Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ҚОЛ

Жоғары білімді дәнекерлеуші

18.01.2025
АЛТЫН ҚОЛ
Жоғары білімді дәнекерлеуші

Қазіргі таңда дәнекерлеуші сұранысқа ие мамандықтардың қатарында. Мұндай жұмысшылар ел экономикасын көтеруде маңызды рөл атқарады. Олардың еңбегін керек етпейтін саланы атау мүмкін емес. Сондықтан, кәсіби шебер нарықта ерекше маңызды орын алады.

Атап айтқанда, дәнекерлеушілер өнеркәсіптік өндіріс орындарына, құрылысқа, энергетикаға, автокөлік пен кеме жасауға, ауылшаруашылығына, мұнай, газ өңдеу компанияларына, әртүрлі қызмет көрсету ұйымдарына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, басқа да жерлерге жұмысқа орналаса алады. Әсіресе, биік ғимараттар мен тұрғын үйлерді салуға қолданатын темір бұйымдары құрылымдарының беріктігі мен төзімділігі тікелей осы шебердің атқарған ісіне байланысты. Сондықтан бұл жұмыста қателіктерге жол беруге мүлде болмайды. Бір маманның қателігі бүкіл жұмысты желге ұшырып немесе арты қайғылы жағдайға әкеп тіреуі әбден мүмкін.

Айта кетейік, дәнекерлеуші мамандығы ертеректе пайда болыпты. Орыс ғалымы Василий Петров электр доғасының әсерін ашқанда, екі көміртекті электрод арасында металдың балқуына мүмкіндік беретін жоғары температура түзіледі екен. Көп ұзамай бұл жаңалық тәжірибе жүзінде қолданылып, маңызды кәсіпке айналған. Бұл жұмысты қолының ебі бар адам істемесе, кез келгеннің игеріп кетуі екіталай.

Бір сөзбен айтқанда, өнімнің негізін құрайтын жұмыстың сапалы орындалуына жауап беретін маңызды мамандық саналады.   Өздеріңіз білетіндей, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары компьютерлік технологияның қарыштап дамуы кезеңінде кеңселік жаңа кәсіптер пайда болды. Сол уақыттары жұмысшы мамандықтарының беделі күрт төмендеп, еңбек нарығында тапшылық сезіле бастады. Жастар мұндай салада оқып, білім алғысы келмеді. Оның үстіне төленетін еңбекақысы төмен, жұмыссыз қаламын, мансаптық көтерілуге мүмкіндік жоқ дегенді алға тартып, жаппай жоғары білім алуға тырысты.

– Қазір еңбек етем деген адамға жұмыс көп. Менің ойымша іске ынта, ықылас және икемділік қажет. Көңіл тартқан, қолдан келетін шаруаны атқарған дұрыс. Сонда ғана оның барлық қиындығына төзіп, тәжірибе жинап, нәтиже шығарасың. Соңында жемісін жейсің. Онсыз бәрі бекер. Сондықтан, мамандық таңдауға айрықша мән беру керек. Аспазшы, сантехник сияқты жұмыстарды да меңгеріп, жағдайды жақсартуға болады. Өйткені, тапсырыс көп. Еліміздің түкпір-түкпірінен сұраныс түседі. Әсіресе, кәсіпорындардан шақырту басым. Онда сынған құрылғыларды дәнекерлеп, жөндеу жүргіземіз. Өз салам бойынша үнемі ізденісте жүремін. Өйткені, кәсібімді терең меңгеріп, дамыту маңызды. Бастапқы кездері Үкіметтің көмегін пайдаланып, қайтарымсыз грант ұтып алғаным бар. Қазір істі өз қаражатымның есебінен жүргізудемін, – дейді Ернат Нұрғазыұлы.   

Ал қазіргі кезде мүлде олай емес. Керісінше, ел экономикасы көтерілген сайын жұмысшы мамандықтарының беделі артып, мәртебесі көтеріле түсті. Олардың екі қолға бір күрек тауып кетуі үшін жан-жақты жағдайлар қарастырылуда. Оған ел Президентінен бастап, көптеген еңбек орындарының жетекшілеріне дейін көңіл бөліп отыр. Өйткені елімізде осы сала бойынша еңбек ететін маман тапшы. Сол себепті кәсіби еңбеккер кез келген өндірісте ауадай қажет әрі еңбек нарығында жақсы бағаланады. 

Көптеген компания өндірістегі қиындыққа дайын дәнекерлеушілерді іздейді. Осыған байланысты оларға орташа жалақыдан жоғары еңбекақы ұсынылады. Сондықтан тәжірибесі мен дағдысы қалыптасқан кәсіби шеберлерге төленетін жалақы көңілге қонымды. Әуелі жоғары дәрежелі кәсіби мамандардың басқарушылық лауазымға дейін көтерілуге мүмкіндігі бар. Олар орта арнаулы оқу орындарында, сондай-ақ, біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау курстарында оқытылады. Бүгінде дәнекерлеушілердің қорғаныс құралдары жақсарып, жұмыс киімдері жаңартылуда. Бұл денеге жүктемені азайтып, жарақаттар алуға жол бермейді.

