Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Тоқаев: «Әділетті Қазақстан үшін заң мен тәртіп үстем болуы керек»

23 маусым 2025
КҮЛТӨБЕ
Тоқаев: «Әділетті Қазақстан үшін заң мен тәртіп үстем болуы керек»

Ақорда

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйлеп, әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құрудың негізгі қағидаттарын атап өтті. Президенттің айтуынша, елдің болашағы заң мен тәртіп үстемдігіне тікелей байланысты, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы Ақордаға сілтеме жасап. 

«Заң және тәртіп» – ұлттың рухымен сабақтас ұғым

Президент өз сөзінде әділетті мемлекет құру жолында құқықтық мәдениетті көтерудің маңызын баса айтты.

«Әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құру үшін заң мен тәртіп үстемдігін түбегейлі орнықтыру керек. Бұл – барша азаматтың мүддесін, құқығы мен бостандығын қорғаудың мызғымас тірегі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру және құқық қорғау жүйесін жетілдіру – ауқымды әрі маңызды міндет екенін айтты.

Қазақ халқының құқықтық мұрасы – маңызды негіз

Мемлекет басшысы қазақ халқының ежелден құқыққа ерекше мән бергенін тілге тиек етті. Ол «Заң және тәртіп» қағидаты халқымыздың рухы мен дүниетанымына толық сәйкес келетінін атап өтті.

«Қазақ халқы қай заманда да заңға бас иген, дала заңын сақтаған халық. Бұл – біздің қанымызға сіңген қасиет», – деді Президент.

Ол түркі дәуірінен бастап Алтын Орда мен Қазақ хандығына дейінгі тарихи кезеңдерде қалыптасқан құқықтық жүйелерді ерекше атады. Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» – Ұлы даланың төл конституциялары ретінде сипатталды.

«Атадан балаға жалғасқан бұл заңдар мемлекеттілік дәстүрін нығайта отырып, қоғамдық дамуға ерекше ықпал еткен. Ұлы далада еркіндік пен әділдік, ар-намыс пен адамгершілік, тілеулестік пен жауапкершілік бәрінен биік тұрған», – деді Тоқаев.

Құқықтық сананы арттыру – басты міндет

Президент халықтың құқықтық сана-сезімін дамыту үшін ұлттық құқықтық мұраны зерттеп, кеңінен насихаттау қажет екенін де атап өтті.

«Біз ата-бабамыздың бірегей құқықтық мұраларын мұқият зерделеп, жан-жақты насихаттауымыз керек. Бұл – халқымыздың құқықтық сана-сезімін арттыратын маңызды фактордың бірі», – деді Мемлекет басшысы.

Қатысты жаңалықтар

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Бүгін, 16:48
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Бүгін, 16:30
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Бүгін, 16:19
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Бүгін, 16:11
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

Бүгін, 15:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.