Талдықорған: +21°C
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

СӨЗ ЕМЕС, НӘТИЖЕЛІ ІС КЕРЕК. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КЕГЕНГЕ БАРДЫ

05.08.2022
ӘЛЕУМЕТ
СӨЗ ЕМЕС, НӘТИЖЕЛІ ІС КЕРЕК. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КЕГЕНГЕ БАРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ Кеген ауданына сапарын Көлсайдан бастады. Көлсайдай көлі, Шарындай шатқалы, Қарқара мен Үш Меркідей жері көрік берген ауданның қайта құрылғанына 4 жылдан асты. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Шүкір, жағдай жаман емес. Отыз мыңға тарта халқы, 12 ауылдық округі бар аудан түлей түсті. Көлсайға дейінгі жол асфальтталды. Соның арқасында туристер екі есеге артты. Көлсайды көрем деушілерге 7 туристік бағыт қызмет көрсетеді. Биыл Қайыңды көлге жол төселуде, электр желісін тарту жоспарда бар.

Облыс әкімі «Атырау Рент» ЖШС-нің туризм саласы бойынша инвестициялық жобаларымен танысты. Серіктестіктің директоры Бауыржан Махметовтың айтуынша, 5 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық жобаға Көлсай өңірінен 17 гектар жер беріліпті. Көлсайға келетіндерді күтуге арналған құрылыс нысанында визит-орталықтар, эко қонақүйлер, глэмпингтер, сауда-жәрмеңкелік дүңгіршектер, кемпингтер және қазақы ауылдар болады. Демалыс орны 80 қонақты қарсы алып, жайлы демалып қайтуына мүмкіндік жасап, 200 адамды жұмыспен қамтиды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Жалаңаш ауылындағы Ж.Ермегияев атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Білім ордасы жаңа оқу жылына дайын. 940 балаға арналған мектепте 245 оқушы білім алады. Аудан әкімі Талғат Байеділов осыған орай білім шаңырағының бос сынып бөлмелерінің негізінде физика-математика бағытындағы лицей ашу, Кеген өнер мектебінің және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің филиалдарын көбейту керектігін ортаға салды. Ұсыныстарды облыс әкімі қолдады. Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Н.Теңізбаев қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша арнайы штат қарастырылатынын айтты.

Облыс әкімі көптен бері Райымбек пен Кеген аудандары тұрғындарын алаңдатып отырған республикалық маңызы бар «Көкпек – Кеген – Түп» тасжолының жайын көзімен көрді. «ҚазАвтоЖол» АҚ директорының орынбасары Ө.Ерембаевты тыңдады. «Көкпек – Кеген – Түп» автомобиль жолының 41 және 53 шақырымы аралығындағы 12 шақырым жол мен Кеген асуындағы жалпы ұзындағы 15 шақырым жолдың орташа жөндеу жұмыстарын кешіктерген мердігер «Искер Т» ЖШС-мен келісімшарт бұзылыпты. Қазір басқа мердігерді анықталуда. Жол келесі жылдың қазан айына дейін толығымен аяқталады. Кеген мен Нарынқолдың арасындағы жолдың да жоба-жоспарлары жасалынады.

Марат Сұлтанғазиев Кеген аудандық Мәдениет үйінде ақсақалдармен жүздесіп, қабылдауына келгендермен жолықты. Өңірді дамытуға арналған инвестициялық жобалармен танысты. «Слава Мұнай Сервис» ЖШС-нің Тұйық кен орнын қайта игеру жұмыстарына назар аударды, құптады.

Марат Елеусізұлының аудан халқымен жүздесуінде аудан әкімі Талғат Байеділов биылғы 6 айда атқарылған жұмыстарды баяндады.

Облыс әкімі облыстың даму көрсеткіштерін ортаға салды. Кеген ауданында 27 мың сауын сиыр барлығына қарамастан, тек бір ғана сауын фермасының жұмыс істейтінін ескертті. Ауданға 1,6 мың тонналық 2 көкөніс қоймасы аздық етеді. Өңірде шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жұмыстарды ширату керек.

Көлсайдағы демалыс орындарын өзеннің жағасына емес, тау етегіне қарай орналастыруды қолға алған абзал. Халықты таза ауызсумен қамтуда кемшіліктер бар деген облыс басшысы Қайқы асуындағы халықты ашындырып отырған жол мәселесінің биылғы жылы толығымен бітетінін, ал Кеген мен Нарынқол ауылдарының арасындағы республикалық маңызы бар жолды ретке келтірудің құжаттары дайындалатынын айтты.

Жиналыста айтылған аудан орталығындағы Ө.Жаңабаев атындағы және К.Нұрпейсіов атындағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу келесі жылдың жоспарына енгізілетін болды. Шырғанақ ауылдық округінің орталығынан бір Мәдениет үйінің жаңа ғимаратын салу мәселесі де қарастырылады.

Бөлексаздағы ауызсу жұмыстарын бітірмеген мердігерге қатысты мәселе сотта қаралып жатыр екен. «КазМЯСО» ЖШС-нің иелігіне өтіп кеткен Тасбұлақ, Шайтансай секілді өңірлердегі игерілмей жатқан шабындықты қайтарып алу да ойластырылуда. Қарабұлақ өңіріндегі бұрын балалар лагері болған жер мәселесі де шешімін таппақ. Кеген халық театрының штатын қайта қарау, еңбекақыларын көтеру мәселесі де назарда ұсталады деді облыс басшысы.

Облыс әкімі жұмыс сапары барысында күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан аудандық аурухананың ғимаратын көрді. Бұдан соң Қарқара ауылдық округіне қарасты Ислам Хуршудов басқаратын «Қарқара өнімдері» ЖШС-нің шаруаларымен танысты. Кеген ауылында салынып, пайдалануға берілген 51 тұрғын үйді көрді. «КегенМясПром» ет комбинатының құрылыс жұмыстарын шолып өтті.

Қанат БІРЖАНСАЛ

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Кеген ауданы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Панфилов ауданында ветеринариялық қауіпсіздік жүйелі бақылауда

Панфилов ауданында ветеринариялық қауіпсіздік жүйелі бақылауда

28.04.2026
Сарқандағы серпін: қант қызылшасы алқабы ұлғайып келеді

Сарқандағы серпін: қант қызылшасы алқабы ұлғайып келеді

28.04.2026
Мемлекеттік тіл – бірлік пен дамудың негізі

Мемлекеттік тіл – бірлік пен дамудың негізі

28.04.2026
Текті жырдың тұйғыны

Текті жырдың тұйғыны

28.04.2026
Жас таланттар тоғысқан алаң

Жас таланттар тоғысқан алаң

28.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.