Талдықорған: +30°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қалбырдағы сусынның қаупі қандай?

04.07.2026
КҮНДЕРЕК
Қалбырдағы сусынның қаупі қандай?

ЖИ

WhatsAppTelegramFacebook

Көпшілік шөл қысқанда дүкен сөресінен су емес, энергетикалық сусын алады. Жұмыс қарқыны үдеп, оқу жүктемесі артқан, ал уақыт қысқан бүгінгі қоғамда бұл сусын бірнеше минутта бойға қуат құйғандай болады. Жылтыр жарнамасы жер жарып, трендтен түспейтін мұны тұтынушылардың дені – жастар. Қаупі мен қатері қайта-қайта айтылса да, әліге дейін қолдарынан түскен жоқ. Себебі, түнімен емтиханға дайындалатын студент, компьютер алдында таң атыратын геймер, қалааралық жолда көз ілмейтін жүргізуші мен мектеп қабырғасындағы жасөспірім де дәл осы энергетикалық сусын сергектік сыйлайды деп сенеді.

Тақырыптың тереңіне бойламас бұрын, ақиқатты бірден ашып алайық. Энергетикалық сусындар ағзаға сырттан ешқандай қуат қоспайды. Бұл – тек иллюзия. Іс жүзінде адам ағзасының алдағы уақытта жұмсайтын күш-қайратын аяусыз, мәжбүрлі түрде іске қосады. Яғни, энергетик – энергия қоздырушысы ғана.

Сергітетін сусынның сыртындағы сөзге сенсек, олар дәрумендер мен табиғи сығындыларға толы, тек пайда әкелетін өнім. Алайда, құрамындағы кофеин – орталық жүйке жүйесін қоздыратын негізгі зат. Қалыпты мөлшерде ол ми жұмысын белсендіруі мүмкін. Бірақ энергетиктердегі кофеиннің концентрациясы өте жоғары. Мысалға алып қарасақ, бір қалбырдағы кофеин мөлшері 150-ден 320 мг-ға дейін жетеді. Бұл 3-4 шыныаяқ қою эспрессомен тең. Мұндай доза қанға бірден түскенде, бүйрек үсті бездері күйзеліс гормоны – адреналинді өте көп бөле бастайды. Нәтижесінде жүрек соғысы жиілеп, қан қысымы күрт көтеріледі. Ал, бұл ағза үшін ауыр соққы.

Сусынның құрамындағы қауіпті қоспалар жайлы дәрігер невропатолог дәрігері Сұлтан Абылбеков:

Энергетиктің дәмін жақсарту үшін өндірушілер оған ақылға сыйымсыз мөлшерде қант қосады. Орташа есеппен бір құтыда 50-60 грамм қант болады, бұл шамамен 10-12 шай қасық. Сусынды ішкен бойда қандағы глюкоза деңгейі аспандап кетеді. Бұған жауап ретінде ұйқы безі инсулин гормонын белсенді бөлуге мәжбүр болады. Қанттың мұндай тұрақсыздығы уақыт өте келе зат алмасуды бұзып, семіздікке және II типті қант диабетіне себеп болады. Оның үстіне, қант деңгейі қайта төмендегенде, адам одан сайын  қатты шаршап, энергетик іздей бастайды. Яғни, адамда тәуелділік басталады, – дейді.

Сергіткіш сусынның жас ағза үшін зиянды екені жазылып та, айтылып та келеді. Бірақ, құлақ асқан кім бар?! Сала мамандарының айтуынша энергетикті көп ішкеннен кейін жүрек тоқтап қалу және жастар арасындағы қайтыс болу фактілері өте көп. Оны сіз бен біз әлеуметтік желіден де көріп, біліп жүрміз. Жүректің қағысын жиілетіп, ақыры жұмысын тоқтататын таурин – энергетик құрамандағы ең қауіпті қоспа. Ал, өндірушілер оны «бұлшықетке қуат береді» деп жарыса жарнамалайды. Табиғи жолмен яғни, тамақпен келетін таурин зиянсыз. Бірақ энергетикте оның мөлшері тәуліктік нормадан бірнеше есе асып кетеді. Ең қауіптісі – таурин мен кофеиннің қосындысы жүрек бұлшықетіне екі есе ауыр салмақ түсіреді.

Энергетикалық сусындарды ҰБТ-ға дайындық кезінде ішіп бастадым, ұйқым бірден ашылып, сергіп қалатынмын. Бірақ, әсері тек 1-2 сағатқа ғана созылды. Оқу мен жұмысты қатар алып, шаршап жүргенде мәселенің шешімін таптым деп ойладым. Осылайша бірнеше жыл қатарынан іштім. Тіпті, күніне 4 қалбырды қалай тауысып қойғанымды білмей қалатынмын. Ақырсоңы жүрек талмасымен ауруханаға түсіп, біраз уақыт емделіп шықтым. Қазір энергетикалық сусындардан мүлде бас тартқанмын, – дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Ерасыл Дәулетұлы есімді азамат.

