Талдықорған: +17°C
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ЕСТІР ҚҰЛАҚ, КӨРЕР КӨЗ БАР МА? АЛМАТЫНЫҢ ІРГЕСІНДЕ АУЫЗСУ ЖОҚ

17.07.2022
ӘЛЕУМЕТ
ЕСТІР ҚҰЛАҚ, КӨРЕР КӨЗ БАР МА? АЛМАТЫНЫҢ ІРГЕСІНДЕ АУЫЗСУ ЖОҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Қайнар ауылдық округінің қарамағында 12 ауыл бар. Аумағы мен халық саны анағұрлым үлкен округте әлеуметтік маңызды мәселелер түйдек-түйдегімен кездеседі. Соның бірі – 20 жылдан астам жыр болған Қайнар ауылындағы ауызсу ұңғымасының жекеменшік жер аумағында қараусыз қалуы тұрғындардың неше жылғы зар-мұңына айналып келеді.

Мұны айтудан, жазудан әбден жалыққан халық «еститін Үкімет» барына сенуден қалған. Десе де, мәселенің түйіні тарқатылмайынша тыным таппауға бел буған ауыл белсенділері күні кеше тағы жиылып, аудан атқамінерлеріне өз базыналарын жеткізді.

— Қайнар ауылының басты проблемасы – ауызсу. Елді мекендердегі ауызсу жергілікті әкімшілік құрамындағы тұрғын үй коммуналдық мекемесіне тиесілі, яғни, олар мемлекет есебінен су ұңғымасын қазып, сорғы (насос) қояды. Тиісті жұмыстарды атқарады. Сөйтіп халықты жеткілікті ауызсумен қамтамасыз етеді. Бізде оның ешбірі жоқ. Біздің су ұңғымасы жекеменшік жерде қалып қойған. Оған не мемлекет, не жекеменшік жауапты емес. Жердің иесі мен жергілікті әкімшіліктің өзара келісімге келе алмауы салдарынан ауызсу ұңғымасы ашық-шашық жатыр. Маңайында мал да, жан да жүреді. Ешқандай санитарлық норма сақталмайды. Күндердің-күнінде халықтың уланып қалмауына немесе жұқпалы ауру тарамасына кім кепіл?! Су ұңғымасы сонау кеңестік кезеңнен келе жатыр. Сорғы үнемі істен шығады. Оның құны 500 мың теңгеден кем емес, оған жұмсалатын электр шығыны тағы бар. Осының барлығы халықтың титығына тиіп болды, – дейді ауыл тұрғыны Жақсылық Жұмаханұлы.

Қайнар ауылында екі мыңға жуық халық мекендейді. Ауыл іргесіндегі 100-ден артық түтіні бар «Бетбұрыс» деп аталатын саяжай тұрғындарының да көрген күні осы. Көпқабатты үйлерге жаздыгүні су көтерілмейді. Аулаларда балалардың ойын алаңы жоқ. Ондағы қоқыстан аяқ алып жүргісіз. Көгілдір газдың келмеуі де мұндағы халықтың ашу-ызасын тудырып, бір сөзбен айтқанда, өркениеттен жұрдай ауылда тұратындықтарын мойындаудан басқа амалдары қалмаған.

Ауыл тұрғындарының таптаурын болған талап-тілегін тыңдауға келген шенеуніктер жекеліктің аумағында қалған су ұңғымасының проблемасын түбегейлі шешуде заңға жүгінуден басқа жол жоқтығын ашып айтты.

Бүгінде бес мыңға жуық халқы бар Дәулет ауылының тұрғындары да дәл осы күйді кешуде. Ауыл тұрғындары көгілдір газдың, интернеттің, қалааралық транспорттың жоқтығына күйінеді. Ауылдың жай-күйіне алаңдаған ауыл белсенділері қыстай екінші қабатқа шелектеп көмір тасып, сыртқа күл шығарудан шаршағандарын айтып, шағымдарын жеткізді.

— Осы ауылда оннан артық екі қабатты тұрғын үй бар. 2018 жылдан бастап газ мәселесін айтудан жағымыз талды. Онда самайын ақ шалған кейуаналар мен көпбалалы отбасылар тұрады. Олардың барлығына қыс бойы екінші қабатқа отын-көмір тасу, күл шығару оңай емес. Қалаға қатынап жұмыс істейтін азаматтар көп, олардың ішінде менің де балаларым бар. Тура жүретін қоғамдық көліктің жоқтығынан Жаңалыққа дейін бір, одан әрі қалаға дейін екі шығындалады. Тапқан табыстары жол ақысынан артылмайды. Кей күндері такси де тапшы болып, жетер жерге жете алмай әуреге түсеміз, – деп күйінген Дәулет ауылының тұрғыны, зейнеткер Әсем Атагелдиева ауызсуға жарымай отырғандарын жасырмады. Күндіз су көрмейтін тұрғындар түнгі уақытта там-тұмдап келген суды ыдысқа толтырып, кір-қоңын жуып алатынын айтады.

Ал пайдалануға берілгеніне 2 жыл ғана болған жаңа мектептің қабырғасы айырылып, сылағы түсіп тұрғаны да ауыл тұрғындарының ашу-ызасын тудыруда. Осылайша иесіздің күйін кешіп жүрген тұрғындар бұл мәселелердің алғаш көтеріліп отырмағанын, естір құлақ, көрер көздің жоқтығын, билік өкілдерінің құлықсыздығын айтып күйінуде.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

27.04.2026
Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

27.04.2026
«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

27.04.2026
Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

27.04.2026
Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

27.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.