Талдықорған: +17°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаркент өңірінде су тапшылығын шешу үшін үш ірі су қоймасы салынады

09.11.2025
КҮНДЕРЕК
Жаркент өңірінде су тапшылығын шешу үшін үш ірі су қоймасы салынады

Қорғас өзеніндегі халықаралық «Достық» су бөлу бекеті

WhatsAppTelegramFacebook

Әлемде тұщы су қоры жыл сайын азайып барады. Бұл құбылыс соңғы жылдары табиғи су көздері мол біздің елде де айқын сезілуде. Сондықтан егін шаруашылығында тамшылатып, жаңбырлатып суару технологиясын жандандыру күн тәртібіне қойылып отыр. Облыста қазір 9 мың гектарға жуық алқап осы әдіске көшті. Соның жартысына жуығы Жаркент өңірінің еншісінде.

Аудандағы егін негізінен суармалы жерде өсіріліп, өнім алынатындықтан мұнда егін алқабының ылғалын технологиялық талапқа сай ұстау жүйесінің рөлі ерекше. Өңірдегі жүгері дақылының тұқымы алдымен суарылған жерге себіледі. Одан кейінгі өніп, өсу кезеңінде күннің ыстықтығы мен топырақтың құрғақ сары, сортаң болып келетіндігінен өсімдік суды көп қажет етеді. Орта есеппен жүгері жетілгенінше 5-7, тіпті кейбір құмдауыт, тастақ жерлерде 10 мәрте суарылуы шарт. Өңірде өсірілетін басқа дақылдардың да суға деген сұранысы жоғары.

norma.uz

Соңғы жылдары құрғақшылықтан, су тапшылығынан, аудан шаруашылықтары мен шаруа қожалықтарының көбеюінен су бөлуде күрделі мәселелер туындап, егіншілер қажетті мөлшерде суару жұмысын атқара алмай жүр. Бұл мәселені аудандағы су шаруашылығы қызметкерлері қожалықтарға берілген су мен уақытты тиімді пайдалануды реттеу арқылы жолға қойып келеді. Алайда жыл өткен сайын бұрынғы су жолдары тозып, жарамсыздана бастағандықтан айтарлықтай тауқыметтер туындап отыр. Бұған жаз маусымындағы құрғақшылық салдарынан өзендердегі су мөлшерінің төмендеп кетуі де кері әсерін тигізуде.

«ҚазСуШар» Панфилов өндірістік учаскесі егін егетін қожалықтармен келісімшарт жасасқан. Өңірде нақты айналымда жалпы 40 мың гектардан аса суармалы егістік бар, соның 20 мың гектардан астамына жүгері өсіріледі. Биыл өңірде 41978 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары өсірілді. Тұрғындардың негізгі өндіріс көзіне айналған жүгеріден алдыңғы жылы 155 мың тоннадан аса дән жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мың тоннаға артық. Бұдан басқа, егіншілер көкөніс, картоп, жеміс-жидек, бақша өнімдерін баптайды.

Жаркент өңірі ел аузында «Кіші Жетісу» аталғанымен, Арқас тауының күнгей бетінен ағатын мыңдаған бұлақты арналайтын жеті өзен суы көктем, жаз мезгіліндегі егін суару науқанына молынан жетпей, диқанның көбі тығырыққа тіреледі. Мұның себеп-салдары бар. Соның бастысы өзен суларын маусымға қажетті мөлшерде жинақтайтын су тоспалары мен қоймаларының жоқтығында. Екіншіден, осыдан жарты ғасырдан аса уақыт бұрын жасалған бетон арналары мен олардың көмейіндегі шағын су бөлетін тоспалардың бүгінде әбден тозығы жетіп, табаны тесіліп, алқапқа жеткенше судың көп мөлшерінің орынсыз шығынға ұшырауында.

wikipedia.org

Қазір «ҚазСуШар» РМК аудандық филиалының өндірістік учаскесінде Басқұншы, Қорғас, Жоғарғы-қалалық, Бурақожыр, Үшарал, Еңбекші, Тышқан деп аталатын 7 гидроучаске бар. Онда 4 бөгетті гидроторап, 438 дана гидротехникалық құрылғы және 182 гидробекет жұмыс істейді. Биыл мемлекеттік суландыру жүйесінен 370,0 млн. текше метр су беру жоспарланған. Су пайдаланушымен келісімшарт жасалып, 39788 гектар жерге ылғал берілді. Өңірдегі тау өзендерін бөгеп, үлкен су қоймаларын жасау біраздан бергі арман. Бірақ, тау баурайларындағы өзендерді бөгеп, ірі су қоймаларын жасау оңай шаруа емес. Біріншіден, бұл іс орасан мол қаржыны талап етеді, екіншіден, елді мекендердің басым бөлігі ойпатқа орналасқандықтан су бөгеттерінің халыққа қауіпсіздігін қатаң ескеру шарт.

