Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Құмды далада көк шықты: суару жүйесін ойлап тапқан шаруа

7 тамыз 2025
КҮЛТӨБЕ
Құмды далада көк шықты: суару жүйесін ойлап тапқан шаруа
WhatsAppTelegramFacebook

Көксулық Қуат Қибат заманауи суару жүйесін ойлап тапқан. Ол өзі құраған құрылғысының арқасында бір бұлақтың суын компьютер арқылы басқарып, құм ішіндегі 200 гектар жерді игеріп отыр. Тамшылатып суарудың жаңа әдісін тапқан мұраптың егіні жайқалып тұр.

Егінші ойлап тапқан техникалық құрал бірнеше жұмысты бірден атқарады. Тұқым себеді, арам шөптің қаптап кетпеуі үшін жылтыр төсегіш төсейді. Бұдан бөлек, суды үнемдей- тін тамшылатып суаруға арналған жіңішке құбырды салып шығады. Мұнымен тәулігіне 24 гектар егістік алқапты сумен қамтуға болады. Сондай-ақ тыңайтқышты себуге арналған сандығы да бар.

Қуат Қибат шөлейт жерде егін егіп еңбектің ебін тапқан жан. Алғашында айналасындағылар істеген ісінің бос әурешілік екенін айтқан. «Шығынға ұшырайсың», деп те ескерткен көрінеді. Алайда көптің дегеніне көнбеген ол тәуекелге бел буып, егін егеді. Қазіргі уақытта жаңа техниканың арқасында егіні көктеп тұр. Көңілі қуанышқа толы.

– Мен бұл техникамен 8 сағатта 12 гектар алқапты суарамын. Суды ысырап қылмай, үнемдеуге пайдалы. Жалпы мұндай құрылғыны қытайлар көптеп ойлап табады. Қазақстанда жұмыс істетіп жатқан бірінші адаммын. Қазір бұл құрылғымен күнбағыс алқабын тамшылатып суарып отырмын. Болашақта кәсібімді ұлғайтсам деген мақсатым бар, – дейді «Қибат» шаруа қожалығының басшысы Қуат Қибат.

Оның айтуынша, бұрындары бір құлақ сумен бір гектар жерді бірнеше күн суаратын болған. Егінші бұл құрылғы арқылы 200 гектар жерді 8 күнде суарады екен. Егінді дәрілеу кезінде адам күші қажет емес екенін айтады. Техниканы да бір батырмамен басқарады.

Қуат Қибат тоқ көзі болса мұндай мүмкіндікпен екі мың гектар жерді игере алатынын айтады. Әзірге электр қуатын жанармай арқылы істейтін мотор арқылы алып отыр. Ол өз ісін әрменқарай ұлғайтуға үкімет тарапынан қолдау болса дейді.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады? Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін, 12:03
Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Елордада допингке қарсы жаһандық жиын өтті

Бүгін, 11:18
ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

ЖИ дәуіріндегі энергия тапшылығы: Қазақстан бірнеше АЭС салуды жоспарлап отыр

Бүгін, 09:33
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынады

Бүгін, 09:28
Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қар мен жел күшейеді

Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды: қар мен жел күшейеді

Бүгін, 09:23

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.