Талдықорған: +33°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты байлық – денсаулық

13.06.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Басты байлық – денсаулық
WhatsAppTelegramFacebook

Халық денсаулығын сақтау мен өмір сапасын жақсарту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Осы міндетті жүзеге асыру жолында тұрғындарды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ісіне айрықша мән беріліп келеді. Өйткені дер кезінде алынған ем мен тиімді препарат көптеген дерттің асқынуына жол бермей, азаматтардың қалыпты өмір сүруіне ықпал етеді.

Қазақстанда фармацевтикалық қолдау жүйесі екі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Біріншісі – азаматтардың жеке қаражаты есебінен дәрілік өнімдерді сатып алуы болса, екіншісі – мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы ҚР ДСМ №75 бұйрығына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тұрғындардың белгілі бір санаты қажетті препараттармен тегін қамтылады.

Бүгінде қант диабеті, жүрек-қан тамырлары сырқаттары, туберкулез, қатерлі ісік, бронх демікпесі, вирустық гепатит секілді әлеуметтік маңызы жоғары әрі созылмалы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтарға мемлекет есебінен емдік құралдар беріледі. Бұл тізім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен арнайы нормативтік құжаттарға сәйкес айқындалған.

Мұндай қолдауға ие болу үшін тұрғындар өз емханасына тіркеліп, диспансерлік бақылауда тұруы қажет. Дәрігердің тексеруінен кейін элек-трондық рецепт рәсімделеді. Осы құжат негізінде қажетті препараттар ТМККК және МӘМС бағдарламаларына қатысатын дәріханалар арқылы беріледі. Көп жағдайда мұндай пункттер емдеу ұйымдарының жанынан ашылған.

Кей жағдайда қажетті атаудағы өнім уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін. Мұндай сәтте науқас емдеуші дәрігеріне жүгініп, балама нұсқаларды қарастыруға немесе әрі қарайғы әрекеттер жөнінде түсініктеме ала алады. Сондай-ақ, электрондық рецептің жарамдылық мерзімі шектеулі екенін ескерген жөн. Сондықтан маман тағайындағаннан кейін дәріханаға дер кезінде барған абзал.

Тегін дәрілік қамтамасыз ету жүйесі – созылмалы дертке шалдыққан азаматтарды әлеуметтік тұрғыдан қолдаудың маңызды тетігі. Бұл бастама халықтың қажетті емге қолжетімділігін арттырып қана қоймай, аурулардың асқынуының алдын алуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға септігін тигізеді.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша сұрақтар туындаған жағдайда тұрғындар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облыстық департаментінің call-орталығына +7 701 006 59 19 нөмірі арқылы хабарласып, кеңес ала алады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитетінің
Жетісу облыстық департаменті

Қатысты жаңалықтар

Үштөбеде әскери резервті күшейтуге бағытталған жиын басталды

Үштөбеде әскери резервті күшейтуге бағытталған жиын басталды

15.06.2026
Талдықорғанда 400-ден астам сарбаз алғашқы парашюттік секірісін жасады

Талдықорғанда 400-ден астам сарбаз алғашқы парашюттік секірісін жасады

15.06.2026
Ақ үйдің алдындағы төбелес. Кім жеңді?

Ақ үйдің алдындағы төбелес. Кім жеңді?

15.06.2026
Жетісуда қымыз бен шұбаттың бағасы қанша?

Жетісуда қымыз бен шұбаттың бағасы қанша?

15.06.2026
Текеліде ер адамның өліміне байланысты жары күдікке ілінді

Текеліде ер адамның өліміне байланысты жары күдікке ілінді

15.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.