Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Адал кеңес алаңы

Талдықорған қаласының кіндігі Орталық саябақта ел мүддесіне арналған бір игі шара өтті. Ала жаздай аптап ыстық пен тынымсыз тіршіліктің қарекетінен қабағы қатайған жұрт бұл жолы өз мәселесіне жауап тауып, ертеңіне үмітпен қарады. Ұйымдастыру шылбыры «Jetisý jastary» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолында болған ауқымды жиын жанашырлықтың жұпар лебі, ізгіліктің иісі аңқыған «Adal komek» атты кеңес алаңы еді.

24 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Адал кеңес алаңы

Screenshot

WhatsAppTelegramFacebook

Жастардың тағдырына араша түсіп, болашағына бағдар болар мемлекеттік бағдарламалар осы күні қаз-қатар тізілді: «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Отбасы банкі» АҚ арқылы ұсынылатын жеңілдіктер, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» секілді бағдарламалар егжей-тегжейімен түсіндірілді. Қызығушылық танытқан қаракөз жастарға қайда барып, кімге жолығу керек, қандай мазмұндағы жоба ұсынғаны жөн, барлығы байыппен баяндалды. Брошюралар таратылып, әрбір сөз зерделі көңілге қонақтады.

Шара барысында келушілер тарапынан қойылған сан алуан сауалға нақты әрі толық жауап қайтарылды. Елдің еті тірі, рухы сергек екен. Талай жастың көзінде сәуле, жүрегінде жігер байқалды.

Бұл жолы жиналғандар саны елуге жуық болғанымен ықылас пен ниет мыңға татырлық. Себебі келгендердің бірі – жұмыс іздеп жүрген бозбала, екіншісі – ауылға барып еңбек етсем деген арман жетегіндегі бойжеткен, үшіншісі баспананың жолын қарастырған жас отбасы. Әрқайсысының арманы әртүрлі, бірақ үміт артқан мекені мемлекет ұсынған мүмкіндіктер.

Іс-шараның бел ортасында жүрген мекеме маманы Маржан Абдулманатова:

– Мұндай кеңес беру жұмыстары елмен етене жақын болудың, бір ауық жұртпен жүзбе-жүз тілдесудің таптырмас жолы. Бұл бастамалар уақыттың талабы ғана емес, жүректің қалауы. Әлі талай игі істерге ұйытқы боламыз, – дейді.

Расында, «Jetisý jastary» алдағы уақытта да осындай басқосуларды жиілетуді көздеп отыр. Ел қамын ойлаған елгезек жастардың еңбегі осылайша ел көңілінен шығып, үгіт-насихат жұмыстары нәтижелі түйінделді.

Көш бастайтын көсемнің, жол бастайтын ердің артында – рухани тірек, адами жылулық болуы шарт. Бұл жолғы «Adal komek» алаңы дәл сондай адалдықтың айғағы, ізгіліктің іргесі болды. Жас буынға бағыт, ұшқыр көңілге жігер берген бұл бастама ел ертеңінің іргетасын қалап жатқанын аңғартты.

С. КӘКІМҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.