Еліміздің Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 3-ші бабына сәйкес маңызды хабарлама жариялады.
Атап айтқанда, қаржы мониторингі субъектілеріне (бұдан әрі-ҚМС): бірінші – заң консультанттары және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар (КЖ/ТҚҚ туралы Заңмен белгіленген жағдайларда); екінші – бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер; үшінші – лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар; төртінші – бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар; бесінші – жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жататынын хабарлайды.
Жоғарыда көрсетілген ҚМС (бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлерді қоспағанда) уәкілетті органға «Қаржы» санатындағы порталы (үстінен басыңыз) арқылы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті. Сондай-ақ, ҚМС үшін КЖ/ТҚҚ саласындағы заңнама талаптары бар ақпаратпен танысу үшін қаржы мониторингі субъектілері www.web-sfm.kfm.kz сайтындағы «ҚМС кабинетінде» тіркеуден өтуі қажет. Кабинетті пайдалануды басқару сілтемесі (үстінен басыңыз) арқылы жүзеге асырылады.
КЖ/ТҚҚ туралы Заңның талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілік ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 463 және 214 баптарында көзделген.
Толық мәлімет алуш үшін анықтама телефоны: 8(7172)74-97-52 (Нұр-Сұлтан).
Мәулен ӘНЕРБАЙ





