Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бірлік – тұрақтылық пен тыныштық кепілі

Талдықорғанда Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жетекші журналистер мен сарапшылар клубының кеңейтілген отырысы өтті.

15 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Бірлік – тұрақтылық пен тыныштық кепілі
WhatsAppTelegramFacebook

«Көпұлтты қоғамдағы қақтығыстарды реттеуде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі» тақырыбында өткен басқосу ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдағы бейбітшілікті сақтаудағы БАҚ-тың үлесін арттыруды көздейді. Сондай-ақ, этносаралық татулықты нығайтудағы медианың ықпалын талқылауға бағытталған.

Жиынды клуб төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының иегері, журналистер академиясының академигі, «Көзқарас» ақпараттық-талдау порталының бас редакторы, Атсалим Идигов жүргізді. Қатысушылар алдында сөз алған академик әлемде шиленістер өршіп тұрған бүгінгі таңда БАҚ өкілдерінің береке-бірлікті бекемдеп, ұлт құндылықтарын дәріптеуде, көпұлтты қоғамдағы қақтығыстарды реттеуде орны ерекше екеніне айрықша тоқталды.

 – Бүгінде жер жәннаты Жетісу өңірінде 100-ден астам ұлт пен ұлыс ірге тепкен. Аллаға шүкір, қазір олар бейбіт ғұмыр кешуде. Бірлік – қашан да тұрақтылық пен тыныштық кепілі. Бұл кездесу негізгі мақсаты – этносаралық қатынастарда туындауы мүмкін шиеленістердің алдын алып, оны болдырмау. Бұған қоса, медианың конфликт жағдайларына әсер ету мүмкіндіктері туралы жан-жақты пікір алмасуға бағытталған. Бастысы – БАҚ өкілдерінің аймақтағы қоғам орнықтылығын сақтап, халықтың ынтымақты өмір сүруіне ықпал ету,– деді Атсалим Саламұлы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Журналист – мәртебелі мамандық. Ол – ақиқат сөздің, өткір ой мен шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы. Сондықтан біз медиа саласының мамандарына әрдайым зор құрметпен қараймыз. Түптеп келгенде, мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді, ел тағдырын шешуге атсалысады. Өйткені ұлт баспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде де өзектес болған. Қазір де солай. Біздің мақсат-мұратымыз ортақ,– деп анық атап көрсеткен болатын.
Осыған сай Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этносаралық қатынастар бойынша арнайы жетекші журналистер клубы 2009 жылдан бері  жұмыс жасауда. Ақпарат саласының үздік ардагері, Атсалим Идиговтың бастамасымен құрылған бұл клубқа биыл 15 жыл толып отыр. Аталған клуб бірлікті ту етіп, өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрін құрметтеу, тыныштықты, мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асуын кеңінен насихаттап, оны дамытуға бағытталған. Осы уақытқа дейін оған мүше қаламгерлер өңірдегі ұлтаралық татулықты жария етуде, қоғамдық келісімді сақтап, тұрақтылықты нығайту бағытында жемісті жұмыс жасап келеді.  Атап айтқанда, әр ұлттан құрам тапқан кулб мүшелері салт-дәстүрді жаңғыртып, ұлт құндылықтарын ұлықтау арқылы өңір мәдениетін өркендету жолында атқарылған әрбір істі кеңінен ақпараттандырып, қоғамның дамуына  өз үлесін қосуда. Қазір бұл кулб аймақтағы БАҚ-тың күш-жігерін біріктіруде тұрақты жұмыс істейтін, консультативтік-сараптамалық бірден бір алаңға айналған.

Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20
Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.