Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Алакөлдегі ахуал: Президент сынынан кейін не өзгерді?

29 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Алакөлдегі ахуал: Президент сынынан кейін не өзгерді?

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Тек Қазақстан емес, алыс-жақын шетелден келіп демалатын Алакөл көлінің қазіргі жағдайы мемлекет назарына ілікті. Олай дейтін себебіміз, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін бұл аймаққа ерекше назар аударылды. Кейіннен туризм саласының инфрақұрылымдық кемшіліктері ашық айтылып, нақты шешімдер қабылданды. Төменде Алакөл төңірегіндегі туристік ахуалдың жай-күйі мен оны жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланады.

Биыл шілде айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөл көлінің туристік аймағының жағдайына қатысты Үкіметке сын айтты. Президенттің айтуынша, Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қабылдауға дайындығы төмен, инфрақұрылым жүргізілмеген, қызмет көрсету мен қауіпсіздік деңгейі тиісті деңгейде емес.

Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл сыны тұрғындардан келіп түскен көптеген шағымдарға негізделді. Әсіресе, инфрақұрылымның жоқтығы, санитариялық талаптардың сақталмауы, қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігі тек биылғы емес, осы уақытқа дейін орны толмаған олқылықтар еді.

Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін Үкімет құрамындағы ведомствоаралық жұмыс тобы Алакөл курорттық аймағына арнайы тексеру жүргізді. Вице-премьер Ермек Көшербаев пен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс аймақтарын тексерді

Тексеру барысында төмендегі басты кемшіліктер анықталды:

  • кейбір жағажайларда санитарлық тораптар, душ кабиналары, қоқыс жәшіктері жоқ;

  • су көліктерінің бақылауы жеткіліксіз;

  • құтқару мұнаралары мен ақпараттық белгілер жетіспейді;

  • қалтқылар мен қоршаулар болмаған.

Сондай-ақ, жергілікті әкімдіктер тарапынан коммуналдық жағажайларды басқаруда өрескел заңбұзушылықтар тіркелген:

  • кассалық тәртіптің бұзылуы;

  • чек бермей жұмыс істейтін кәсіпкерлер;

  • санитариялық талаптардың сақталмауы.

«Коммуналдық жағажайда демалуға келетін адамдар да жекеменшік демалыс аймақтарындағыдай базалық жайлылықпен, қауіпсіздікпен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл – әділеттілік қағидасы. Адам қай жерде де таза, тәртіпті әрі  ретті  ортада демалуы керек», — деп атап өтті Ермек Көшербаев.

“Туристік қызметтердің сапасын арттыру – саланы дамытудың басты міндеттерінің бірі. Туристер ағынының артуына қарамастан, бірқатар курортты өңірде қызмет көрсету деңгейі заман талаптарына сай келмейді. Министрлік «Туристік қызмет туралы» Заңға міндетті стандарттар енгізу, өкілеттіктерді кеңейту және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған түзетулер әзірлеуде. Бұл қауіпсіздік, жайлылық пен жоғары деңгейдегі қызметті жүйелі түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Басты мақсатымыз – отандық туристердің демалысын сапалы әрі қауіпсіз ету”, – деді Ербол Мырзабосынов.

Сонымен қатар, туристік инфрақұрылымды дамытудың Жол картасы әзірленіп, жүйелі мәселелерді шешу жолдары айқындалмақ. Бұл процесті тұрақты үйлестіретін Жобалық кеңсе құрылып отыр.

Қазіргі уақытта Алакөлдің Ақши мен Көктұма жағалауындағы 17 шақырым аумақта тәулік бойы патрульдік бақылау жүргізілуде. Бұл жұмыстарға аудандық жедел-құтқару бөлімшесінің 18 қызметкері мен 8 моторлы қайық жұмылдырылған.

Облыстық көлік бақылау инспекциясы мен ішкі істер қызметі де қауіпсіздік пен заң талаптарының орындалуын бақылауда:

«Қауіпсіздік тек құрлықта емес, суда да қатаң бақыланады. Биыл жүзден астам заң бұзушылық тіркеліп, тиісті шаралар қолданылды», – дейді жедел-құтқару бөлімшесінің басшысы Марат Смағұлов.

«Ақши ауылында тұрақты 600 адам тұрса, жазда туристер саны 60 мыңға дейін жетеді. Биыл туристік маусымда 2 миллионнан астам адам келеді деп күтілуде», – деп мәлімдеді Ырғайты ауылдық округінің әкімі Дәуренбек Мұқабаев.

Жетісу облысына келген туристердің негізгі шағымдары:

  • Жол жағдайының нашарлығы;

  • Интернет пен байланыс сапасының төмендігі;

  • Демалыс орындарындағы қызмет көрсету мәдениетінің төмендігі;

  • Медициналық қызметтің қолжетімді еместігі.

2024 жылғы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының» әлеуметтік сауалнамасына сәйкес, туристердің 62 пайызы инфрақұрылым мен сервиске қанағаттанбайтынын көрсеткен. Ал 78 пайызы ішкі туризмді қолдай отырып, қолайлы жағдай жасалса, шетелге шықпай-ақ демалатынын айтқан.

Туризм саласының сарапшысы, экономист Ғани Қалиевтің пікірінше, Алакөл – Қазақстандағы ішкі туризмнің болашағы бар бағыты. Бірақ оның дамуы жүйелі жоспар мен инвестицияға тәуелді:

«Бізде табиғат бар, бірақ инфрақұрылым, сервис, логистика ақсап тұр. Бұл бағытта мемлекеттік қолдау, жеке инвестиция және қоғамдық бақылау қатар жүруі керек», – дейді сарапшы.

Жетісу облысында туризмді дамыту үшін сарапшылар мен ведомстволар мынадай шараларды ұсынады:

  1. Инфрақұрылымды жаңғырту – жол, жарық, су, санитарлық тораптар, абаттандыру.

  2. Қызмет көрсету сапасын арттыру – қызметкерлерді оқыту, сервистік мәдениет қалыптастыру.

  3. Кәсіпкерлерге қолдау – жеңілдетілген несие, салықтық ынталандыру.

  4. Қауіпсіздікті күшейту – су көліктері мен жағажайда қадағалау.

  5. Ақпараттық қамту – онлайн карталар, бронь жүйелері, QR-тақталар.

Жетісу облысы құрылғаннан бері Алакөл ауданы бойынша туризм саласын дамытуға 12,3 млрд. теңге бөлінген. Мемлекеттік қолдаудың арқасында жағалаудағы электр қуаты жетіспеушілігі мәселесі шешімін тапты. Атап айтқанда, Ақши және Бескөл ауылдарының арасында жоғары кернеулі 56,8 шақырым электр желісі мен 2 қосалқы станцияның негізгі құрылысы салынды, қазір абаттандыру жүргізілуде, дайындық деңгейі 95 %.  Өткен жылдары Ақши ауылында ұзындығы 69,7 шақырымды құрайтын магистралды кәріз желісі салынды.  Былтыр көл жағасында демалушылар саны 1,7 млн. адамға жетті, алдыңғы жылғы көрсеткішке қарағанда демалушылар қатары 6,2%-ға, қызмет көрсету көлемі 1,8 есе өскен.

Алакөл ел туризмінің басты брендіне айналды. Алайда кешміліктердің бары, оны кезең-кезеңмен шешу керектігін уақыт талабы көрсетті. Президент сынынан кейін нақты өзгерістер басталды. Алдағы уқатта бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуы тиіс.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.