Бұл туралы ҚР Экология, табиғи ресурстар және метеорология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ресми парақшасында хабарланды.
Фототұзаққа түскен кадрларда барыстың өз тіршілік аумағын жүйелі түрде шолып жүргені анық байқалады. Мамандардың айтуынша, жыртқыш бұл аймақта шамамен төрт ай бойы тұрақты тіршілік еткен. Бейнематериалдар ұзақ мерзімді бақылау нәтижесінде жиналған.
«Алынған деректер қар барысының тіршілік ету ортасы мен мінез-құлқын зерттеуде ерекше ғылыми маңызға ие», – делінген ресми хабарламада.
Қар барысы – Қазақстан аумағында өте сирек кездесетін, жоғалу қаупі жоғары жыртқыштардың бірі. Оны қорғау мен тіршілік ету жағдайын зерделеу табиғат сақтау саясатының басым бағыттарының бірі болып саналады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram





