Талдықорған: +20°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН ЕКІ ЗАУЫТ БОЙ КӨТЕРЕДІ

09.04.2021
ЭКОНОМИКА
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН ЕКІ ЗАУЫТ БОЙ КӨТЕРЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында халықаралық корпорация жылу оқшаулау материалдарын шығаратын екі замануи зауыт салмақшы. Оған жұмсалатын инвестиция көлемі — 44 млрд.теңге шамасында. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың ресейлік «Технониколь» корпорациясының өкілдерімен кездесуі барысында белгілі болды. Тараптар осы кездесуде өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойысты.

Жаңа жоба жөнінде егжей-тегжейлі талқыланған басқосуда Амандық Баталов:

— Сіздердің компанияларыңызбен бірлесе жұмыс істейтінімізге қуаныштымыз. Елбасы мен Президент алдымызға инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу міндеттерін қойып отыр. Сондықтан, бірлескен жұмысты қуана қуаттаймыз. Біздің облыста тұрғын үй құрылысының көлемі жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Сол үшін бізге озық технологияны қолданатын заманауи өндіріс қажет. Қажет көмектердің барлығын көрсетуге дайынбыз, — деді А.Баталов.

Өз кезегінде «Технониколь» корпорациясының өкілі, «Минералды оқшаулау» стратегиялық бизнес-бірліктің жетекшісі Василий Ткачев Алматы облысында инвесторлармен жұмыс істеудің жақсы механизмі қалыптасқанын, ашықтық приципі орныққанын ризашылықпен айта келе, корпорация жұмысының тарихы мен ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтті.

В.Ткачевтің айтуынша, келесі жылы «Технониколь» корпорациясына 30 жыл толады. Оның 56 елде кәсіпорындары жұмыс істейді. Сол сияқты 18 елде 22 өкілдігі, 19 оқу және 6 ғылыми орталығы бар. Компания кәсіпорындарында 6 мың қызметкер еңбек етеді, өнімнің 3 мыңнан астам түрі шығарылып, 117 елге жіберіледі. Олар негізінен жылу және су оқшаулау материалдарын өндіреді. Жуырда Польшада жаңа зауыты іске қосылған. Осы аты әлемге танымал алып компанияның тағы 2 заманауи зауыты Алматы облысында бой көтермек. Екі кәсіпорын да Талғар ауданындағы «Қайрат» индустриалды аймағында орналастырылатын болады.

— Бірінші зауыт энергия үнемдейтін жылу оқшаулағыш материалдар, яғни, тас мақтадан жасалатын минералды оқшаулағыш өндіреді. Бұл экспортқа бағытталған өнім болмақ. «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктері арқылы өнімнің 20 пайызы Қытайға, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстанға экспортталады. Жылдық қуаты 1,5 млн.текше метр дайын өнім шығара алатын жаңа зауытта 180 жұмыс орны ашылады. Кәсіпорында қабырғаға, шатырға, еденге, қасбетке және ішкі керегелерге арналған жылу және дыбыс өткізбейтін құрылыс материалдары, сол сияқты сэндвич-панельдерге, техникалық оқшаулауға, өрттен қорғауға арналған материалдар, ауыл шаруашылығына арналған субстраттар шығарылады. Зауытты 2023 жылдың қыркүйегінде іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз, — деді Василий Ткачев.

Екінші зауыттың ерекшеліктері жайында «Полимерлік оқшаулау» стратегиялық бизнес-бірлігінің жетекшісі Алексей Касимов айтып берді.

— Бұл экструзиондық пенополистирол өндіретін, жылына 400 мың текше мерт экологиялық жылу өткізбейтін материал шығаратын қуаттылыққа ие кәсіпорын болады және бұл өнімдер қайта өңдеуге келеді. Оны шатырды, іргетасты, еденді жылылауға қолданады, түрлі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру кезінде пайдаланады. Жаңа кәсіпорында тағы 40 жұмыс орны пайда болады, — деді А.Касимов.

«Технониколь» компаниясы зауыттары жоғары деңгейде автоматтандырылуымен, барлық экологиялық талаптар мен ережелерді сақтауға айрықша назар аударуымен ерекшеленеді. Бұл ретте осы компания өндіретін сапалы өнімдер құрылыс технологиясын едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді. Тағы бір ерекшелігі – оқу орталықтарын ашуы, соның базасында заманауи материалдарды қолдануға кәсіпорын жұмысшылары да, мердігер мекеме өкілдері де, осы салаға қызығушылық танытқан өзгелер де үйрене алады. Алматы облысындағы жаңа зауыттарда да мұндай мүмкіндіктер жасалады.

Осы жаңа кәсіпорындардың арқасында өңір экономикасына 44 млрд.теңгедей инвестиция тартылып, 250-дей жаңа жұмыс орны ашылады. Мәселен, компанияның кез келген кәсіпорнынан дайын өнімді алып шығу үшін зауыт аумағына 20 мың жүк көлігі келеді, күніне 100 көлік тиеледі, осы арқылы жұмыс орындарының қатары бұдан да ары артуы мүмкін.

Жиын соңын ала Амандық Баталов жаңа екі зауытты іске қосу облыс экономикасына мультипликативті тиімділік беретінін атап өтті. Өңір басшысы бизнес және инвестиция саласына жетекшілік ететін орынбасары Серік Тұрдалиевке жобаны жүзеге асырудың әрбір сатысын, аяқ алысын көріп, бақылап отырғанға қолайлы болатындай жобаның Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

— Алматы облысында мемлекеттік қолдау мен жергілікті жерлерде қабылданған шаралардың нәтижесінде қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан. Осындай қажетті әрі маңызды жобалардың іске асырылуына біз жан-жақты қолдау көрсетеміз. «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында логистикалық орталық құруларыңызға болады. Сол сияқты Алматыдан ашқыларыңыз келген оқу орталығын қалада орналасқан облыстық колледждердің біреуінің базасында ашуды ұсынамын. Жаңа айтып өткенімдей, біз сіздерге қажетті қолдау көрсетеміз. Жобаны іске асыруды бірігіп ілгерілетуден бастап қажетті инфрақұрылыммен қамтуға дейінгі көмектер жасалады, — деді А.Баталов.

Осы айтылған ұсыныс-тілектер үш жақты ынтымақтастық туралы меморандуммен бекітілді. Алматы облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының Ресейдегі Сауда өкілдігі және «Технониколь» компаниясы жобаны іске асыруда өзара бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026
Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.