Талдықорған: +5°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Аспантаудың ЖАҚҰТ алқасы

25.07.2016
КҮЛТӨБЕ
Аспантаудың ЖАҚҰТ алқасы
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісудың жеті жауһарының бірі, Алатау мен Аспантаудың (Тянь-Шань) көзіндей асылы Көлсай көлдері дер едік. Алда-жалда ту биіктен – тау қапталынан төменге көз тастасаң, оның алабөтен табиғаты тасқа тұнған тамшыдай мөлт-мөлт етіп көзді елтеді. Сол мөлдірлікке жараса жарыса өскен шоқ-шоқ самырсын-қарағайлар, топ-топ шетен, шыршалар, бұталар – бәрі де қағынан жарылған тұмса табиғаттың әуелгі нұсқасындай әсем! Осы арадан айналасы бір сағат жаяу жол жүрсеңіз, Алатаудың арғы бетін жайлаған айырқалпақты ағайынмен арадағы шегаралық асуға тап боласыз. Арғы жағында – мұнартып Ыстықкөл жатса, бергі жағында – біз баян етпек көрікті Көлсай көлдері жарқырайды. Аялы айдыны алтын кірпік арудың жанарындай жалт-жұлт ете баурайды сізді.

Бұл өзі күнгей Алатауының Күрметі және Саты асуларынан бастау алатын кішігірім өзендер – Көлсай, Шелек, Қайыңды суынан пайда болған үш көл жүйесі. Атап айтқанда, жеке-жеке 1887 және 1911 жылдары пайда болған. Осылайша, әйдік көлдің әуелгі тарихы бар болғаны екі ғасырға жуық уақытты қамтиды. Оның үстіне, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы 2007 жылдың жетінші ақпанында Қазақстан Республикасының Үкіметінің №88 Қаулысы негізінде құрылғандықтан ол Қазақстанның ең жас паркі саналады. Сол себепті де Көлсай көлі сұлулыққа жаны құштар қазақ елі үшін ең қысқа мерзім ішінде табиғат-шебер өзі мүсіндеген тау шатқалындағы таңғажайып табиғат галереясы тәрізді.

Егер сіз бұл үш көлді ешқандай көліксіз асықпай аралағыңыз келсе, оған да мүмкіндігіңіз мол. Өйткені жаяу тартсаңыз, бірінші көлден екінші көлге бір жарым сағат уақытыңыз кетсе, ал екінші көлден үшінші көлге небары жарты сағат уақыт жұмсайсыз. Есесіне Ұлы Даланың ұлы тыныштығында бұл байтақтың қожасы сіз секілденіп,  кәусәр ауадан мейлінше қомағайлана жұтасыз. Бірінен-бірі өткен үш көлге қарап еріксіз «Солтүстік Аспантаудың меруерттері» деп бекер айтпапты-ау» деп бір көркем ойда қалатыныңыз шүбәсіз. 

«Солтүстік Аспантаудың меруерттері»  дегенде біз айтып отырған жоғарғы, ортанғы, төменгі Көлсай көлдері меңзелсе, «Аспантаудың жақұт алқасы» дегенде жалпы Көлсай көлі елестейді бізге.  Өйткені, жайшылықта оның атауы ел аузында «Көлсай көлдері» делінгенмен, көп жағдайда жалпылама «Көлсай көлі» деп аталатыны да, міне, сондықтан. Арнайы зерттеуші мамандардың мәліметінше, осы көлдердің үшеуінің де теңіз деңгейінен биіктігі шамамен 2000 – 3000 метрге дейін жуықтайды. Олардың әрқайсында географиялық орналасу тәртібіне қарай  түрліше ерекшелік сақталған. Айталық, осы көлдердің ең үлкені өзгесіне қарағанда етекке қарай орналасқан Мыңжылқы болса, ал ең суығы ең биігіндегісі болып есептеледі.

Көлсай көлі қазақ топырағындағы ең жас жауһардың бірі болғандықтан, ол туралы аңыз айтудың өзі әзірге артық болса керек. Бәлкім, алдағы мың да миллион жылдықтардың еншісінде айтылар-айтылмас. Ол әсте басқа әңгіме болса керек. Ал осы көл айналасындағы (Ұлттық парк аумағында орналасқан) Қарабұлақ ауылынан төрт шақырым жердегі «Таңбалы тас» аңғарын, Шелек өзеніне Қайыңды өзенінің құйған тұсындағы «Ащылытоғайда» кездесетін тасқа салынған суреттерді және осы аумақтағы қола дәуірінің іздері қалған қолтық-қолтық, қойнауларды атамай кетсек тым әбестік болар. Болашақта осы тарихи жәдігерлерді жаңғыртып, туристер назарына ұсынар болса, Көлсайдың кереметі ел іші ғана емес, кең әлемге жайылар ма еді, кім білсін?!

