Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қарбызды қай айдан бастап жеген дұрыс

19 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Қарбызды қай айдан бастап жеген дұрыс

sport-express.ru

WhatsAppTelegramFacebook

Қарбыз – жаздың ең тәтті әрі шөл қандырар жемістерінің бірі. Ол түрлі дәруменге бай және аптап ыстықта ағзаның су балансын қалпына келтіріп, қан қысымын төмендетуге көмектеседі. Алайда қарбыздың да өз маусымы бар. Мамандар оның тым ерте піскен түрін жеуге асықпауға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, қазіргі уақытта сауда сөрелерінде тұрған қарбыздардың басым бөлігі – Түркия мен Өзбекстаннан әкелінген немесе жылыжайда өсірілген жемістер.

«Қарбыздың ең ерте пісетін сұрыптарының өзі тек шілденің соңына қарай жеуге жарамды болады. Ал табиғи жағдайда піскен, нағыз пайдалы қарбыздар тамыз айының ортасы мен қазан айының басына дейінгі аралықта саудаға түседі. Себебі қарбыз ыстықты жақсы көреді, күн сәулесімен піседі», – дейді ведомство өкілі.

Жылыжайда өскен жемістерден қауіп бар ма?

Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, жылыжайда өсірілген қарбыздар нитрат мөлшерінің көп болуымен қауіпті болуы мүмкін. Минералды тыңайтқыштардың шамадан тыс қолданылуы жемісте нитраттар мен басқа да зиянды қосылыстардың жиналуына алып келеді.

«Жылыжайда өсірілген жемістерге нитраттар көп қосылады. Бұл – жемістің тез пісуіне әсер етеді. Бірақ артық мөлшерде қолданылған тыңайтқыштар мен пестицидтер адамдардың улануына себеп болуы мүмкін. Қарбыздар инсектицидтермен, гербицидтермен және фунгицидтермен өңделеді. Сондықтан ерте пісетін қарбызды абайлап тұтыныңыз», – дейді ол.

Қазақстанда бақша дақылдарына қолданылатын нитраттардың рұқсат етілген шекті көлемі – 60 мг/кг. Егер бұл шектен асып кетсе, жеміс адам денсаулығына қауіпті саналады.

Сапалы қарбыз қашан келеді?

Мамандар нағыз піскен, табиғи жолмен өсірілген қарбыздар еліміздің егіс алқаптарынан тамыз айының екінші жартысында жеткізілетінін айтады. Дәл осы кезеңде қарбыз тәтті де пайдалы болады.

Алайда бұл ерте сатылып жатқан барлық қарбыз қауіп төндіреді деген сөз емес.

«Кейбір елдердің климаты қарбыздың маусым айында табиғи түрде пісуіне мүмкіндік береді. Бірақ елге келген әр партия міндетті түрде санитарлық сараптамадан өтеді. Егер нитрат көрсеткіші нормадан асып кетсе, ол өнім сатылымнан алынып тасталады», – дейді Мұхамғали Арыспаев.

Қарбыз – жазда жиі тұтынатын жемістің бірі болғанымен, оны дұрыс маусымда жеу маңызды. Мүмкіндігінше шілде айының соңына дейін қарбыздан бас тартып, тамызда піскен табиғи өнімді таңдаған жөн. Сонымен қатар қарбызды сенімді дүкендер мен базарлардан сатып алған дұрыс. Осылайша, өз денсаулығыңызды қорғап, жазғы жемістің нағыз пайдасын көре аласыз.

Дереккөз: baq.kz

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.