Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

30 спорт нысаны салынды

8 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
30 спорт нысаны салынды

championat.com

WhatsAppTelegramFacebook

Бұқарлық спортты дамыту және халықты белсенді түрде спортқа тарту мемлекеттің басты басымдығының бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұқаралық және балалар спортын дамытуға ерекше назар аударып, осы негізде әлемдік аренада жүлделі табыстарға жетуге ұмтылу керек» деп атап өтіп, спорттық кешендердің халыққа қолжетімділігін арттыру қажет екенін айқындады. Осыған орай Жетісу өңірінде заманауи спорт кешендері бой көтеруде.

Қазір қалаға ғана емес, ауылға да барып қалаған спорт түрімен айналысуыңызға болады. Облыс құрылғалы әр өңірде 30 спорт нысаны салынды. Атап айтқанда 2022-2024 жылдар аралығында елді мекендерде 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 7 спорт кешені, 2 күрес залы, 10 блокты-модульді спорт кешені, 2 футбол манежі, 2 ангар үлгісіндегі спорт кешені, мұз аренасы, стадион, спортшыларға арналған тұрғын үй, үстел теннисі, волейбол орталығы салынды.

Көксу, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласындағы стадиондарға күрделі жөндеу жүргізілді. Текелі қаласында өткен жылы ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешені қазіргі кезде жемісті жұмыс істеп тұр, мұндай кешен тіпті облыс орталығында жоқ. Алакөл ауданы Лепсі ауылында 160 орынды дене шынықтыру-сауықтыру орны мен жатақхананың құрылысы жүргізілуде. Қабанбай ауылына 80 орынды спорттық кешен тұрғызылды. Талдықорғанда көркем гимнастикаға арналған залдың құрылысы басталды. Биыл Қаратал ауданы Кәлпе ауылында инвестор есебінен блокты-модульді үстел теннисі кешені салына бастады. Сонымен қатар, Қаратал ауданындағы Алмалы, Кербұлақ ауданындағы Қарашоқы және Сарыбастау, Көксу ауданындағы Талапты ауылында блокты-модульді спорт кешендерін салу жоспарлануда. Облыста 3 спорттық нысанды салуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді.

2022 жылдан бері бокс және дзюдо бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиадалық, олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектептері, волейбол, хоккей ұлттық спорт түрлерінен клубтар ашылды.

Қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында 2024 жылдың басынан Талдықорған қаласының №1 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде керлинг, шорт трек және шайбалы хоккей бойынша бөлімшелер спортшылар игілігіне берілді. Сонымен қатар, сәуір айында Талдықорған қаласы №1 ОРМБЖМ-сында Ескелді және Көксу аудандарындағы спорт мектептерінде шайбалы хоккей спорт түрінен бөлімшелер ашылды. Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша өңірде алғаш рет аула және мектеп командалары арасында футбол, волейбол және баскетболдан облыстық турнир өтеді.

Ауыл спортын дамыту мақсатында осындай игі шаралар жиі ұйымдастырылса, қарадомалақ балалар мен қаракөз қыздардың арасынан ел тарихында есімі қалатын тарланбоздар шығары анық.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20
Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.