Біз суреттеп отырған республикалық маңызды туристік нысан – Көлсай көлінен мөлшермен 10-20 шақырым жерде орналасқан Қыземшек шоқысының өзі неге тұрады?! Тұнып тұрған тарих сынды. Сол тарихтың қатпар-қатпар құпиясынан суыртпақтап сыр алып, оны кесек-кесек дүниеге айналдыра алған қаламгерлер де болыпты. Мәселен, осы егіз шоқыны Жетісудың атақты дүлдүл ақыны Ілияс Жансүгіров өз жырында сөзбен қашап қалдырса, жазушы Ғабдол Слановтың оған «Қыземшек» атты повесін арнағанын білеміз. Бұдан бөлек, бұл төңіректе тағы «Бөлтірікті тас басқан», «Әден болыстың ағаш үйі», «Әлиманың ақ тасы» сынды тағы басқа тарихи орындар да көптеп кездеседі. Ал «Сегіз ұлым – бір төбе, Ертөстігім – бір төбе» дейтін ертегі Ерназардың қисынына салсақ, «Қырғын текшенің» орны – бір төбе-ақ. Онда 1916 жылғы Қарқара-Албан көтерілісінің ізі қалған. Бұл тарихи орындар туралы бір кезде «Қазақ әдебиеті» газетінде Тұрдақын Жексенбай ағамыз кеңінен толғап жазған болатын. Бұл көрнекі жерлер Көлсай көліне барар жолдағы Саты ауылына жақын Қайыңды көлі маңында орналасқан.

Қайыңды көлі демекші, ол да Алматы облысының мақтанышының бірі. Әдетте «Көк жәшік» көл бетінен көкке ұмтылған қадау-қадау ағаш діңін көрсеңіз, ол – Қайыңды көлі. Құдды осы көрініс мың арманға ұмсынған көп саусақтай көңілді толқытатыны бар… Ол туралы алдағы уақыттарда осы айдарымызда ретімен кеңінен тоқталатын боламыз.

Отандық туризмнің әзірге ақсап тұрған тұсы сервис мәселесі десек, бұл ретте Көлсай көлі де осы кепті киюде. Онда салынған арнайы заманауи қонақүйлердің жоқтығы, қонақ қабылдаушылардың арнайы шеберлік курстан өтпеуі, тазалық деңгейінің төмендігі, интернет ресурстарының толық пайдаланылмауы – бәрі-бәрі, өкінішке қарай, Көлсай туризмінің қазіргі кемшілігі. Сөйте тұрса да бүгінде өзімізден шетелдік қонақтар қатары көбейіп келеді. Туризм мамандары оны Көлсай көлінің қайталанбас ландшафттық ерекшеліктерімен бірге, көл суының емдік қасиетке ие екенімен түсіндіреді. Тіпті, жергілікті тұрғындар көл суының Шымкенттегі Сарыағаш суынан еш кем емес екенін айтады.

Ал жол мәселесіне келсек, Кеген, Нарынқол бағытындағы жолдың жайы осы өңірге ат терлетіп барғандарға аян болса керек. Кеген бағытынан бағдарыңызды оңға бұрсаңыз, бұл жол сізді Көлсайға апарады. «Бір жол бар – алыс болса да жақын, бір жол бар – жақын болса да алыс» дегендей, Жалаңаш, Кіші Жалаңаш, Қарабұлақ, Саты ауылдары арқылы өтетін аса бір ұзақ емес жолдың әлгі «алыстығы» сол – көлігіңізді «ақсатып» отырып жетесіз.

Біз бұл қордаланған мәселелерді сіздің «Көлсайды көрсем» деген арманыңыздың тамырына балта шабу мақсатымен айтпадық. Керісінше, ғажайып туристік мүмкіндігі бар Көлсай көліне сізден бұрын барған әрбір туристің «Шіркін, жолы жөнделсе ғой» деген арманын орындауға септескіміз келген соң айттық.

P.S. Ол шынында Жетісудың жеті кереметінің бірі. Одан асып Ұлы Даланың ұлтарақтай ғана бұрышындағы таңғажайып жауһары. Айналасы толған алып тарихтың із-дерегі. Бейне теңіз түбінде құм басып, шеті ғана көрініп жатқан алтын сынды. Ал осы алтынды аршып алып, көзқарықтырардай құдіретте жарқырата қою – уақыт талабы.

Қозыбай ҚҰРМАН.      

 

 

  

 

Қатысты жаңалықтар

TikTok Қазақстанда 1,5 млн-нан астам видеоны өшірді

TikTok Қазақстанда 1,5 млн-нан астам видеоны өшірді

11.02.2026
Елде халықтың өмір сүру ұзақтығы 75,8 жасқа жетті

Елде халықтың өмір сүру ұзақтығы 75,8 жасқа жетті

11.02.2026
Сыбайлас жемқорлық рейтингі: Қазақстан 96-орынға төмендеді

Сыбайлас жемқорлық рейтингі: Қазақстан 96-орынға төмендеді

11.02.2026
Күзгі берекенің негізі – көктемгі дайындықта

Күзгі берекенің негізі – көктемгі дайындықта

11.02.2026
Пәтер алудың жаңа мүмкіндігі: Тұрғын үй жинақ жүйесінде қандай өзгеріс бар?

Пәтер алудың жаңа мүмкіндігі: Тұрғын үй жинақ жүйесінде қандай өзгеріс бар?

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.