Талдықорған: +29°C
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Шыбық умен емес, сумен өссін

30.08.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Шыбық умен емес, сумен өссін
WhatsAppTelegramFacebook

У іше аласыз ба? Сұрақты көріп шошымаңыз, шоршымаңыз. Кесеге құйып берген уытты ішуге батылыңыз жете ме? О, тоба өз-өзіне қиянат жасауға кімнің қолы барсын? «Уды өзім түгіл, дұшпаныма бермеймін» дейтін боларсыз?! Бұл үгіт емес, жай сұрақ. Ал біреуге у бере аламысыз? Пақыр-ай, тықыр таядың демеңіз, тақырып ашу үшін санаға сыймас сұрақ қоюға тура келіп тұр. 

Өзі түгіл, досы түгіл дұшпанына өлім тілемейтін қазақ маңайына у шашып жүргендей көрінеді кейде. Сенбейсіз бе? Дәйек болсын:2024 жылы 4 қазанда 16 жасар Шерзат Болат жүрек тұсына сұғылған пышақтан өлді. 2025 жылы желтоқсанда Қарабалиндер отбасы тұтас пышақтан ана дүниеге кете барды. 2026 жылы Нұрай Серфікбай 21 жасында 36 мәрте сұғылған пышақтан қаза тапты. Тізбектей берсек, тізім ұзын сонар. Сан дегенің сананы сүріндіреді. Бір қызығы кей жұрт мұны қалыпты жағдайға теліп жүр. Бұрын да осындай қанқұйлы жайттар болған екен. Қазір әлеуметтік желі бар, ақпарат лезде желдей еседі-мыс. Адамның өлімі қашан қауіпті жағдайдан қалыпты жайға өтіп еді?! Әлде өлімге де ет өліп кеткендей ме?! Бәлки, көршінің қазасын қайғыра қабылдайтын қазақтың қазір қабырғасы қайыспайтын болатқа айналған ба?!

Көп сұрақтың ішінен маңыздысына жауап беріп көрелікші. Қыбырлаған құмырсқаға да қиянат жасамайтын қазаққа бері қарағанды беттен алатын, ары қарағанға пышақ салатын не күн туды?! Жауына да мейіріммен қарайтын қайырымды жұрт қай жерден жаңылды? Неден сүріндік? Бәлки, «Жау жоқ деме, жар астында» дегенді жаңсақ түсініп, «жүзіңді қайтарғанды жау көр» деп жүрміз бе?! Жоғарыда үш мысалды дәйек еттік. Үшеуінде де себеп біреу, жәбірленген тарап жәбірлеушінің қарекетіне қарсылық танытқан. Қарсылық қастық емесін ұқпаса керек, пышақ ала ұмтылған. Қойдың өзін «біссімілләсіз» бауыздамайтын дана халықтың ұрпағы адамды қой құрлы көрмей тұр. Иманның әлсірегені ме?! Иман бесіктен, тәрбиемен беріледі. Сонда қыр астынан емес, қасынан жау іздеу тал бесіктен басталғандай.

Ағаштың қисықтығы шыбығынан. Қытай бұқарасында «бонсай» деген дәстүр бар. Жапон жұртына да әбден сіңген. Ағашты қортық әрі қисық, бұралаң етіп өсіру. Ол үшін қос халық көп күш салады. Қазақ үшін ұрпақ шыбық. Оның түзу өспегі ұрпағымен мың жасайтын халық үшін ұлы мұрат. Қазір сол мұраттан жаңылып, түзу бұтаны қиындықсыз қисық өсірудеміз. Бірін көктей солдырудамыз. Бұрынғы тәрбиеде үш тінді көзден де, құлақтан да таса қылдық: жаман болады, обал болады һәм сауап болады. Бұл үш «боладының» төркіні әлсізге қамқорлық, кішіге ізет, үлкенге құрмет пәлсапасымен астасып жатыр. Халық даналығы даңғайыр даладай кең ғой. Сол кеңдікті ұрпаққа өткізбеу кейде қоғамдағы кемдікті суреттеуде.

Қазір бәрі білімді. «Біліп туғандарды» айтпағанда біліп алғандардан көз сүрінеді. Сонда да айтайық, «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген екен әлемнің екінші ұстазы. Біріншісін былай қойғанда, екіншісінің тілін алмай жүрміз. «Баламды медресеге біл деп бердім» дейтін данышпан Абайды тыңдау әлдеқашан қалған. Бәрін қойшы, сөзін өзгертсек Әбу Насыр өкпелей қоймас, «Тәрбиесіз берілген білім у». Обал мен сауап, жақсы мен жаманның жігін айырар тәрбиесіз білім беріп жатқанымыз жоқ па? Бала айтқанды істемейді, көргенді істейді. Оған мысал жетеді: Семейде «кетемін» деген әйелін бейсбол битасымен, Атырауда 3 жасар қызының көзінше азаматтық некедегі әйелін ұрып өлтірген еркек. Шардарада 70 жастағы әкесін сабап ажал құштырған ұл. Санамаласақ саусақ жетпес. Бірақ тәрбие, оның ішінде обал болады, жаман болады, сауап болады тілімізден ғана емес, ісімізден көрінуі тиіс шығар!? Шыбық умен емес, сумен өссін!

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Шыбық умен емес, сумен өссін

Шыбық умен емес, сумен өссін

30.08.2026
Сәлеммен басталған сыйластық

Сәлеммен басталған сыйластық

30.08.2026
Жастарға үміт артамыз, мүмкіндік береміз бе?

Жастарға үміт артамыз, мүмкіндік береміз бе?

30.08.2026
Ұлты – поляк, тілі – қазақ

Ұлты – поляк, тілі – қазақ

29.08.2026
Отабек Ирисматов: қазаққа қызмет етпей қоймаймын

Отабек Ирисматов: қазаққа қызмет етпей қоймаймын

29.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.