Талдықорған: +11°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

БАРДЫҢ БАҒАСЫН БІЛЕЙІК

20.03.2024
ӘЛЕУМЕТ
БАРДЫҢ БАҒАСЫН БІЛЕЙІК
WhatsAppTelegramFacebook

дам өзінің ісіне мұқият қарап, әр нәрсені салмақтай білуі қажет. Өкіметтен, әкімдіктен баспана берілген уақытта оның сапасын салмақтап алатын, жалдамалы үйдің ай сайынғы төлемін төлей аламын ба деп ойланатындар саусақпан санарлық. Соның салдарынан құрылысқа жауапты мердігерлердің кепілдік мерзімі біткеннен кейін шатырым ойылды, қабырғам қақырады, еденім тесілді дейтін тұрғындар өтініші көбейсе, кейбір отандасымыздың пәтер ақысын төлей алмай жататыны бар.

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың жеке қабылдауына жазылған өңір тұрғындарының негізгі бөлігі аталған мәселе бойынша мұң шақты. Мәселен, Жансүгіров ауылының тұрғыны Динара Айтқалиева мемлекет тарапынан берілген үйдің ай сайынғы төлемін төлей алмай отыр. Қолында зейнеттегі сырқат анасы бар. Өзі де көп балалы ана. «Ауру шешені қарау оңай емес, жұмыссызбын, баспанамның белгіленген (14 мың теңге) төлемін азайтып берулеріңізді сұраймын», – дейді ол. Аталған өтінішті ескерген облыс әкімі жауапты азаматтарға, Ақсу ауданының әкіміне тиісті тапсырма берді.

Сол секілді Айнагүл Тоқпанбетова, Жанна Айнағұлова, Мафруза Жақыпова, Дина Каержанова, Назира Мұсаевалар Талдықорған қаласы «Береке» қалашығындағы баспаналарын тегін жекешелендіріп беру мәселесін көтерді. Бүгінде аталған қалашықтың кей тұрғындары Астанаға дейін барып пәтерді тегін жекешелендіру мәселесін көтеріп жүргенін білеміз. Десе де, уақытында «Нұрлы жер» бағдарламасымен бой көтерген, жекешеленуге жатпайтын «Береке» қалашығы мен «Болашақ» шағын ауданындағы 3 көпқабатты үйдің мәселесі қаралып, бүгінде аталған бағдарламаға жеке тармақ енгізілу үстінде. Бұл тармақ бойынша пәтердің қалдық сомасын төлеу арқылы жекешелендіруге қол жеткізуге болады. Тек сәл күту қажет. Алайда аталған тұрғындар көп балалы ана, толық емес отбасы (жетім) екенін ескеріп, пәтерді несиелік жолмен емес, тегін беруді сұрайды.

Әкім қабылдауына алғашқы болып кірген Болатхан Калиеков Үшкөл көлінде балық өсіру үшін су тапшылығын көріп келе жатқанын айтып, жасанды көлдің жайын жеткізді.

Азаматтық қабылдау барысында өзге де мәселелер көтеріліп,  тиісті тапсырмалар жүктелді. Облыс басшысы Бейбіт Өксікбайұлы әрбір азамат өтінішін жіті тыңдап, зерделеп, керекті шараларды қолдануды, тиісті тапсырмаларды орындауды аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына жүктеді. Десе де, қоғамдық қабылдау аясында біз екіұдай ойда қалғанымызды айта кеткен жөн болар. Әуелі адам баласы өзінің мақсатына берік, сертіне адал болуы керек деп ойладық. Ол ірілі-ұсақ дүние болса да, адам тағдырына әсер етер мәселеге айналса да бәрібір, біз атаған серт, ұстаным, қанағат пен парасат қашанда алдыңғы орында тұруы керек. Мәселен, қоғамдық қабылдауға жазылған жандардың кейбірі пәтер мәселесін көтерді дедік, бірі төлемді азайтуды, бірі тегін жекешелендіруді сұрады. Неге? Бастапқы жылдары «Нұрлы жер» бағдарламасы бекіткен дүниені жұмсақтап, жекешелендіру туралы тармақ енгізуді өтінген жандар, енді ол өтініштен аттап өтіп тегін құжат рәсімдеуді көздеп отыр. Ал пәтер ақысын төлей алмай отырмын деген кей жан өкіметтен көмек алуда әрі жергілікті әкімдік қарастырған жұмысты істегісі келмейді? Неге? Осындайда Оралхан Бөкейдің «Неге біз осы…» деп басталатын монологы еске түседі екен. Ал ондайда: «Неге біз осы, билік-билік деп жоғарыға жәутеңдей береміз, халық ретінде қарекет етудің жолын тауып, адам ретінде еңбек етуді неге үйренбейміз? Көпті аз, азды саз етуді сұраймыз. Неге? Шатырдың ұшқаны, қабырғаның қақырағаны баспанаға зарығып жете алмай жүрген қаншама жанның арманы екенін ескермейсің, өз жоғыңды өзгенің тауып бергенін қалайсың», – деп өз замандастарыңа шын жанашырлықпен күйінеді екенсің…

Асыл Сұлтанғазы
Суретті түсірген Дмитрий Ерофеев

Қатысты жаңалықтар

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

04.05.2026
PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

04.05.2026
Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

04.05.2026
Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

04.05.2026
Конституция күні қазақстандықтар қалай демалады?

Мамыр айындағы демалыс күнтізбесі

04.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.