Талдықорған: +18°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«Телефонмен ойнап отырады»: Атқа мінетін бала қалмағаны ма?

09.02.2024
ӘЛЕУМЕТ
«Телефонмен ойнап отырады»: Атқа мінетін бала қалмағаны ма?
WhatsAppTelegramFacebook

Әуелден атқа құмар қазақтың бүгіні мен өткеніне көз жүгіртсеңіз, небір сәйгүлікті кезіктіресіз. Алғаш жылқыны қолға үйреткен халық ретінде де әлемге әйгілі. Кез келген батырдың да жанында қосақталып атының аты бірге аталады. Сақ дәуірінде адамды алтынмен аптап, жылқысымен бірге жерлегені де бекер емес. Ал, бүгін ше? Атқа құмар ағайын азайып бара жатқан жоқ па?

Ұлттың салт-дәстүріне әбден сіңген жылқы малы қашан да қадірлі. Жасалатын жөн-жоралғылардың көбі дерлік осы түлікке тікелей байланысты. «Ашамай», «Тоқымқағар», «Аттұмар» сынды дәстүрдің тереңіне үңілер болсақ, баланы ерте жастан ер қанатына үйір ету еді. Аттың не екенін білмей өсіп жатқан қаладағы қазақтың қара домалақ балаларына кейде жаның ашиды. Ал, шындап келсек, ауылдағы жағдай да мәз емес. Қазақтың ат спортын дамытып жүрген ағаларымыз, тіпті, ауылдан атқа мінетін бала жоқтығын қынжыла айтып жүр.

Жақында ғана Ютубтағы «Бәйге федерациясы» арнасында Жетісудың жүйрігі Жұмыртұяққа арналған видео жарияланды. Онда жүйріктің бапкері Марлан Бектенов:

– Қазір атқа қызығатын, жақсы көретіндер көп шығар, бірақ жұмыс істеймін дейтіндер өте аз. Жанымда көмектесіп кішкене кезінен тәрбиелеген балалар жүр. Атпен айналысып, қызмет ететін адамдар тапшы. Ол ең алдымен – жалқаулықтан шығар. Мына жерде балалар ат мінуге үлгермей жатады. Көшеден өтіп бара жатсам, атқа міне алатын ауылдың балалары телефонмен ойнап отырады. Атқа мінейін, үйренейін деген қызығушылық жоқ, – дейді. Шынымен ойланатын нәрсе.

Әлеуметтік желіні ақтарып отырсаңыз да ат мінетін бала іздеген жарнамалар кезігіп жатады. Бұл жағдайды бәйгеден де кездестіруге болады. Кей атбегілер дайын атына шабандоз таппай сандалғанын көрдік. Жалынып-жалбарынып жатып ақысын төлеп жаңа ғана бәйгеге шапқан шабандозды келесі додаға қосып жібереді. Осы орайда тағы бір мәселенің шеті шығады. Атқа құмар балар азайған тұста, шабандоздарға қатысты жаң шарт пайда болды. Осы маусымнан бастап шабандоздың салмағы 30 келіден жоғары болу керек. Ал, аз уақатта бүкіл қазаққа танылған Жалғызағаш ауылындағы Хамза есімді шабандоздың салмағы 24 келі. Демек, оның биыл бәйгеге қатыспай қалуы мүмкін. Себебі, бапкер балаға қорғасын байлап салмақ қосуға қарсы. Хамзаға еліктеп, көп бала қолындағы телефонын қамшыға айырбастап жатқан тұста, атақты шабандоздың бәйгеден көрінбеуі қисынға келмейтін сияқты. Өйткені, Жұмыртұяқтың Хамзасыз шабуын елестету қиын.

Ақын Ілияс Жагүсіров жылқы жайлы «Құлагер» поэмасында:

Жанына халқымыздың жылқы жаққан,

Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан,

Мінсең ат, ішсең қымыз, жесең қазы,

Қашаннан қазақ халық жылқы баққан, – деп жырлайды. Ақыры сол Құлагерге Батыраштың қолынан қастандық жасалғаны көпке мәлім. Сондай адамдар әлі де арамызда бар секілді. Себебі, Жұмыртұяқтың иесі Марат Ақылбайұлы: «Қазір Батыраштар толып жатыр. Жұмыртұяқтың әкесі Айтұяқ сондайға ұрынған. Қорқатын болдық, «мына атқораны дұрыстап қараңдаршы» деп ескертіп жүрем. Қастандық істеп кете ме кім білсін. Құдай сақтасын!», –  деп алаңын білдірді.

Бүгінде тек Қазақстанда ғана емес әлем елдерінің назары ауған жүйрік – Кабирхан. Қазақ сәйгүлігі Дубайда өткен Al Maktoum Challenge Presented by Longines бәйгесіне қатысып топ жарғаны көз алдымызда. Кабирхан 30 наурыз күні Дубайда өтетін ең үлкен бәйгеге қатысатыны. Онда 1-орын алған тұлпарға 7 миллион 200 мың АҚШ доллары беріледі. Мұны неге айтып отыр десеңіз, біз жоғарыда мысал келтірген Хамза шабандоз да әлемдік деңгейдегі ат жарыстарға қатысуды армандайды. Ал оның әкесі Марлан Бектеновтың ендігі мақсаты –  өзі баптаған сәйгүліктер халықаралық додада топ жарып, ат спортын әлемдік деңгейге шығару.

 

 

Мәулен Әнербай

Фото: көрнекілікке алынды

Қатысты жаңалықтар

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

04.05.2026
PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

04.05.2026
Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

04.05.2026
Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

04.05.2026
Конституция күні қазақстандықтар қалай демалады?

Мамыр айындағы демалыс күнтізбесі

04.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.