Талдықорған: +24°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 1500 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН ХАБ АШЫЛАДЫ

16.02.2022
ЭКОНОМИКА
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 1500 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН ХАБ АШЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында А+ класты автоматтандырылған, алаңы 200 мың шаршы метр болатын Қазақстандағы ірі логистикалық хаб салынады. Соның нәтижесінде облысқа 200 млн.АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 1,5 мың жұмыс орны ашылады. Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ пен «AIRBA FF» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, «Технодом» компаниясының негізін салушы Эдуард КИМ осындай меморандумға қол қойды.

Кездесуде Қанат Бозымбаев осы ірі инвестициялық жобаны іске асыру өңірдің логистикалық әлеуетін дамытып қана қоймай, тұтастай алғанда облыс экономикасына мультипликативті нәтиже беретініне атап өтті.

— Бұл — бұрын Алматы облысында болмаған өте тартымды әрі маңызды жоба. Заманауи цифрлық технологияларды қолдану ерекшелігін ескерсек, нағыз жаңа дәуірге лайық деуге болады. Біріншіден, біздің аграрлық саладағы шаруашылықтарымыздың өз өнімін өткізуіне жағдай жасайды. Еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі өнім көлемінің 28-30%-ін Алматы облысы өндіретінін ескерсек, бұл — біз үшін үлкен мүмкіндік. Екіншіден, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауға жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, инвестор компания Талдықорған қаласындағы колледждердің бірінің базасында ІТ-мамандар дайындайтын оқу орталығын құрады. Бұл цифрлық машықтарын жетілдіріп, дуальді оқытуды дамытуға ықпал етеді. Әрине, өңір экономикасы үшін салық түсімдері де маңызды. Дегенмен, біз үшін халықтың мүддесі алдыңғы орында. Кешен 1500 адамға жұмыс береді. Нысан орналасатын Іле ауданында 300 мыңнан астам адам тұрады, ал облыстағы халық саны 2 млн.200-ге жетті. Логистикалық кешен жаңа жұмыс орындарының ашылуына, заманауи технологиялар мен қаржылай қолдау құралдары аясының кеңеюіне жағдай жасайды. Жобаға барлық кезеңінде барынша қолдау көрсететін боламыз, — деді Қ.Бозымбаев.

Өз сөзінде Эдуард Ким бастамаларына қолдау көрсеткені үшін облыс басшылығына ризашалығын білдіріп, жобаның ерекшеліктеріне тоқталды.

— Біздің компаниямызға сенім білдіргеніңізге алғыс айтамын. Бүгінде қоғамның басты міндеті өмір сүру сапасын арттыру, әсіресе, жастардың өмір сүру деңгейін көтеру — басты мақсат. Біздің компания қызметкерлерінің орташа жасы – 28 жас. Біз жастардың оқуына, арнайы мамандық алуына, қызметтік баспалдақтарға көтерілуіне, лайықты жалақы алуларына жағдай жасап келеміз. Логистикалық хаб құрудың да негізгі мақсаты осы. Біз облыстың инфрақұрылымын дамытуға назар аударып, экономиканың түрлі салаларын цифрландыруға көмектесеміз, — деді Э.Ким.

Қол жеткізілген келісімге сәйкес маңызды инвестициялық жоба алдағы 5 жылда бірнеше кезеңмен іске асырылады. Кешен Іле ауданында орналаспақ.

Өзінің негізгі функциясымен қатар нысан клиенттер тарту мен өнімдерді орналастыруға арналған «Airba Marketplace» онлайн-сөресін пайдалануға жағдай туғызады. Сол сияқты «Airba Fintech» онлайн-платформасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жеңілдікпен қаржыландыру мен айналым қаржысын толықтыруға қол жеткізе алады, өз тауарларын делдалдардың қатысуынсыз ірі сауда желілерінде сату жөніндегі келісімшарттар жасаса алады. Ал жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға немесе баспана жағдайын жақсартуға қолжетімді ипотека беріледі. Бұл қызметтерге жүгіну үшін қаржы институттарына барудың, мәліметтерді қағаз жүзінде апарудың қажеті жоқ, қызметтер онлайн-режимде көрсетіледі.

Жалпы «AIRBA FF» ЖШС — цифрлық технологияларды топтастырумен қатар қойма инфрақұрылымында, курьерлік жеткізу қызметінде, тапсырысын клиенттің өзі барып алатын пункт ретінде де нақты секторда жұмыс істейді.  Бұл – қоймалау, магистралды логистика, клиенттер пен серіктестерге жеткізіп беру ісімен айналысатын  еліміздегі тұңғыш оператор.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

05.05.2026
«Жетісу» жеңіспен аяқтады

Мяо Ивэн: Қазақстанға қайта келемін

05.05.2026
Ширек ғасыр толайым табыс

Ширек ғасыр толайым табыс

05.05.2026
Елімізде алдағы күндері 36 градусқа дейін ыстық болады

Елімізде алдағы күндері 36 градусқа дейін ыстық болады

05.05.2026
Талдықорғанның жылу жүйесін жаңартуға Үкімет резервінен 5,7 млрд теңге бөлінеді

Талдықорғанның жылу жүйесін жаңартуға Үкімет резервінен 5,7 млрд теңге бөлінеді

05.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.