Ауданда алдағы 3 жылда, яғни биылдан бастап 2027 жылға дейін Өсек, Тышқан және Қорғас өзендері бойында 3 ірі су қоймасы салынбақ. Бұл өңірдегі егістік алқаптарын сумен қамтамасыз етуді түбегейлі шешеді. Ол су тапшылығы салдарынан жылдан жалға кеми бастаған суармалы егістік алқаптарын қайта қалпына келтірумен қатар, егін егетін жаңа жерлер пайда болып, бұрынғы игеріліп жүрген 41 мың гектардан аса суармалы жерге тағы 8 мың гектарға жуық алқап қосуға және дақылдардың өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Биыл ауданда жалпы сыймдылығы 35 млн. текшеметрді қамтитын 3 су қоймасын салуға жобалау жұмысын жүргізу үшін 67,7 млн. теңге бөлініп, мақсатты іс тиянақталды. Су қоймаларының құрылыс-монтаж жұмыстарын «Ислам Даму» банк қаражаты есебінен жүргізу жөнінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігімен келісіліп, министрліктің 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілді.

«Қорғас» су қоймасы Басқұншы ауылдық округіне қарасты Алмалы ауылының батыс жағында, елді мекеннен 4 шақырым қашықтағы Қарабастау сайына орналастырылады. Мұндағы қырдың ұзындығы 2079 метр, бөгеттің биіктігі 50 метр, жалпы аумағы 37,3 гектар жерді қамтымақ. Болашақ «Қорғас» су қоймасының жалпы сыйымдылығы 10 млн. текшеметрді қамтиды. Құрылыс-монтаж жұмыстарының болжамды құны 56216,8 млн. теңге. ТЭН әзірлеуге 21,1млн. теңге жұмсалады. «Қорғас» су қоймасының экономикалық негіздемесіне сәйкес болашақта оның суын жалпы 1268 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері пайдаланып, 14119 гектар егінді сумен қамтамасыз етпек. Дәндік жүгерінің түсімділігін гектар сайын 70-тен 80 центнерге дейін ұлғайтуға мүмкіндік туғызады.

vestnik19.kz

Өсек өзеніне салынатын су қоймасы «Бет-ағаш» аталатын шатта салынбақ. Оның жалпы аумағы 66,87 гектарды қамтып, қырының ұзындығы 1786 метр, биіктігі 50 метр болмақ. Жотаның ені 10 метр. Құрылыс-монтаж жұмыстарының болжамды құны 23163,1млн. теңгені құрамақ. ТЭН әзірлеуге 27,5 млн. теңге жұмсалады деп күтілуде. Өсек өзеніне салынатын су қоймасының жалпы сыйымдылығы 15 млн. текше метр болмақ. Бұл қойма 1745 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің 21810 гектар егістік алқаптарын сумен қамтамасыз етеді. Дәндік жүгерінің өнімділігін гектарына 60-тан 80 центнерге дейін ұлғайтуға мүмкіндік бермек. Мұнда құрылыс жұмыстары кезінде 150 адам, пайдалану кезеңінде 15 адам жұмыспен қамтылады.

Ал, Тышқан өзеніне салынатын су қоймасы Сарыбел ауылының шығыс жақ тұсындағы «Байқатын» теліміне орналастыралады. Оның жалпы аумағы 64,8 гектарды қамтиды. Бөгет түрі үйінді жер, жалпы барлық су қоймасы осындай әдіспен салынады деген болжам бар. Қырының ұзындығы 560 метр, ені 10 метр, су шығару қондырғысы құбырлы. Құрылыс-монтаж жұмыстарының болжамдық құны 17062,2 млн. теңге. ТЭН әзірлеу құны 19 млн. теңге. Суару алаңы 6779 гектарды қамтиды.Тышқан өзеніне салынатын су қоймасының экономикалық негіздемелері бойынша өңірдегі 335 шаруашылыққа қарасты 6048 гектар егін алқабын сумен қамтамасыз етеді. Су қоймасы пайдалануға берілгеннен кейін осы өңірдегі 731 гектар жаңа суармалы жер айналымға қосылмақ.

