Талдықорған: +21°C
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақындар алыбын ардақтады

10.08.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ақындар алыбын ардақтады
WhatsAppTelegramFacebook

Жидебайдың өркеш-өркеш тауларына, манатқа малынған жоталарына қарап жанары жасаураған ақынның көкірегі көріктей қызған. Қарауылдың солтүстік шығысына қарай қарауытқан шоқының өзі аулақтап кеткендей. Сүтпісірім уақыт жөңки салар жол да шұбалып кеткендей. Сапар ұзақ көрінгенімен өмірдің тұтамдай екеніне сезінген Ибраһим Құнанбайұлы жиырмаға енді шыққан жасында талай мәрте сырласқан, рухани жақын тұтқан асылын жоқтап күрсінді. Орда бұзар шағында жүрегін тілгілеп Шоқан өлімін естіртті.

Иә, алып Абайдың бұл ақырғы күрсінісі емес еді. Бұдан бұрын да, кейін де талай рет тірліктің шоқпыт-шоқпыт жолын басты, шоқпарлы таяғын жеді. Қодар мен Қамқа қасіретінен кейін де «қалың елім қазағым, қайран жұртым» деп надандықпен, білместікпен алысты. Бес дұшпаннан жерініп, бес асыл істі мұрадым мұратқа айналдыру жолында қара өлең мен қара сөзге зейін қойды. Осылайша жанары жарық, жүрегі жас данышпан Абай, хәкім Абай мыңжылдық сүрлеуін түзді. Қазақ бар жерде өз есімі мәңгі айтылар алыпқа айналды.

Сол шыңдай шынарлы тұлғамызды бүгінгі ақындар да жырмен ұлықтап келеді. Абай күніне орай С. Сейфуллин атындағы облыстық орталық кітапханасында жыр мүшәйрасы өтті. 35 жастан жоғары жетісулық ақындар қатысқан «Абай – даналықтың дара шыңы» атты жыр бәсекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Халық шығармашылығы орталығы мен С. Сейфуллин кітапханасы бірлесе өткерген жыр аламаны елімізге белгілі ақындар мен аудан-ауданда тірлік кешіп жатқан қаламгерлердің рухани жарысына ұласты. Теңіздей терең, таудай биік Абайдың рухани мұрасын арқау еткен ақындар төл туындыларын оқып, ұлттық руханиятты дәріптеді.

Мың жылдықтан тамыр тартқан құндылықтарды дәріптеп, қазақтың кешегісі мен бүгінін бағдарлап берген ұлы тұлғаға арналған бәйгеде қазақтың айбоз ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әміре Әрін бас жүлдені еншіледі. Қара өлең көшінде жалынды жырларымен қазақ оқырманын сүйсінткен Қазақстанның Құрметті жазушысы, ақын Нүсіпбай Әбдірахым 1-орын иегері деп танылса, белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жомарт Игіман мен алакөлдік шайыр Қадырсұлтан Нүсіпхан 2-орыннан көрінді. Ұлы тұлғаның өмірі мен әдебиет әлеміндегі айшықты орнын жыр еткен Ясин Қалиәкпарұлы, Сатыбалды Қуантай, Талапбек Азанбай 3-орын иегері деп танылды.

Орталық кітапханада өткен марапаттау салтанатында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов ұлы тұлға туралы толғанып, даланың дара перзентіне айналған бабаға арналған мүшәйраның маңыздылығын атап өтті. Осындай жыр аламанында жеңіс тұғырынан көрінген шайырлар мен додаға қатысқан өзге де ақындарға алғысын жеткізді. Жыры жүйрік шыққан бәйгелі азаматтар ақшалай сыйлықпен, Абай баба кітабымен мерейленді.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Ақындар алыбын ардақтады

Ақындар алыбын ардақтады

10.08.2026
Ұлт руханиятының темірқазығы

Ұлт руханиятының темірқазығы

10.08.2026
Батадан – береке, сөзден – өнеге

Батадан – береке, сөзден – өнеге

10.08.2026
«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

10.08.2026
Болашақтың берік негізі

Саяси жаңғыру: Құрылтай сайлауы – жаңа басқару моделінің басты сынағы

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.