Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Дәрігер қызанақ пен қиярдан жасалған салаттың пайдасын жоққа шығарды

26 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Дәрігер қызанақ пен қиярдан жасалған салаттың пайдасын жоққа шығарды

Freepik

WhatsAppTelegramFacebook

Танымал әрі салауатты өмір салтын ұстанушылар арасында жиі тұтынылатын қызанақ пен қиярдан жасалған салаттың пайдасы асыра бағаланады. Бұл туралы Санкт-Петербургтегі «СМ-Клиника» медициналық орталығының гастроэнтерологы Андрей Констанденков Lenta.ru басылымына берген сұхбатында айтты.

Маманның сөзінше, бұл салат жеңіл, витаминдерге бай және ас қорытуды жақсартады деген пікір кең таралған. Алайда ол қызанақ пен қиярдың пайдалы микроэлементтері көп болғанымен, олардың құрамындағы жасұнық (клетчатка) мөлшері өте аз екенін алға тартады. Бұл дайын салаттың қоректік құндылығын айтарлықтай төмендетеді.

Мысалы, 100 грамм қызанақта бар-жоғы 1,2–1,5 грамм, ал 100 грамм қиярда 0,5–0,7 грамм ғана тағамдық жасұнық бар. Демек, 400 грамм салат (бұл қалыпты үлкендеу порция) бар болғаны шамамен 5 грамм ғана жасұнық береді. Ал бұл — өте аз. Себебі ересек адамға тәулігіне 25–30 грамм жасұнық қажет.

Осыған байланысты Констанденков салат дайындағанда қияр мен қызанақпен бірге клетчаткаға бай өнімдерді қосуды ұсынады. Мәселен, ақбас қырыққабаты, қызылша, сәбіз, авокадо секілді көкөністер пайдалы болмақ. Сонымен қатар салатқа жаңғақтар, дәнектер немесе зығыр дәнін қосу да жақсы шешім — олар тағамның қоректік тығыздығын арттырады және қосымша клетчаткамен қамтамасыз етеді.

«Алғашында мұндай құрам таңсық көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде бұл өнімдер бір-бірімен жақсы үйлесіп, тамақтану мәзірін әрлендіре түседі», — деді дәрігер.

Дереккөз: Stan.kz

Қатысты жаңалықтар

Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.