«Алтын орда» базары қызметінің төңірегінде жинақталған проблемаларды шешу мақсатында барлық бағыттар бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Базарда құрылыс, санитарлық және салықтық бақылау мәселелері реттеледі.
Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Аймақ басшысы өз сөзінде нарық қызметін жеңілдету және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Іле ауданында А+ класты автоматтандырылған логистикалық хаб салынбақшы.
«Логистикалық хабтың аумағы 200 мың шаршы метрді құрайды. Ол Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың біріне айналады. Ол үшін 200 млн.АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартамыз, шамамен 1 500 жаңа жұмыс орны құрылады», — деді Алматы облысының әкімі.
Айта кетейік, Қанат Бозымбаев «AIRBA FF» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, компанияның негізін қалаушы Эдуард Киммен өзара меморандумға қол қойған.





