Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Шабындық қурап жатыр

18 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Шабындық қурап жатыр
WhatsAppTelegramFacebook

Кербұлақ ауданына қарасты ауылдардың жағдайы мәз емес. Маусым-шілде айларындағы жауын-шашын мөлшерінің аздығынан шабындықтар қурап, күйіп кеткен. Қоғалы ауылдық округі таулы аймақта орналасса да шаруалар шөп шығымы жылдағыдан сирек екенін айтады. Десе де қамсыз қарап жатпай шөп шабу науқанына білек сыбана кірісіпті. 

«Жасұлан» шаруа қожалығының басшысы Қайратбек Жансұлтанов шабындыққа дер кезінде шалғы салмаса күннің ыстығынан аз шөптің өзі күйіп кететінін алға тартады. Дегенмен жеткілікті түрде қор жинап алуға болады деген пікірде. Енді түсер жауын-шашыннан жердің көктеуі неғайбыл мәселе екені анық.

– Биыл қуаңшылық болып жатыр, шөптің шығымы жылдағыдан аз. Қазір ел осы шөп науқанына бел шеше кірісуде. Жалпы екпе шөп те бар, ол да халықтың бір жыртығын жамайды. Біз 200 тонна сүрлем дайындадық, Енді 100 тонадай шөп жинау керекпіз. Негізінде одан артығырақ қажет. 100 тонна сабан жинасақ біразға жетіп қалады, – дейді ол.

Кербұлақ ауданында 15 ауылдық округ бар. Аудан тұрғындарын шөппен қамту үшін 313 мың тоннадан астам шөп жинау керек.  Бүгінде оның тек 97 мың тоннасы жиналыпты.  Ірі фермерлерден бөлек ауыл орталықтарында мал ұстайтын тұрғындар бар. Оларға жемшөп дайындауға шаруа қожалықтары да жәрдем беруде.

– Аудандағы шаруа қожалықтар мен ауылдық округ әкімдері шөпті қажетті мөлшерде жинау бойынша жиын өткізді. Барлық шаруалардан мал тізімі жасалынып қанша жемшөп керектігіне талдау жасалды. Қазіргі кезде ауарайының қолайсыздығына байланысты ауданның жазықтағы елді мекендерінде шөп мәселесі күрделі. Оның шешу жолдарын қарастырып жатырмыз.  Сонымен қатар көршілес ауылдардан мал азығын тасу жолдарын да қарастырудамыз, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Еркебұлан Жармұхаметұлы.

Жалпы Қоғалы аулдық округінде қыс ұзақ болады. Осыны негізге алған шаруашылықтар жыл сайын шөпті жоспардан асырып шауып жүр. Бірақ, биыл жауын-шашынның аздығынан ауданда шөптің шығымы нашар. Соған қарамастан жылдық қор әзірленеді – деп сендіреді сала мамандары.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.