Талдықорған: +34°C
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Трактор тізгіндеген қария

22.02.2025
КҮНДЕРЕК
Трактор тізгіндеген қария
WhatsAppTelegramFacebook

«Аш балаңды тойдырмақ болсаң балық бер, өмір бойы тоқ жүрсін десең, қармақ бер», – дейді Конфуций. Шын сөз. Осы тәмсілдің мәнін алакөлдік Тұрсынғали Қабдашұлының бір күндік тұрмысынан аңғару қиын емес. 50 жылдан астам трактор тізгіндеген ақсақал жетпіске таяса да «темір тұлпарынан» қол үзбей келеді.

Қазір Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында тұратын кейіпкеріміз 1959 жылы бұрынғы Қызылащы ауылында туған. Жастайынан еңбекке баулынған бала әкесі мінген Т-25 тракторының жанында маяшы болған. «Әке көрген – оқ жонар» тәмсілімен ауылшаруашылық техникаға қызыға түседі. 1973 жылы алғаш техника жүргізіп үйреніп, 1974 жылы көлік жүргізу куәлігін алады. Содан бері трактордан қол үзген емес.

– Қазіргі балаларды еңбекке баулуда кемшін қалып жатқан жайымыз бар. Кеңес заманында мектеп оқушысы ауылшаруашылығында еңбек ететін. Бүгінде заман тыныш, балалар еңбек етпейді. Қиындық жоқ, бұл қуанатын жайт, әрине. Алайда, біз балаларымызға балық беріп келеміз, қармақ емес. Теледидар ашып, газет оқысаң, қай салада да маман тапшы дейді. Әсіресе, ауылшаруашылығында жұмыс істейтін жастар аз. Осыны ескерген соң атқамінерлеріміз мектеп оқушыларын еңбекке баулысақ. Адал еңбектің қандай болмағын көрсетсек. Қарапайым кеңес заманында мектеп қабырғасынан трактордың қыры мен сырын меңгеріп шықтық. Қазіргі бала техниканы бұйым құрлы көрмейді. Өйткені үйренген жоқ, – дейді Тұрсынғали Қабдашұлы. 

Ақсақал сөзінің жаны бар. Жетпіске таяған қарт трактор рөліне отырса, 8 сыныптағы немересі Әділ Тұрсынғалиев жанынан бір елі қалмайды. Кейде техниканы өзі басқаруға сұранып тұрады екен. Бүгінде трактор тілін жетік меңгерген бұл әулеттің 4 ұрпағы да ауылшаруашылық техникаға құмартып өсіп келеді. Немересіне шаруаның қырын үйреткен де Тұрсынғали Қабдашұлының өзі.

Кейіпкеріміздің ауласында екі көк трактор тұр. Бірі – ескі, екіншісі – су жаңа десе де болғандай. Ескісін ақсақалдың өзі жүргізеді. Ал, 4-5 жыл бұрын сатып алғаны баласы Арман Қабдашұлының меншігінде. Осы қос трактор бір отбасын асырап отыр. Қабанбай ауылының маңындағы шаруашылықтар жаз бойы қос трактористің табанын жерге тигізбейді. Ал, қыста тіршілік саябырсиды. Жаз бойы жалданып тапқанын қыста азық етеді. 
Тұрсынғали Қабдашұлының шымбайына бататын мәселенің бірі – Қазақстанда ауылшаруашылық техниканың шықпауы. Айтуынша, шаруаларға жағдай жасау керек. Қолдаудың бірі ретінде – шағын техникаларды құрастыруды қолға алу аса қажет екен.

– Жерден нәпақа терген шағын шаруаларды қолдаудың бір амалы – олардың оң жамбасына келетін жоба жасақтау. Сол жоба өзегінде шағын техника жасау. Мәселен, 10-15 гектарға дән сепкен шаруа техникадан тапшылық көруде. Ірі техника сатып алуға шамасы келмейді. Олардың құны да шарықтап тұр. Шағын техника сатып алуға болар еді. Ондай кемшін. Содан ірі шаруашылықтардың техникасын жалдап, жерін жырттырады, егінін орғызады. Осылайша шағын шаруашылықтар ірі шаруашылықтарға жем болып отыр. Қазақстанның экономикасының негізгі қозғаушысы – ауылшаруашылығы. Жоғарыдағылар осы жайды ескеріп, «Қазақстанда жасалған» деген атпен шағын техникалар жасаса, – дейді сала ардагері.

Төртінші ұрпақ трактор тізгіндеген әулеттің ақсақалы қазір тек трактор жүргізбейді. Қабанбай ауылы мен сол маңайдағы ауылшаруашылық техникасы барлардың ақылшысы. Жастар жиі кеңес сұрап келеді. Еңбектен тау тұрғызған Тұрсынғали Қабдашұлының еңбегі талайға үлгі.
 

Дастанбек САДЫҚ
Алакөл ауданы
 

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу шұғыласы». Жасөспірімдерге берілген мүмкіндік

«Жетісу шұғыласы». Жасөспірімдерге берілген мүмкіндік

25.06.2026
Бағдат Мусин Каспий ВОЛС жобасының барысын баяндады

Бағдат Мусин Каспий ВОЛС жобасының барысын баяндады

25.06.2026
Жетісуда полиция мергендері бақ сынауда

Жетісуда полиция мергендері бақ сынауда

25.06.2026
Әділетті қоғамның негізі

Әділетті қоғамның негізі

25.06.2026
Астана – Семей – Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды

Астана – Семей – Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды

25.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.