Қазақстанда тұратын түркиялық блогер өзіне қатты әсер еткен оқиғамен бөлісті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, оқиға Алматы қаласында кешкі уақытта болған. Блогер таксиге отырған кезде рөлде отырған әйелді көрген. Алдыңғы орындықта көрпеге оранып, 10 айлық сәбиі ұйықтап жатқан. Сыртта суық, уақыт шамамен сағат 22:00 болған.
Блогер бұл жағдайға таң қалғанын жасырмады. Әйелдің көңіліне тимеу үшін артық сұрақ қоймағанын, тек баланың неше айлық екенін сұрағанын айтады. Оның пікірінше, аса қажеттілік болмаса, ешбір ана қыстың суығында түнде осындай кішкентай баламен жұмысқа шықпас еді.
Бұл оқиға оған қазақстандық әйелдерге мүлде басқа қырынан қарауға себеп болған. Ол Қазақстанда «ерлердің жұмысы» немесе «әйелдердің жұмысы» деген нақты бөлініс жоқ екенін атап өтті. Әйелдер ешкімге тәуелді болмау үшін еңбек етіп жүргенін жеткізді.
«Мен үшін Қазақстан әйелдері – әлемдегі ең мықты әйелдердің бірі», – деді блогер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram





