Талдықорған: +17°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Айыппұл салса да айылын жияр емес

23.11.2023
ӘЛЕУМЕТ
Айыппұл салса да айылын жияр емес
WhatsAppTelegramFacebook

Қоғамның әр мүшесі толыққанды өмір сүруге, емін-еркін жүріп-тұруға, мемлекет тарапынан жасалған жағдайдың игілігін көруге құқылы. Бұл орайда мүмкіндігі шектеулі жандардың қатынауына, спортпен шұғылдануына, әлеуметтік көмек алуына барынша жағдай жасалуда. Кәсіпкерлікпен шұғылдануына, емделуіне облыстық әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау білдірілуде. 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы облыста мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар атқаруда. Нақтырақ айтқанда, жаңадан салынатын нысандар үшін жобалық-сметалық құжаттар және қолданысқа берілетін нысандарды қабылдау кезеңінде тірек-қимыл қозғалысында кемшілігі бар адамдар үшін  арнайы пандустардың салынуы ескерілуі тиіс. Жеке сектордағы нысандарға қатысты қадағалау шаралары үнемі жүргізіледі.

Бұл орайда  істің қалай қолға алынып жатқандығы жөнінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаевқа жолығып, сауал қойған едік. «Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментіне келіп түскен арыздар негізінде жеке құрылымдарға  тексеру жүргізілді. Жыл басынан 19 субъекті пандусының бар-жоғы, олардың талапқа сай орындалуы негізде қадағалау шаралары қолға алынды. Оның ішінде 22 объектіге жоспардан тыс тексеру жүрді.  ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабына сәйкес жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша  83 бұзушылық анықталды, – деген ол кемшіліктерді түзеу барысында атқарылған жұмыстарды тізбелеп өтті.  – Осыған орай 16 субъектіге қолданыстағы заңнама талаптарын бұзғандығын жою туралы нұсқамалар енгізіліп, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 83-бабы бойынша 16 әкімшілік іс қозғалып, 3,3 млн. теңге сомасында айыппұл салынды. Бұл нысандардың қатарына  «Шаған», «Евразия», «Астана», «Альтаир», «Қарағаш», «Дәулет», «ЦУМ», «Шолпан», «Мактуб» сауда үйлері, «Алтын чажа» шипажайы, «Ботакөз» сән салоны, «Асыл қазына» кітап дүкені, «Даму» қоры, «Grand hall» жиhаз дүкені, «Эдем», «Астана», «Бағдат» дүкендері бар».

Ермек Арынханұлының айтуынша, нұсқамада көрсетілген мерзім бойынша 3 субъекті, яғни, «Асыл қазына», «Мактуб» сауда үйлері, «Ботакөз» сән салоны толық көлемде анықталған бұзушылықтарды қалпына келтірген. Пандустарды салуға, талапқа сай бейімдеуге жүрдім-бардым қараған жеке кәсіпкерлерге айыппұл салынған. Талдықорған әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3 тармағында көзделген тәртіп бойынша 2 іс қаралып, соттың қаулысына сай нұсқаманы орындамаған «Шаған»,  «Евразия», «Астана» сауда үйлері және жеке кәсіпкер Н. Меделбекке тиесілі «Қарағаш» сауда үйі бойынша жалпы 140 АӘК (екі субъектіге қатысты) мөлшерінде қосымша қайта айыппұл салу туралы әкімшілік жаза қолданылды. Айыппұл салынып жатса да айылын жимайтындар қатары әлі де бар. Олардың талапты орындауы жіті қадағалануда. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі арттырылуда. Кәсіпкерлік құрылымдары тұтынушы мен мүмкіндігі шектеулі жандар алдындағы жауапкершілікті әрқашан жете сезінуі тиіс.  Қалтамда ақшам бар деп кеуде кермей, көпшіліктің қауіпсіз, кедергісіз өмір сүруіне жағдай туғызуға міндетті. 

Сонымен қоса, Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабына сәйкес 3 субъектіге қатысты нұсқаманың орындалуы туралы ақпарат беру жайлы сұрау салу хаты жіберілген. Пандустардың орналастырылуын қадағалау мекемесі белгілі бір мерзімде талаптың орындалуын назарда ұстап отыр. 
Жауапты мамандардың айтуынша, жыл соңына дейін  8 субъекті пандус салуы тиіс. 

Облыс әкімдігі тарапынан  тірек-қимыл қозғалысында ақауы бар адамдардың қоғамдық орындарға кедергісіз кіріп-шығуына толық жағдай туғызылуда. Бұл мәселеге жауапты мекемелер арасында кеңес өткізілді. Нәтижесінде, мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін ескере келе облыста мүгедектігі бар адамдардың мүддесін назарда ұстайтын, олардың құқығын қорғап, белсенді жұмыс жасайтын адамдарды аудан, қала әкімдерінің штаттан тыс кеңесшісі етіп бекіту туралы шешім қабылданды. 

Гүлжан ТҰРСЫН
 

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.