Талдықорған: +24°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Отбасы ма, от басты ма?

28.04.2024
ӘЛЕУМЕТ
Отбасы ма, от басты ма?
WhatsAppTelegramFacebook

Дәл қазіргі уақытта өзекті тақырыптың бірі – отбасының ажырасуы. Шындығын айту керек, бүгінгі қоғамның бетпердесі басқа бағытқа бұрылғандай. Статистикаға көз жүгіртсек, Қазақстан ажырасудан әлемде 2-орынды алып тұр деген мәліметтерді кездестіріп қаламыз. Мүмкін бұл нақты ақпар емес шығар, десе де  құлаққа жаға қоятын жаңалық емес. Олай болса, осы тақырыпта аздап ой қозғасам деймін.

Жалпы, қазақ халқында отбасының ажырасуы ұлтқа, бүтін ауылға абыройсыздық әкелген. Ұлттық дәстүр, ұлт мұрасына жүгінетін болсақ, «біреудің қызы қайтып келді» деген қорлықпен тең. Бұл жағдайда қызы қайтып келген отбасы ауылдан алыстап, ел бетіне қараудан қалған. Міне, осынау бағзыдан келе жатқан салттың бүгінгі сипаты тым жер бауырлап қалғандай. 

Қазір жастардың ажырасып кетуі оп-оңай. Бүгін бас қосып, ертең ажырасып кете береді. Себеп-салдарын білсең түкке тұрғысыз. Ал енді осыны жіпке тізіп көрейікші: «мінезіміз сәйкес келмеді», «бастан сөз асырмау, тәкаппарлық», «материалдық жағдай», «қызғаныш», «келін мен ененің арасындағы келіспеушілік». Осы себептерді алға тартып, отбасының бұзылуына әкеп тірейді. Сонда деймін, әке мен ана, Жаратқанның алдындағы уәде қайда?! Осының барлығын тәрк етіп, екі жаққа кете береді. Ал ортадағы баланың тағдыры не болмақ?! Екі жас осыны ойлады ма, ақылға салып салмақтап көрді ме, жоқ. Бұл құндылықтар мүлде сақталмайды және ойға да оралмайды. Екі жақ та менікі дұрыс деген пікірмен тәкаппарлықтың жетегінде кете береді. Мен мұның себеп-салдарын ғана айтып отырмын. Жаңадан жаңалық ашып отырғаным жоқ. Мұны менен гөрі сіздер жақсы білесіздер. 

Мұндағы менің айтпағым, ұлттық құндылықтың әлсіреп, ажырасуға жеңіл-желпі қарайтынымызға көз де, ет те үйреніп бара жатқандығы. Мүмкін жаһандану заманы, демократия, әркім өз қажетінше өмір сүру керек, ешкімнің сенің жеке өміріңе қол сұғуға қақысы жоқ деуі әбден мүмкін. Қалай болғанда да бұл қазаққа абырой әпермейтін үрдіс екені анық. Расын айту керек, «Ішіме сыйған бала сыртыма да сыяды» деген мақалды желеу етіп, көңілді жұбата саламыз. Бірақ, онымен жұбана қойды ма? Тоғыз ай, тоғыз күн көтерген анаңның жан жүрегіне үңіліп көрдік пе?! Жоқ, сыртқа білдіртпегенімен, сенің көңіліңді жаралап алмайын дегенімен жүрегінің түбінде үлкен дауыл, қайғы-мұң, шердің қатып қалғанын біз де, сіз де сезбейсіз. Оны тек қызы қайтып келген ана, намысы тапталған әке ғана сезеді. Заманды кінәлаймыз, заман емес, адам бұзылып барады. Әр нәрсенің байыбына бармай бірден келте шешім қабылдайды. 

Бұл тақырыпты қозғай берсең мақаланың соңына жетпесіміз анық. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық құндылықтан ажырап барамыз, мұның соңы жақсылыққа апармасы белгілі. Ертең әкесіз бала, некесіз жар, жесір әйел мемлекеттің қорғаны бола ала ма деген сауал туындайды. Жастайынан ұлт мүддесін жадына сақтап өспеген, ата-анадан толық тәрбие алмаған ұл мен қыздың ұлтжанды болып өсеріне кім кепіл? Сондықтан да замандас отбасының бүлінуіне жол бермесе дейміз. Өмірдің рахаты мен Алланың берген нығметі – отбасы болу. Ендеше, Жаратушының қаһарына ұшырап қалмауды бүгіннен ойланайық!

Аяулым Сабетжанқызы, 
ЖУ-дің 4-курс студенті

Фото: uralskweek.kz 

Қатысты жаңалықтар

Шәкірт шамшырағы

Шәкірт шамшырағы

05.05.2026
3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

05.05.2026
«Жетісу» жеңіспен аяқтады

Мяо Ивэн: Қазақстанға қайта келемін

05.05.2026
Ширек ғасыр толайым табыс

Ширек ғасыр толайым табыс

05.05.2026
Елімізде алдағы күндері 36 градусқа дейін ыстық болады

Елімізде алдағы күндері 36 градусқа дейін ыстық болады

05.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.