Талдықорған: +11°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

БАЛҚАШ АУДАНЫНДА ІРІ ҚАРА САНЫ 100 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ. ЖЕМШӨП ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?

04.02.2022
ЭКОНОМИКА
БАЛҚАШ АУДАНЫНДА ІРІ ҚАРА САНЫ 100 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ. ЖЕМШӨП ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
WhatsAppTelegramFacebook

Балқаш өңірінде 1111 шаруа қожалығы бар. Аудан бойынша 130 бас түйе, 27 793 бас жылқы, 97 710 бас ірі қара және 97 585 қой-ешкі, сонымен бірге әртүрлі құс өсіріледі. Қысқы мал азығын дайындау мақсатында өңірде 178 мың тонна шөп, 20 мың тонна жем, 53 мың тонна пішендеме дайындалған.

Өңірдегі мал баққан ағайынның қыс мезгілін қалай өткізіп жатқанын көру үшін аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Нұралы Шүленбаевпен Бірлік ауылдық округіне қарасты «Бақнұр» шаруа қожалығына арнайы бардық. Біз ат басын бұрған шаруашылықта 50 бас жылқы, 590 бас ірі қара болса, оның 400 басы аналық, 20 бас Қазақтың Ақбас тұқымды бұқасы, қалғаны тана-торпақ, бұқашалар екен.

Шаруашылық басшысы Айдар Аймақовтың айтуынша, 2003 жылы мемлекеттік жер қорынан келісімшарт арқылы 2 мың гектар жер алып, мал өсірумен айналыса бастаған. Кейінгі жылдары мал басы көбейіп, Бақанас орман шаруашылығынан 7 500 гектар және Қаратал орман шаруашылығынан 2 100 гектар жер алып  шаруашылықтың керегесін кеңейтіпті. Бүгінгі таңда ірі қараларды жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөліп, әрқайсына жеке қыстау салыпты, қора-жайлары да талапқа сай жасалған.

Қысқы мал азығы биылға жеткілікті, малы қоңды, көңілі жайлы десек болады. Өйткені, жаз мезгілінде 2 мың орама шөп жинаса, оның 600 орамасы күріш сабаны, 500 орамасы жоңышқа аралас бидай сабаны, қалғаны екінші орылым жоңышқа. Мұның сыртында 10 тонна әртүрлі жем түсірілген.

Қыстауда малшыға арналған үш бөлмелі үйге жарығы күн сәулесінен қуат алатын құрылғы орнатылған. Шаруашылықтағы ірі қараның өсіп-өнуіне сүбелі үлес қосып жүрген Аманжол Қомытов пен зайыбы Алтынхан Сейсекеқызының осы қыстауда тұрып жатқанына 7 жыл болыпты. Ерінбей еңбек етудің арқасында азды-көпті несібелерін тауып, екі ұл, екі қыз тәрбиелеп, тапқан табысын қанағат етіп  отырған отбасы.

Жалпы, «Бақнұр» шаруа қожалығында еңбек етіп жүрген малшылардың жағдайы жаман емес. Оларға ай сайын тұрақты түрде жалақы төленсе, одан бөлек мал төлдету науқанында әр 100 бұзаудан 5 бас бұзау беріледі. Малшыларға басқа да көмектер көрсетіліп, жағдай жасалған. 

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ

Балқаш ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

04.05.2026
PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

04.05.2026
Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

04.05.2026
Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

04.05.2026
Конституция күні қазақстандықтар қалай демалады?

Мамыр айындағы демалыс күнтізбесі

04.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.