Гастроэнтеролог мамандар энергетикалық сусынның қышқылдық деңгейі (pH) өте жоғары және құрамы көмірқышқыл газы мен қантқа толы екенін айтады. Бұл қоспа асқазанға түскен бойда оның қорғаныш қабығын тікелей күйдіре бастайды. Тұрақты түрде энергетик тұтынатын жандардың көбінде созылмалы гастрит пен асқазан жарасы ерте дамитыны да сондықтан.  Ал сол химиялық токсиндерді сүзіп, бейтараптандыруға мәжбүр болатын бауыр мен бүйрекке түсетін күшті есептеудің өзі қорқынышты. Олар уытты заттарды айдап үлгере алмай, ерте істен шығады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы энергетикалық сусындарды «жастар денсаулығына төнген басты қатердің бірі» деп атаған. Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі ведомствосының (EFSA) зерттеуінше, Еуропадағы жасөспірімдердің 68%-ы, ал балалардың 18%-ы энергетикалық сусындарды тұрақты түрде тұтынады екен. Сонымен қатар, АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) дерегі бойынша, жыл сайын мыңдаған жасөспірім энергетикті шамадан тыс тұтыну салдарынан жедел жәрдем станцияларына жүрек ұстамасы және жүйке жүйесінің құрысуы диагнозымен түседі.

Ал, шет мемлекеттер бұл қауіппен қалай күресуде? Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, бұл сусындардың зардабын ерте түсінген бірқатар дамыған ел қазірдің өзінде заңнамалық деңгейде қатал шектеулер енгізген екен. Мысалы, Дания мен Норвегияда кофеин мен таурин бар энергетиктерді кәдімгі азық-түлік дүкендерінде еркін сатуға толықтай тыйым салынған. Ұлыбритания мен Еуроодақ ұйымына енген елдерді қарастырсақ, 16 жасқа толмаған балаларға энергетикалық сусын сатуға заң жүзінде тыйым салған. Сондай-ақ, сусын сыртында «Балалар мен аяғы ауыр әйелдерге ішуге болмайды» деген ірі ескерту мәтінінің болуын міндеттеді.

Дамыған елдердің бұл сусын түрімен күресуі жай ғана бюрократия емес, ұлт саулығын, болашақ ұрпақты гендік деңгейде сақтап қалудың амалы.

Зиянды сусынды жіпке тізіп жазған соң,пайдалы дүниелерге кеңес бере кеткен жөн. Мысалы, зімбір қосылған көк шай ағзаға айтарлықтай пайдалы. Зімбір тамыры – табиғи стимулятор. Ол қан тамырларын кеңейтіп, мидың жұмысын белсендіреді, ал лимондағы С дәрумені иммунитетті көтеріп, шаршау гормондарын төмендетеді. Сонымен қатар, дәріханада сатылатын табиғи шөптер – женьшень немесе элеутерококктан үй жағдайында тұнба жасап ішсеңіз де болады. Ол адамның жұмысқа қабілеттілігін арттыратын нағыз табиғи адаптогендер. Олар энергетик сияқты жүректі тоздырмайды, керісінше, күйзеліске төзімділікті арттырады.

Энергетикалық сусындар қарбалас пен қауыртта жылдам қуат алып, сергудің құралы екені даусыз. Алайда, оның беретін күші ағзаның ішкі қорын мерзімінен бұрын сарқу есебінен келетінін ұмытпаған жөн. Кез келген өнім сияқты, энергетиктер де тек мөлшермен қолданғанда ғана зиянсыз. Ең бастысы – жасанды сергіткіштерге тәуелді болмай, табиғи энергия көздеріне (дұрыс ұйқы, құнарлы тамақтану және белсенді өмір салты) басымдық беру. Өз денсаулығымызға жауапкершілікпен қарау – ұзақ әрі сапалы өмірдің кепілі.

Мақпал Әділханқызы

Қатысты жаңалықтар

Дала қыраны қалықтайды

Дала қыраны қалықтайды

04.07.2026
Қалбырдағы сусынның қаупі қандай?

Қалбырдағы сусынның қаупі қандай?

04.07.2026
Бюджетке өзгеріс енгізілді

Бюджетке өзгеріс енгізілді

04.07.2026
«Тіршілік көзін» тұтынған

«Тіршілік көзін» тұтынған

04.07.2026
Рухани құндылық дәріптелді

Рухани құндылық дәріптелді

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.