Талдықорған: -4°C
$ 497.33
€ 586.70
₽ 6.48
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?

23.02.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру басталды. Бұл — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының бірі. Іс-шаралар жоспарын Премьер-Министр Олжас Бектенов бекітті.

Жоспар 8 бағыттан тұрады және 100 негізгі іс-шараны қамтиды. Онда аталмыш жылды ұйымдастырушылық сүйемелдеу, стратегиялық және нормативтік қамтамасыз ету, AI-SANA бастамасы аясында адами капиталды дамыту, мемлекеттік органдарды GovTech моделіне көшіру сияқты цифрлық экономиканың кең ауқымды міндеттері қамтылады. Сонымен қатар киберқауіпсіздікке, цифрлық инфрақұрылымға, салаларды цифрландыруға, қалалар мен өңірлерді кешенді дамытуға және жаңа экономиканы қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

 Жылдың ресми ашылуы наурыз айында Alem.AI алаңында өтеді.

 Стратегиялық және нормативтік қамтамасыз ету

Бұл бағытта «Digital Qazaqstan» стратегиясын әзірлеу, отандық IT-компанияларға салықтық және реттеушілік ынталандыру шараларын қалыптастыру көзделген. Сондай-ақ цифрландыру, жасанды интеллект, деректер, киберқауіпсіздік, телекоммуникация және цифрлық активтер салалары бойынша негізгі заңнамалық бастамалардың кемінде 90%-ын қабылдау жоспарланған.

 Адами капиталды дамыту

AI-SANA бастамасы аясында ЖИ-білім беруді мектептерде, жоғары оқу орындарында, сондай-ақ ересектерді қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларында кеңінен енгізу көзделген.

Орта білім беру деңгейінде Day of AI Qazaqstan бастамасы мен TUMO орталықтарын ашу пысықталуда. Жалпы алғанда, цифрлық және ЖИ-дағдыларды дамыту бағдарламаларымен білім беру саласының барлық сатыларындағы кемінде 450 мың оқушы мен оқытушы қамтылатын болады.

 ЖИ-мамандарын дайындау үшін биыл AI University жобасының алғашқы кезеңі іске қосылып, өңірлерде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі кеңейтіледі. Сонымен қатар мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор басшыларына арналған «AI Governance 500» бағдарламасы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшілерге арналған AI Qyzmet бағдарламасы жалғасады және компания қызметкерлері ЖИ көмегімен жұмыстарын жеңілдететін бизнеске арналған жаңа AI Corporate бағдарламасы іске қосылады.

 GovTech: мемлекеттік басқарудың цифрлық моделі

Мемлекеттік органдарды GovTech моделіне көшіру аясында цифрлық жұмыс орнына баса назар аударылып, eGov және eGov business мүмкіндіктерін кеңейту, Әлеуметтік әмиян қызметтерін дамыту және Ұлттық ЖИ платформасында ЖИ шешімдерін енгізу жоспарланған.

 Нәтижесінде:

  • мемлекеттік қызметшілердің кемінде 80%-ы Gov Workspace бірыңғай цифрлық жұмыс орнымен қамтылады;
  • кемінде 50 мемлекеттік қызмет ЖИ қолдану арқылы көрсетіледі;
  • мемлекеттік ақпараттық жүйелердің кемінде 30%-ы QazTech платформасына көшіріледі.

Сонымен қатар пойыздарда, ұшақтарда, туристік аймақтарда және шекара инфрақұрылымы нысандарында интернетке қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Заманауи Direct to Cell спутниктік байланысы іске қосылады. Бұл азаматтар мен бизнеске көрсетілетін цифрлық қызмет сапасын кемінде 75%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

 Киберқауіпсіздік және цифрлық инфрақұрылым

Бұл бағытта ақпараттық қауіпсіздіктің бірыңғай контурын нығайту, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне кибераудит жүргізу, осалдықтарды жою және дербес деректерді қорғау шараларын күшейту көзделген. Мемлекеттік жүйелерді жаңа мемлекеттік деректерді өңдеу орталығына көшіру басымдыққа ие.

 Салаларды цифрландыру

Экономиканың негізгі драйверлері салаларында цифрлық шешімдер енгізіледі. Олардың қатарында басқару процестерін автоматтандыру, деректерді цифрландыру және Big Data қалыптастыру, ЖИ арқылы талдау, цифрлық егіздер жасау, IoT датчиктері мен дрондарды пайдалану және салықтық әкімшіліктің цифрлық моделі мен проактивін енгізу бар.

 Жоспарға сәйкес:

  • энергетика саласындағы басқару жүйелеріне ЖИ енгізіледі;
  • геологиялық ортаны біріңғай цифрландыру арқасында геологиялық деректердің кемінде 90%-ы цифрлық форматқа көшіріледі;
  • трансшекаралық сауда-логистика процестерінің толық цифрлық контуры іске қосылады;
  • ауыл шаруашылығы саласына ЖИ-бақылау енгізу арқасында өнімділіктің 10%-ға артуы мен ауылшаруашылық өнімдерінің «Егіндіктен, сату орындарына дейінгі» цифрлық қозғалысы қамтылатын болады;
  • құрылыс жобаларының кемінде 30%-ы бас цифрлық жобалар мен BIM-модельдеу арқылы жүзеге асырылады;
  • қаржы ұйымдарының кемінде 30%-ы мемлекеттік қызметтердің бірыңғай біріктірілген ортасына қосылады;
  • әлеуметтік-еңбек саласының негізгі процестерінің 90%-ы цифрлық форматқа өтеді.

 Қалалар мен өңірлер

Қалалар мен өңірлерді кешенді цифрлық дамыту аясында ауылдарға талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылады, автожолдар мобильді интернетпен қамтылады, 20  қалада 5G желісі дамытылады.

ХҚКО-лар Цифрлық халыққа қызмет көрсету кеңселеріне трансформацияланады. Астанада Smart City жобасы іске қосылып, IT-хабтар кеңейтіледі.

 Күтілетін нәтижелер:

  • азаматтардың 99%-ы жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді;
  • 20 ірі қала 100% 5G желісімен қамтылады;
  • қалалық орта жайлылығы индексі жыл сайын кемінде 15%-ға өседі;
  • кемінде 20 ХҚКО өз өзіне қызмет көрсету секторлары бар цифрлық форматқа көшіріледі.

 Жаңа экономика

Жаңа экономиканы қалыптастыру бағытында пилотсыз индустрияны дамыту және төмен биіктіктер экономикасын дамыту (ЭҚР аясында кемінде 5 пилоттық жобаны іске қосу), реттелетін криптоиндустрия мен цифрлық активтерді іске қосу, мемлекеттік майнинг жобаларын жүзеге асыру және отандық спутниктерді орбитаға және экспортқа шығару жоспарланған.

Қатысты жаңалықтар

Astana Team – халықаралық Pee Wee Hockey турнирінің жеңімпазы

Astana Team – халықаралық Pee Wee Hockey турнирінің жеңімпазы

23.02.2026
Студенттер мен сотталғандар арасында телемост ұйымдастырды

Студенттер мен сотталғандар арасында телемост ұйымдастырды

23.02.2026
Колледждер еңбек нарығының сұранысына сай бейімделуде

Колледждер еңбек нарығының сұранысына сай бейімделуде

23.02.2026
Алғаш рет қысқы балық аулау фестивалі өтті

Алғаш рет қысқы балық аулау фестивалі өтті

23.02.2026
Жаңа Конституцияның негізі – адам мен оның құқығы

Жаңа Конституцияның негізі – адам мен оның құқығы

23.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.