Талдықорған: +11°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДІ СЫЗБАСЫ БЕКІТІЛДІ

31.01.2022
ЭКОНОМИКА
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ КЕШЕНДІ СЫЗБАСЫ БЕКІТІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облыстық мәслихаттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Облыстық мәслихат депутаты Бағдәулет Үстеновтің төрағалығымен өткен отырыста тұрақты комиссияның 2021 жылы атқарған жұмысы қорытындыланып, ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылды. Сондай-ақ, облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының бас жоспар бөлімінің басшысы Айдос Күнесбаев ұсынған қала құрылысын ерекше реттеу аймағында орналасқан облыс аумағындағы қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбасы қаралып, бекітілді.

Бағдаулет Нығыметбекұлының айтуынша, өткен жылы тұрақты комиссия 6 отырыс өткізіп, күн тәртібінде 11 мәселе қаралыпты. Нәтижесінде 24 хаттамалық тапсырма беріліп, оның  18-і орындалған. Отырыстарда 13 аудан және қала әкімі, сондай-ақ, 5 уәкілетті орган басшысының есебі тыңдалған. Сонымен қатар, тұрақты комиссия депутаттары Жол картасы бойынша әлеуметтік нысандарға жүргізіліп жатқан құрылыс жұмысы барысын бақылау мақсатында 60 әлеуметтік нысанға барып, тиісті анықтамалар жасаған. Аудан-қалалардағы 724  білім мекемесінің оқу жылына дайындығын қарап шыққан. Көмір тапшылығы бойынша аудан, қалаларда рейд жұмысын ұйымдастырса, маусым айында мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік институтын енгізу жөніндегі реформаны жүзеге асыру бойынша  халықпен кездесіп, насихат жұмысына белсене қатысқан.

Комиссия мүшелері газдандыру, тұрғын үйге жүргізілетін күрделі жөндеу жұмысы, кондоминиум объектілерін басқару формасының жаңа институтын енгізу бойынша атқарылған жұмыстарға, әлеуметтік нысандардың жылу маусымына дайындығы бойынша мәселелерге ерекше назар аударып, оң шешім табуына қолдау көрсеткен.

Келесі кезекте сөз алған Айдос Күнесбайұлының айтуынша, бүгінде  облыс аумағындағы қала құрылысын жоспарлаудың кешенді жобасын екі кезең бойынша әзірлеу жұмысы аяқталыпты. Аталған жобада аймағымыздағы 17 аудан, 3 облыстық, 7 аудандық маңызы бар қала, 731 ауыл мен 246 ауылдық округтің шегаралары толық қамтылған. Кешенді сызбасының негізгі мақсаты – қала құрылысын дамыту стратегиясын айқындау, орнықты әлеуметтік-экономикалық кешен жағдайларын, экологиялық – қала құрылысы жағдайлары мен қолда бар ресурстық әлеуетті ескере отырып, халықтың тыныс-тіршілігінің қолайлы жағдайларын және елді мекендер аумақтарын орнықты дамыту.

Осыған орай дайындалған сызбада аймақтың 2050 жылға дейінгі көліктік-логистикалық жүйесін дамыту, рекреациялық аумақтар мен демалыс аймақтарын ұйымдастыру, тарихи-мәдени мұраны сақтау және Ұлы Жібек жолын жаңғырту жөніндегі іс-шаралар бойынша шешімдер айқындалған.

Отырыс аясында қала құрылысының кешенді сызбасын орындаған мердігер компания өкілі Любовь Нысанбаева кешенді сызба облыс аумағында қала құрылысын жоспарлаудың цифрлық нұсқасын жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Өйткені, жұмыс «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының талаптарымен байланыстырып орындалған және облыстың қазіргі жай-күйін ғана емес, сонымен қатар, жобалық кезеңдер бойынша жобалық даму параметріне сәйкестендірілген. Сондықтан кешенді сызба ҚР цифрлық базасын (BIG DATA) қалыптастыруға да көмектеседі.

Соңында тұрақты комиссия 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті. Онда қалалар мен елді мекен аумағын абаттандыру, жолдар мен көшелерді жарықтандыру, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында халықты сапалы ауызсумен және су бұру қызметтерімен және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, тағы да басқа әлеуметтің әлеуетін көтеретін маңызды жобалар қарастырылған.

Қажет АНДАС

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

04.05.2026
PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

04.05.2026
Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

04.05.2026
Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

04.05.2026
Конституция күні қазақстандықтар қалай демалады?

Мамыр айындағы демалыс күнтізбесі

04.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.