халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға жұмсалады. Осындай игілікті іске  ұзақ жылдардан бері өз үлесін қосып келе жатқан Сахи Сыдықұлына  Қазақстан  Республикасының Құрметті жолшысы деген жоғары атақ берілді. Бұл – табанет, маңдай термен келген құрмет. Адал еңбек абырой мен бақытқа бөлейді.
Жолшылар  көпір  салумен де айналысуда. Өткен жылдарда салынып жатқан жолдарды кесіп өтетін 100-ден астам үлкенді-кішілі көпір мен  мал айдап өтетін өткелдер салынған.
«Алматы – Қорғас» бағытындағы салынып жатқан жолдар Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Панфилов аудандарының аймағын қамтиды. Сонымен қатар, «Алматы – Өскемен» бағытындағы жолдар да жаңартылды. Шойынжол «Жетіген – Қорғас» бақытын жалғастыруда.  «Алматы – Қорғас» бағытындағы жол құрылысының бас мердігері, Түрік мемлекетінің тәжірибелі маманы Уйгур Уйгун  «Будан» жол құрылысының жұмысын белгіленген жоспар бойынша жүйелі жүргізуде.    
– Біз Қазақстанға жол салуға қатысқанымызды мақтан тұтамыз. Қазақ бауырлармен бірге туғандай болып кеттік. Өйткені, қазақтар өте бауырмал халық,  – дейді ол.
Шынында да осы жол-құрылыс жұмысына лайықты үлесін қосып жүрген түріктер, әзірбайжандар ірі-ірі маман болумен қатар бауырмалдықтарын да таныта білді.  
Төрт жолақты тақтайдай түзу, тастай берік жолдарымыз «Нұрлы жолдың» нұрына бөленген. Осындай жолдармен Қазақстанымыздың ғана емес, неше түрлі шетелдік автокөліктерде тәулік бойы тыныштықтың арқасында кідіріссіз, алаңсыз зулап барады, зулап барады…
Садық ЖҰМАБАЙ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:31
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Бүгін, 12:26
Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Бүгін, 12:20
Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Бүгін, 12:15
«Жетісу» алғашқы ойында жеңді

«Жетісу» алғашқы ойында жеңді

Бүгін, 12:15

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.