Талдықорған: +21°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ТАПСЫРМА БЕРДІ

11.02.2022
ЭКОНОМИКА
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ТАПСЫРМА БЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселесі Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВТЫҢ аудан, қала әкімдерімен, ірі шаруашылық жетекшілерімен өткізген селекторлық кеңесте талқыланды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Коюмчан Омаров шаруашылықтардың тұқыммен, минералды тыңайтқыштармен, қаржылай қолдаумен қамтылуын баяндады. Сол сияқты суару жүйесінің, ауыл шаруашылығы техникаларының қазіргі жағдайына да тоқталды.

Жалпы биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары 973,6 мың гектар болмақ. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,4  мың гектарға ұлғаяды деген сөз. Минералды тыңайтқыштарға биыл жергілікті бюджеттен 2 млрд.теңгеден астам субсидия бөлінген, 43,7 мың тонна тыңайтқыш қолдану жоспарда. Дегенмен, тыңайтқыш бағасының екі есеге өсіп кеткені  шаруашылықтарға қиындық туғызуда. Жауын-шашынның, қардың аздығы биыл да диқандарға ауыртпашылық салмақ. «Қазгидрометтің» болжамында облыста ылғал жинақтау кезеңінде жауын-шашын орта есеппен 16-38%-ға азайған, ал облыс тауларында қар қоры орташа алғанда 24-47%-ға аз.

Облыстағы суару желілері мен гидротехникалық құрылыстардың тозуынан каналдардағы су шығыны да артып келеді. Бұл мәселені шешу үшін облыстың 16 ауданындағы 113,8 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру үшін суару желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге жергілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары Ақсу, Ескелді, Қарасай аудандарында және Талдықорған қаласында, қосымша Ислам даму банкінің қаражатымен 2 ауданда жүргізілуде.

Ирригациялық желілерді қалпына келтіру мен проблемаларына «Қазсушар» РМК Алматы филиалы директоры Саят Құдайбергенов тоқталды.

Облыс әкімі Қанат Бозымбаев су қорын үнемдеп тиімді пайдалану үшін аграрлық шаруашылықтар ылғал сақтау технологиясына көшуі тиіс екенін айтты. Жалпы облыста 20,7 мың гектардан астам жерге тамшылатып және жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылған, яғни, өңірде ресурстық технология қолдану деңгейі  4,7% ғана.

Жиында облыстағы ауыл шаруашылығы техникаларының жағдайы да сөз болды. Қазіргі кезде көктемгі дала жұмыстарына тартылатын 32,9 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен тіркеме агрегаттарының дайындығы – 94,1%.

— Облыста техникаларды жаңартуға бағытталған арнайы бағдарлама әзірлейміз. Бұл бізге аудан, қалалардағы МТС-тардың ахуалын айқын көрсетіп береді. Осы сараптау қорытындысына сәйкес аграрлық шаруашылықтардың мүмкіндіктеріне қарай техника сатып алудың несие, қарыз, лизинг сияқты қаржыландыру көздерін нақтылайтын боламыз. Сол сияқты облыстағы су шаруашылықтарымен айналысатын арнайы мекеме құрылады, олар өз міндетіне сай тиісті жұмыстарды атқаратын болады, – деді Қ.Бозымбаев.

Көктемгі дала жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржылай қолдаудың маңызы зор. Жиында сөз алған «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ директоры П.Княжевтың айтуынша, қаржы ұйымына 264 млн.теңгеге 29 өтініш келіп түскен, соның 165 млн. теңге болатын 19-ы мақұланды. Тағы 9 өтініш қарастырылу үстінде. 

Ақсу, Сарқан, Балқаш, Көксу, Панфилов аудандары мен Қапшағай қаласының әкімдері мен ірі шаруашылық жетекшілерінің пікірлерін тыңдаған облыс әкімі селекторлық кеңес қорытындысында егін егу науқанын оңтайлы агромерзімде уақытылы өткізуге бірқатар  тапсырмалар берді.

– Көктемгі дала жұмыстарына дайындық – барлық аудан, қала әкімдерінің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі. Бүгінгі айтылған суару жүйелерін қайта жаңғырту, су қоймаларын салу, су тарифін, минералды тыңайтқыштар мен жанар-жағар май бағасын реттеу, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту сияқты көптеген мәселелерді бір күнде шешу мүмкін емес. Бірақ нақты жоспар жасап, кезең-кезеңімен қаржыландыра отырып шешуге болады. Осы орайда егіс алқаптарында суды үнемдеу және ылғал сақтау технологияларын енгізу жұмыстарына ерекше мән беру керек. Кепілдендірілген дизель отынын жеткізудің бекітілген кестесіне сәйкес жанар-жағармайды уақытылы жеткізуді және машина-трактор паркін жаңарту мәселелерін бақылауға алуды тапсырамын. Көктемгі дала жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін несие беру жандандырылып, қаражаттың игерілуі қамтамасыз етілсін. Суармалы суды уақытылы беру үшін суару арналары мен су шаруашылығы құрылыстарын дайындау жөнінде шаралар қабылдансын. Бұл жұмыстар жоғары өнім алуға ықпал етеді деп санаймын, – деді Қ.Бозымбаев.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

05.05.2026
«Жетісу» жеңіспен аяқтады

Мяо Ивэн: Қазақстанға қайта келемін

05.05.2026
Ширек ғасыр толайым табыс

Ширек ғасыр толайым табыс

05.05.2026
Елімізде алдағы күндері 36 градусқа дейін ыстық болады

Елімізде алдағы күндері 36 градусқа дейін ыстық болады

05.05.2026
Талдықорғанның жылу жүйесін жаңартуға Үкімет резервінен 5,7 млрд теңге бөлінеді

Талдықорғанның жылу жүйесін жаңартуға Үкімет резервінен 5,7 млрд теңге бөлінеді

05.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.