35 жастағы жоғары білімі бар талдықорғандық Ернат Кервенов те аталған кәсіпті меңгеру арқылы өз ісінің шеберіне айналып, нәсібін кәсібінен тауып отыр. Сөйтіп, сіз бен біздің жайлы өмір сүруімізге жағдай жасап, елді өркендетуге өз үлесін қосуда. Абай облысында дүниеге келген Ернат Нұрғазыұлы Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Мамандығы қаржыгер.

Кейіннен кәсіби білім беретін техникалық оқу орнының «электр-газбен дәнекерлеуші» мамандығында оқып, бітірген. Ернат: «Заман талабы солай болды», – дейді. Бүгінде осы салада «Аргон дәнекерлеу» деп аталатын жеке кәсіп ашып, тотықпайтын металл түрлерін дәнекерлеумен айналысуда. Сөйтіп, тұтынушылар тарапынан түскен түрлі тапсырысты орындап, қажетті бұйымдар жасайды. Кәсіп иесі сондай-ақ, 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. 

Осы сала бойынша 15 жылға жуық тәжірибесі бар төртінші дәрежелі дәнекерлеуші өз ісінің қыр-сырын әңгімелеп берді. Жұмысшы кәсіпкердің айтуынша, дәнекерлеу – бекіткіштерді қолданбай темірді біріктіру үдерісі. Ал дәнекерлеуші – электрлік дәнекерлеу арқылы металдарды балқытумен айналысатын адам. Маманға бөліктерді дұрыс қосу жеткіліксіз, ол дәнекерлеудің және қолданылатын материалдардың физикалық қасиеттерін білуі керек. Дәнекерлеуші деп жалпы түсінгенімізбен, бұл мамандық іштей бөлінеді. Мәселен, газбен дәнекерлеуші жоғары көміртекті, коррозияға төзімді түсті металдар, қорытпалар, шойынның күрделі тораптарын және бөлшектерді газбен дәнекерлейді. 

Олар жоғары қысыммен жұмыс істеуге арналған. Жалпы, бұл мамандық бірнеше дәрежеге бөлінеді. Мысалы, бірінші дәрежелі дәнекерлеуші – пластмассаны, екіншісі – термитті, үшіншісі – қарапайым дәнекерлеу түрлерін атқарады. Ал төртінші дәрежелі маман доғалық дәнекерлеуді жүзеге асырса, бесіншісі күрделі бұйымдар мен тораптарды дәнекерлейді. Ең жоғары алтыншы санат кең ауқымды кәсіби шеберге беріледі. 

Аталмыш мамандықтың жақсы бір тұсы бар. Ол жұмысшы саналғанымен, оның мол қаражат табуға мүмкіндігі зор. Әсіресе, тәжірибесі мол болса. Жалақы деңгейіне дәнекерлеушінің дәрежесі де әсер етеді. Егер ол неғұрлым жоғары болса, табысы соғұрлым көп. Қалай десек те, дәнекерлеуші еңбеккерінің жұмысын оңай деуге болмайды. Сол себепті олар жыл сайын медициналық тексеруден өтеді. Өйткені, оның жұмысты сапалы атқаруына денсаулығының мықты болуы аса маңызды. Кей кездері ауа-райының қолайсыз күндерінде, ылғалды, сыз жерлерде тіпті биікте жұмыс атқаруға тура келеді.   

Сондықтан, бұл істе денсаулық жағдайына қарсы келетін ауру түрлері болады. Мысалы, ұзақ жыл еңбек еткен шебер маманның кәсіби ауруға ұшырау қаупі бар. Атап айтқанда, көбінің көру қабілеті нашарлайды, тірек-қимыл қозғалысында проблемалар туындайды, жүрек-қан тамырлары сыр береді, психикалық және аллергиялық реакциялар пайда болады. Сол себепті бұған үлкен физикалық белсенділік қажет. Яғни, мұндай мамандық өте төзімді адамдарға жарамды. 

Жұмысшы кәсіпкер жылдың төрт мезгілінде де ісін тоқтатпайды. Тіпті, демалыс, мереке күндерінде еңбек ететін кездері болады. Сеніп тапсырған істі сапалы етіп орындауға күш салады. Жұмысы қаншалықты қиын болса да, нәтижесін көргенде ерекше әсерленіп, қуанады. Кәсіби шебердің алдағы арман, мақсаты көп. Кәсібінің ауқымын кеңейтіп, жұмысшы санын көбейтуді ойлап отыр. Бүгінде оның Аңсар, Арнұр, Ерназар атты ұлдары бар. Келіншегі Әсел де жоғары білімді мұғалім. Ол да орта арнаулы оқуды бітіріп, жеке кәсібімен айналысуда.

Түсінгеніміз, әр мамандықтың өзіне тән қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Бастысы, өз ісіңе адалдық танытып, мәртебелі міндетіңе жауапты болуың қажет. Шебер маманға тән қасиет те осы. Сондықтан, кәсіпорындар жұмыс істеп, құрылыс қарқыны артқан сайын мәртебелі мамандыққа сұраныстың арта түсетіні сөзсіз.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.