Бұл айтқанымыз жобадағы жұмыс десек, қазіргі жағдайда мәселені шешудің ең тиімді жолы – егістік алқаптарына тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісін кеңінен қолдану. Осы әдістерді қолдану арқылы егіншілікке қажет ылғал мәселесін шешумен қатар мол өнім жинап жүрген шаруашылықтар бар. Мысалы, Айдарлы ауылдық округіндегі «Жаркент-Фрукт» ЖШС 1110 гектар алқапқа өсірген интенсивті жеміс бағының 1050 гектарын тамшылатып суарып, құмды шөлейтте жеміс бағын жайнатып отыр. Сол сияқты «Көктал-Агро» ЖШС 603 гектар жүрері алқабын тамшылатып, 400 гектар егінін жаңбырлатып суарып, гектар өнімділігін арттыруда. Биыл «Көктал-Агро» ЖШС 980 млн. теңге қаржы жұмсап, тағы 1038 гектар алқабына тамшылатып суару технологиясын енгізуде. Жеке шаруа қожалықтарынан жаркенттік «Айгерім» ЖШҚ төрағасы Ұлан Сарпеков 55 гектар жүгері алқабын қытайлық технология бойынша тамшылатып суару арқылы мол өнім жинады.

Өткен жылдан бастап «ОТ-Агрохолдинг» ЖШС 250 гектар егістік алқаптарына осы әдісті қолдана бастады. Сол сияқты Қоңырөлең ауылдық округіндегі «Мәдина» ЖШҚ 50 гектар шабындығын, «Айсұлтан» ШҚ 50, «Нұрқайрат» ШҚ 40, «Илиманов» ШҚ 30 гектар егістігін тамшылатып суаруға көшірсе, биыл ауданда жаңадан 590 гектар алқапқа жаңбырлатып суару әдісі қолданыла бастады. Олар «Көктал-Агро» ЖШС 400, «Аширов.Г» шаруа қожалығы 140, «Беширов. Ю» ШҚ 50 гектар алқабын жаңбырлатып суарып, жазда туындайтын бірқатар мәселені оңтайландыруда. Өңірде жалпы 16 шаруашылық суды үнемдеудің тиімді технологиясын пайдалана бастаған. Олар 3169 гектар егістік алқабын осы әдіске көшірген. Жаңбырлатып және тамшылатып суарудың тиімділігі – әдеттегіден егін суаратын суды 25-30 пайыз үнемдеу мен 2 есеге жуық мол өнім жиналатындығында.

sadrium.ru

Жаркенттік диқандарға егістігіне суарудың жаңа технологиясын қолданумен қатар егінін жинап алған соң күзде алқаптарын суарып алуға ерінбегені абзал. Күзгі судан құр қалмаған диқан көктемде таудан келер қар суын күтпей, жердің үстіңгі қабаты жылынысымен егінін егуге кірісе бермек. Туындаған су тапшылығына байланысты егіншілер алқаптарды тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісіне көшуге талпынуда. Алайда жаңа технологияға көшу шаруаға көп қаражат талап етеді. Сондықтан мамандар шаруаларға егін алқаптарын күзде суаруды қолға алуға кеңес береді. Бұл жұмыс күн ысып, тау қары ерігенін күтіп, мамыр, маусым айына дейін қарап отырмай, сәуір, мамыр айында егінді уақытылы егуге мүмкіндік береді. Шаруа қожалықтарының көбі осы әдісті соңғы жылдары тиімді пайдалануда. Өткен күзде 20 мың гектардан аса жердегі жүгері, көпжылдық шөп, басқа да дақылдар алқаптары суарылды. Биыл да осы үрдіс жалғасатынына сенім мол.

Биыл өңірде жаз айларында жауын сирек жауды, алайда су үнемдеу технологиясын көптеп енгізу нәтижесінде егіншілер судан көп тарықпады. Десек те айтылып отырған мәселеде таразы басын тең ұстау мүмкін емес. Өйткені, бір жыл екінші жылға ұқсамайды. Бұған алдыңғы жылдың жаңбырлы болуы, биылғы құрғақшылықтың өзі дәлел. Сондықтан ауыл шаруашылығы өндірісіне егін суарудың тиімді технологияларын кеңінен енгізу шараларын жалғастырған дұрыс. Қазір шаруаларға тамшылатып суару әдісінің қытайлық технологиясын пайдаланған тиімді. Өйткені ол, алдымен, басқаларымен салыстырғанда арзан, екіншіден, жақын болғандықтан жол шығыны да қалтаға салмақ түсірмейді.

Мырзағали Нұрсейіт
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Көрермен көңіліне орныққан «Капитан Байтасов»

Көрермен көңіліне орныққан «Капитан Байтасов»

30.04.2026
Теңдессіз спорт кешені салынуда

Теңдессіз спорт кешені салынуда

30.04.2026
Өнердегі өшпес мұра

Өнердегі өшпес мұра

30.04.2026
Кітап пен кітапханашы руханияттың тамыры

Кітап пен кітапханашы руханияттың тамыры

30.04.2026
Президент Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровты қабылдады

Президент Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровты қабылдады

30.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.