Талдықорған: +13°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ПРЕЗИДЕНТТІҢ АЛДЫНДА ОБЛЫСТАҒЫ АХУАЛДЫ БАЯНДАДЫ

09.02.2022
ЭКОНОМИКА
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ПРЕЗИДЕНТТІҢ АЛДЫНДА ОБЛЫСТАҒЫ АХУАЛДЫ БАЯНДАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, еліміздің жеткен жетістігі мен атқарылар жұмыстардың барысымен танысты. Онлайн өткен жиында Премьер-Министр Әлихан СМАЙЫЛОВ, Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан ПІРМАТОВ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы Алмасадам СӘТҚАЛИЕВ, Маңғыстау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының әкімі атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы күндерге межеленген міндеттердің қажеттілігін атап өтті.

Үкімет басшысының айтуынша, еліміздің өркендеуі тұрақты болуы үшін барлық мүмкіндік қарастырылып, білім, денсаулық, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, жастар саясаты, экология, мемлекеттік қызмет, азаматтық қоғам, дінаралық және ұлтаралық қарым-қатынас, құқық қорғау сынды салалардың жұмысын тиімді жүргізудің жаңаша жолы мен экономикалық дамуды тұрақтандыруға қажетті тетіктер қарастырылуда. Олардың ішінде шағын және орта бизнес өкілдерінің кең қанат жаюына жағдай жасалуда. Сондай-ақ, автонесиелеу, баспанамен қамту, жұмыссыздықты жою сияқты бағыттардың жұмысы жаңаша сипат алады. Қоғамды алаңдатқан авто утилизация алымы қайта қаралып, толығымен мемлекеттің меншігіне өтті. Қытай – Қазақстан шегарасындағы «Қорғас» кеден бекетінде қалыптасқан өзекті мәселелер біртіндеп шешіліп келеді.

Баяндамасын бастан-аяқ мемлекеттік тілде жасап, қаржы саласындағы жаңашыл қадамдарды таныстырған Ғалымжан Пірматовтың сөзі көпшілікті қуантты. Себебі, Ұлттық банкті басқарған төрағалардың арасында ана тіліне жетік маман аз еді.

Өзге де әріптестерімен өңірлердегі ахуалды таныстырған Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев өткен жылы Жетісу жерінде экономиканың барлық саласында өсім болғанын, өнеркәсіп өндірісі 11,8 пайызға (1478,8 млрд.теңге), сауда көлемі 22,2 пайызға (1370,4 млрд.теңге) артқанын, ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі бір триллионнан асқанын жеткізді. Аймақ басшысының айтуынша, 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй қолданысқа беріліп, облыс экономикасына 728 млрд.теңге инвестиция тартылған.

– Биыл да экономикалық өсімнің тұрақты динамикасы сақталады. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес облыс орталығында қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Мемлекеттік органдардың төрт нысаны жөнделді. Облыс әкімдігі, полиция басқармасы және «Нұр Отан» партиясы ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деген Қанат Алдабергенұлы «Қаралы қаңтар» оқиғасынан зардап шеккендерге көрсетілген көмекті бір саралап өтті. – Қаза тапқан 8 күштік құрылым қызметкерлері отбасыларына 5 млн.теңгеден өтемақы төленді. Екінші деңгейлі банктер тарапынан қаза тапқандар мен олардың туыстарының кредиттері кешірілді, мұқтаж төрт отбасыға тұрғын үй сатып алынуда. Зардап шеккен 135 полиция қызметкері мен әскери қызметшілерге 2 млн. теңгеге дейін төленуде.

Шағын және орта бизнестің 147 субъектісіне жалпы сомасы шамамен 4 млрд.теңгеге келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыс басталды. Орын алған оқиғалардан кейін біз тұрғындардың белгілі бір топтарының наразы көңіл-күйінің себептерін талдадық. Негізгі мәселе біздің ойымызша халық табысының төмен деңгейі болып табылады. Облыста 53 мың жастың арнайы-орта немесе жоғары білімі жоқ, оның 21 мыңы жұмыссыз және оқымайды.

Облыстың әлеуметтік сала көрсеткіштері халықтың кедейленуі мен нақты табыстарының стагнациясын көрсетеді. Осылайша, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін халықтың үлесі 2015 жылғы 2,3 пайыздан 2020 жылы 4 пайызға дейін өсті. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық саны 10 пайызға  248-ден 272 мың адамға дейін артты. Тағы бір өзекті мәселе – азық-түлік бағасының үнемі өсуі дер едім. Қазір бағаны күнделікті бақылау үшін облыс орталығында және барлық аудандарда мониторинг топтары құрылды.

Облыс бюджетінен 5,7 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде тұрақтандыру қорына тауарлар сатып алуға 1,1 млрд.теңге және жеңілдікпен кредиттеуге 4,6 млрд.теңге, оның 80 пайызы тауар өндірушілерді кредиттеуге бағытталды. Олармен 5800 тонна өнім жеткізуге келісімшарт жасалды, тұрақтандыру қорында 1320 тонна көлемінде азық-түлік тауары бар. Жуық арада қосымша тағы 2 млрд.теңге бөлінетін болады.

Әкімнің айтуынша, облысқа инвестиция әкелу, аудандарды біркелкі дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету сынды бағыттарда көптеген жұмыс атқарылуда. Құс етін өндіретін «Прима құс», «Кәусар-Агро», «OTAN Green Food» фабрикаларын кеңейту жоспарлануда. Бұл 1100 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Бұғыты кен орнында вольфрам рудасын өндіретін «Жетісу Вольфрамы» компаниясы 400 адамды жұмыспен қамтыса, тау-кен байыту комбинатын салып жатқан «Көксай Мұзбел» компаниясында 1200 жұмыс орны ашылады. Одан бөлек, үшауысымды оқытуды жою, суармалы жердің көлемін арттыру, таза ауызсумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту, елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету, 214 мың адам мекен еткен саяжайларға инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылым салу сынды аса өзекті бес мәселені жүзеге асырудың жоспарын дайындап отырғанын жеткізген облыс әкімі қолдау қажеттігін де атап өтті.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

04.05.2026
PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

04.05.2026
Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

04.05.2026
Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

04.05.2026
Конституция күні қазақстандықтар қалай демалады?

Мамыр айындағы демалыс күнтізбесі

04.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.