Алматыда Қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша апелляция аяқталды. Бұған дейін бұл іс бойынша Арман Жұмагелдиев сотталды, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Еске салайық, 2025 жылы Алматыда Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны және азаматтарды ұрлағаны үшін сотталды.
©️ Tengrinews.kz
27 қаңтарда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша сот шешімі шықты. Осылайша, Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының басшылары мен қарулы тобының мүшелеріне, ҰҚК-нің 5-департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақовқа, Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенге және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс аяқталды.
Руслан Ысқақов/Ақбота Сіләм

facebook.com/KudaibergenKairat
Сот үкімімен Арман Жұмагелдиев ҚР ҚК-нің 262-бабы 1-бөлігі, 268-бабы 1-бөлігі, 272-бабы 1-бөлігі, 272-бабы 2-бөлігі, 28-бабы 3-бөлігі, 125-бабы 3-бөлігі, 1-тармағы, 126-бабы 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.




